"Шекаралық аймаққа келуге және онда тұруға Рұқсаттама мен рұқсат беру тәртібі туралы Нұсқауды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1994 жылғы 4 сәуірдегі N 92 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 18 шілдедегі N 438 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3824. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 281 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 24.04.2013 № 281 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жағдай жасайтын нормаларды болдырмау мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шекаралық аймаққа келуге және онда тұруға Рұқсаттама мен рұқсат беру тәртібі туралы Нұсқауды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1994 жылғы 4 сәуірдегі N 92  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 97 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақтағы "Облыстық ішкі істер басқармаларының, Алматы қалалық ішкі істер Бас басқармасының және Ленинск қалалық ішкі істер басқармасының" деген сөздер "Облыстардың, Астана, Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      аталған қаулымен бекітілген Шекаралық аймаққа келуге және онда тұруға Рұқсаттама мен рұқсат беру тәртібі туралы Нұсқауда:

      барлық мәтін бойынша:
      "Министрлер Кабинеті", "Министрлер Кабинетінің" деген сөздер "Үкіметі", "Үкіметінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ІІБ" деген аббревиатура "ІІД" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      27-тармақтың екінші абзацындағы "ІІБ ақпарат орталықтарының және ҰҚКБ, ҰҚКБ 10 бөлімінің /бөлімшесі, тобы/" деген сөздер "ұлттық қауіпсіздік органдары аумақтық бөлімшелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30-тармақта:
      бірінші абзацтағы "мекен-жай бюросының және ІІМ," және "ақпарат орталықтарының" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші абзац алынып тасталсын;

      31-тармақтың екінші абзацындағы "ауызша" және ", бірақ бас тарту себебі айтылмайды" деген сөздер алынып тасталсын;

      33-тармақтағы "ІІМ, ІІБ паспорт және виза жұмыстары бөлімдері бастықтары немесе олардың орынбасарлары, ал ішкі істер органдарында /жеке куәліктерге/ қол қою құқы берілген адамдар" деген сөздер "ІІД, ҚАІІб(Б) көші-қон полициясы бөлімшелерінің бастықтары" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті (М.Қ.Пістаев) бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің міндетін атқарушы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ұлттық
      қауіпсіздік комитетінің төрағасы
      генерал-лейтенант

      2005 жылғы 18 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады