Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2005 жылғы 26 қазандағы N 361 бұйрығымен .
---------------Бұйрықтан үзінді-------------
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 5 наурыздағы N 210 қаулысымен бекiтiлген Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпанда Жолдауын iске асыру жөнiндегi Жалпы ұлттық iс-шаралар жоспарын орындаудың Желiлiк кестесiнiң 58-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар: ...
2) Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 1995 жылғы 31 қазанда тiркелген "Көлiк құралдарымен, ауыл шаруашылығы техникасымен және оларға қосалқы бөлшектермен комиссиялық сауданың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң 1994 жылғы 2 қазандағы N 121 бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Индустрия және сауда министрі
----------------------------------------------
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Тұтынушылардың құқықтарына шек қою және сауда Ережесінің бұзылуы үшін жауапкершілікті күшейту туралы" 1993 жылғы 25 ақпандағы N 152
P930152_
қаулысына сәйкес бұйырамын:
1. Көліктік құралдарды, ауыл шаруашылық техникасы мен олардың қосалқы бөлшектерін делдалдық саудада сату Ережесі бекітілсін.
2. Жергілікті жерлердегі сауданы басқару органдары осы көрсетілген Ережені басшылыққа алып орындайтын болсын, сондай-ақ оны тиісті орындар мен кәсіпорындарға жеткізіп, орындалуын қамтамасыз ететін болсын.
3. Қазақ ССР Сауда министрлігінің 1991 жылғы 10 маусымдағы N 5-84 "Көліктік құралдарды, ауыл шаруашылық техникасы мен олардың қосалқы бөлшектерін делдалдық саудада сату Ережесін бекіту туралы" бұйрығының күші жойылған деп есептелсін.
Министр
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігімен Өнеркәсіп және сауда
келісілген министрлігінің
Министрдің орынбасары 1995 жылғы 2.10
/IХ 95 ж. N 195 бұйрығымен
бекітілген
Көліктік құралдары, ауыл шаруашылығы
техникасы мен олардың қосалқы бөлшектерін
делдалдық саудада сату
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1.1. Көліктік құралдарды, ауыл шаруашылығы техникасы мен олардың қосалқы бөлшектерін делдалдық саудада сату меншік нысандарына қарамастан қолданылып жүрген заңдарға сәйкес осындай қызметпен айналысуға рұқсаты бар мамандандырылған мемлекеттік, кооперативтік және басқа сауда кәсіпорындарымен (бірлестіктерімен) сондай-ақ кәсіпкер азаматтармен жүзеге асырылады. <*>
Көліктік құралдармен техниканы сататын делдалдық дүкендер мемлекеттік сауда инспекциясы мен мемлекеттік ауылшаруашылық техникалық бақылау органдарын хабардар ету мен жергілікті әкімшіліктердің шешімі бойынша ұйымдастырылады.
Ескерту. Бұдан былай "дүкендер".
2. Комиссияға қабылдау
2.1. Комиссияға жаңа және қолдануда болған, техникалық дұрыс және бұзылған, шетелдік және өз еліміздің жеңіл автомобильдері, түрлі түсті графикалық бояусыз, жазусыз және айырым белгісі мен жылтыл маякшалары жоқ, қолдан құрастырып жасалған көліктік жабдықтар, жүк автомобильдері (барлық түрлері) және олардың тіркемелері, автобустар, автофургондар, тракторлар, ауыл шаруашылық мәшинелері, олардың тіркемелері мен қалқа құралдары, мотоциклдер, соның ішінде арбалы мотоциклдер, мотороллерлер, мотоарбалар, су көлік жабдықтары, сонымен бірге олардың қосымша бөлшектері қабылданады.
Ескерту. Бұдан былай "көліктік жабдықтар және техника".
2.2. Комиссияға қабылданбайды:
Мемлекеттік автоинспекцияның, мемлекеттік ауылшаруашылық техникалық бақылау органдарының есебіндегі немесе оларды тіркеуді және сатылуына байланысты тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын ведомостволық кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің есебіндегі көліктік жабдықтар, сонымен бірге қосалқы бөлшектер мен агрегаттардан құрастырғандар немесе бракқа шығарылғандардың санынан қайта қалпына келтірілгендер.
2.3. Комиссияға көліктік жабдықтар, техника (өндіріс құралдары) және олардың қосалқы бөлшектері төмендегі тәртіппен қабылданады:
осы құралдар жеке меншігіне жататын Қазақстан Республикасы азаматтарынан немесе олардың белгілі тәртіппен тіркелген, сатуға берілген сенім хаты бойынша - төлқұжаты немесе оның орнына жүретін басқа құжаты көрсетілгенде;
шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан Ұлттық төлқұжаты немесе Қазақстан Республикасында тұруға мүмкіндік беретін - тиісті құжаты көрсетілгенде, ал шетелден әкелінген көлік болса - сонымен бірге кеден органдарының рұқсат қағазы көрсетілуге тиіс;
заңды ұйымдардан (кәсіпорындардан, ұйымдардан, мекемелерден, біріккен кәсіпорындардан, концерндерден, ассоциациялардан, фирмалардан, кооперативтерден, бағбандық серіктестіктерден және басқалардан) белгілі тәртіппен куәландырылған өкілетті адамына берілген сенім хаты және оның төлқұжаты немесе оның орнына жүретін басқа бір құжаты көрсетілгенде;
Қаржы органдарынан тәркіленген және иесіз мүліктерді соттардың үкімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын немесе басқа өкілетті органдардың шешімдерін көрсетуімен. Мұра бойынша мемлекеттік өткізілсе, нотариалдық кеңсенің мемлекеттік мұрагерлік құқы көрсетілген куәлігі немесе сот органдарының шешімдері көрсетілгенде.
Белгіленген тәртіпте тіркелген көлік жабдықтары мен өндіріс құралдарын комиссияға қабылдау техникалық паспортын немесе тіркеу куәлігін я көлік жабдықтарының техникалық талонын (тіркемелер мен жартылай тіркемелерге), сонымен бірге кіріске енгізуге жататын "Транзит" номерлі белгілерін көрсетуімен жүзеге асырылады. Қаржы және басқа мемлекеттік органдардан қабылданған көліктік жабдықтар мен өндіріс құралдарының бұл құжаттары жоқ болса, сатып алушыға берілетін дүкен директорының қолымен және мөрімен куәландырылған анықтама - есебінде "Техникалық паспортсыз (тіркеу куәлігінсіз, техникалық талонсыз) қабылданып сатылды" деген тиісті белгі қойылады.
2.4. Нөмірлі агрегаттарды (двигательді, кузовты, раманы, шассиді) комиссияға қабылдау мемлекеттік автоинспекцияның анықтамасын немесе дүкеннің анықтама-есебін я комитенттің меншіктік құқын дәлелдейтін басқа бір құжаттарды көрсетуімен жүзеге асырылады.
2.5. Комиссияға қабылдау кезінде дүкенде комитенттің қатысуымен көліктік жабдықтар мен өндіріс құралдарының техникалық жай-күйі мен құрамы тексеріледі.
Тексеруді білікті мамандардан құралған және дүкен директоры бекітетін арнаулы комиссия жүргізеді.
Комитенттің өтініші бойынша көліктік жабдықтар мен өндіріс құралдарының техникалық жай-күйін тексеру және оларды бағалау қосымша ақыға олардың тұрған жерінде жүргізілуі мүмкін.
2.6. Комиссияға көліктік жабдықтарды, өндіріс құралдары мен нөмірлі агрегаттарды (тораптарды) дүкен үш дана акт-төлем (N 1 қосымша) қағазымен қабылдайды, ал қосымша бөлшектер комиссия мүшелері, дүкеннің өкілі және комитент (я оның сенімді адамы) қол қойған комиссиялық келісіммен (N 2 қосымша) қабылданады.
Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, дүкенге қабылданған көліктік жабдықтардың, өндіріс құралдарының және олардың қосалқы бөлшектерінің акт- төлем қағазындағы сипаттамасына сай келуіне, сонымен бірге олардың сақталуын және сақталуына керекті жағдай жасау жауапкершіліктері жүктеледі.
2.7. Комиссияға көліктік жабдықтарды, өндіріс құралдарын және олардың қосалқы бөлшектерін қабылдау кезінде дүкен комитенттің тапсырған құжаттарын мұқият тексеріп, олардың техникалық паспорты көрсеткіштерінің тораптар мен агрегаттардың нақты нөмірлеріне сәйкес келуін тексеруге міндетті. Құжаттардың жалғандығы немесе тораптар мен агрегаттардың сәйкес еместігі анықталған жағдайда бұл туралы дүкен міндетті түрде жергілікті ішкі-істер бөліміне хабарлауға міндетті.
2.8. Дүкен қабылданған көліктік жабдықтарға, өндіріс құралдары мен олардың қосалқы бөлшектеріне белгіленген түрдегі, комитент пен дүкеннің өкілі қол қойған жазба қағаз бекітеді.
2.9. Дүкен көліктік жабдықтарды, өндіріс құралдарын және нөмірлі тораптарды (агрегаттарды) комиссияға қабылдау және сату жөнінде есеп журналын жүргізеді (N 3 қосымша). Журналдың сақталу мерзімі - 5 жыл.
2.10. Мемлекеттік автоинспекция немесе Мемлекеттік ауылшаруашылық техникалық бақылау органдарынан және тіркеу мен есептен шығаруды жүзеге асыратын ведомостволық кәсіпорындардан, ұйымдардан, мекемелерден есептен шығарылған көліктік жабдықтардың және өндіріс құралдарының ақырғы қабылдану мерзімі - 2 ай.
2.11. Комитенттердің дүкенге көліктік жабдықтарды, өндіріс құралдары мен олардың қосалқы бөлшектерін жеткізуі комитенттің өз есебінен төленеді.
2.12. Дүкен комитенттерге көліктік жабдықтарды және өндіріс құралдарын жеткізу жөнінде белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтер бойынша қызмет көрсете алады.
3. Көліктік жабдықтарды, өндіріс құралдарын
және олардың қосалқы бөлшектерін бағалау
және қайта бағалау
3.1. Көліктік жабдықтардың, өндіріс құралдары мен қосалқы бөлшектерінің бағасын комитент белгілейді.
Дүкен көліктік жабдықтардың, өндіріс құралдары мен олардың қосалқы бөлшектерінің (тәркіленген, иесіз және басқалардың) эксперттік бағасын кесуді жүзеге асырады.
3.2. Егер 15 жұмыс күні ішінде көліктік жабдықтар, өндіріс құралдары мен нөмірлі агрегаттар (тораптар) сатылмаса, дүкен оларды шақырылған комитентпен немесе оның сенімді адамымен бірлесе отырып қайта бағалайды. Көрсетілген тауарлар бірінші төмендетілген бағасымен келесі 15 жұмыс күнінде де өтпесе, дүкен комитенттің келісімімен екінші қайта бағалау жүргізеді. Үшінші қайта бағалауды дүкен комитенттің (оның сенімді адамының) келісімімен келесі 15 күн өткеннен соң жүргізеді.
Егер көліктік жабдықтар, өндіріс құралдары мен нөмірлі агрегаттар (тораптар) үшінші рет бағасы төмендегеннен кейін 15 жұмыс күні ішінде сатылмаса, комиссия оларды өтетін бағасына дейін қайта бағалайды немесе комитент келіспеген жағдайда, сатудан алып комитентке қайтарады.
Көліктік жабдықтарды, өндіріс құралдары мен нөмірлі агрегаттарды (тораптарды) қайта бағалауға шақырылған комитент (сенімді адам) дәлелсіз себептермен келмесе, дүкен бұйымдарды сатудан түсіріп, комитенттен сақталғаны үшін осы Ережемен белгіленген мөлшерде ақы өндіреді.
3.3. Көліктік жабдықтар мен өндіріс құралдарының қосалқы бөлшектері 20 жұмыс күнінде сатылмаса, дүкеннің оларды 20 процентке қайта бағалауға құқы бар. Келесі 20 жұмыс күні өткеннен соң дүкен оларды 30 процентке қайта бағалауына болады, келесі 20 жұмыс күнінде де өтпеген қосалқы бөлшектерді дүкен өтетін бағасына дейін қайта бағалауына болады.
Көліктік жабдықтар мен өндіріс құралдарының қосалқы бөлшектерінің барлық қайта бағалануы комитенттің қатысуынсыз жүзеге асырылады, бұған оның келісімі комиссиялық келісімдегі қойылған қолымен дәлелденеді.
3.4. Комиссияға тапсырылған көліктік жабдықтардың, өндіріс құралдары мен олардың қосалқы бөлшектерінің бағасын комитенттің өз бетімен кез келген уақытта төмендетуіне құқығы бар, бұндай қайта бағалаулар акт-төлем қағазында немесе комиссиялық келісімде көрсетілуге тиіс.
Келесі қайта бағалау мерзімі кезекті қайта бағалау өткен күннен бастап есептеледі.
3.5. Комиссияға тапсырылған көліктік жабдықтарды, өндіріс құралдары мен олардың қосалқы бөлшектерін комитент қалаған уақытында қайтарып алуына болады. Бұл үшін ол акт-төлем қағазын немесе комиссиялық келісімді, төлқұжатын я оның орнына жүретін басқа бір құжатын көрсетіп, дүкен директорының атына өтініш беруге тиісті.
3.6. Көліктік жабдықтарды, өндіріс құралдары мен олардың қосымша бөлшектерін қайтарып бергенде комитенттен олардың сақталғаны үшін бірінші айға бастапқы бағасының 0,5 процент мөлшерінде, ал келесі толық және толық емес айға оның 2 процент мөлшерінде ақы өндіріледі. Мұндай ақының көлемі бастапқы бағасының 5 процентінен аспауға тиісті.
3.7. Көліктік жабдықтарды, өндіріс құралдары мен олардың қосалқы бөлшектерін бағалауды дүкен комиссияға қайта қабылдаусыз (сыйға берілген, мұрагерлік, мүліктерді бөлу және т.б. жағдайларда) белгіленген тарифтер бойынша ақымен жүргізуіне болады.
4. Көліктік жабдықтарды, өндіріс құралдары
мен олардың қосалқы бөлшектерін сату
4.1. Комиссияға қабылданған көліктік жабдықтар, өндіріс құралдары мен олардың қосалқы бөлшектері қабылданған күннің ертеңінен қалдырмай сатылуға өткізіледі.
4.2. Көліктік жабдықтар мен өндіріс құралдары 18-жасқа толған өз еліміздің азаматтарына, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға, ал мотоцикл және мотороллерлер сатылғанда - 16 жасқа толғандарға, сонымен бірге заңға сәйкес меншік нысанына қарамастан заңды тұлға болып саналатын мемлекеттік, кооперативтік және басқа кәсіпорындарға (бірлестіктерге) мекемелер мен ұйымдарға сатылады.
4.3. Көліктік жабдықтар мен өндіріс құралдары олардың иелерінің қалауы бойынша иесіздендіре де, сол сияқты нақты сатып алушыға да сатылуы мүмкін.
4.4. Көліктік жабдықтар (су көлігінен басқа) мен өндіріс құралдары сатылғанда дүкен сатып алушыға оларды тексеріп көру үшін жанар-жағар материалдарды бөлек төленген ақыға беруімен жағдай жасауға міндетті.
4.5. Көліктік жабдықтар мен өндіріс құралдары сатылған кезде дүкен сатып алушыға бірыңғай үлгідегі анықтама-есепті, Мемлекеттік автоинспекциядан алынған "Транзит" деген нөмір белгісін, сонымен бірге техникалық паспортын немесе тіркеу куәлігін, я болмаса сатылған уақыты белгіленген, дүкен директорының қолымен және мөрмен куәландырылған, "Ерекше белгілер" деген бөлімінде "Анықтама-есеп бойынша сатылды (сериясы, нөмірі)" деген белгісі бар көліктік жабдықтардың техникалық талонын береді.
"Транзит" нөмір белгісін берерде дүкен анықтама-есеп пен көліктік жабдықтарды, өндіріс құралдары мен нөмірлі агрегаттарды (тораптарды) комиссияға қабылдау және оларды сату журналына тиісті жазуларды жазып қояды.
4.6. Нөмірлі агрегаттар (тораптар) сатылғанда дүкен сатып алушыға бірыңғай үлгідегі анықтама-есепті, ал басқа бөлшектер, тораптар мен қосалқы бөлшектер сатылғанда - тауар чегін береді.
4.7. Сатып алушы сатып алынған көліктік жабдықтар, өндіріс құралдары мен қосалқы бөлшектер үшін ақшаны дүкеннің кассасына қолма-қол төлеу немесе ақшаны банкіден аудару арқылы есептеседі.
4.8. Делдалдық саудада сатып алынған көліктік жабдықтар, өндіріс құралдары мен қосалқы бөлшектер сатып алушыдан қайта қабылданбайды және алмастыруға жатпайды.
4.9. Көліктік жабдықтардың, өндіріс құралдары мен қосалқы бөлшектердің сатылғаны үшін комитенттен оның мүдделілігі мен қалыптасып келе жатқан рынок конъюнктурасын ескере отырып жергілікті жерлердегі сауда кәсіпорындары белгілейтін мөлшерде сыйақы өндіріледі.
4.10. Комитентке сатылған көліктік жабдықтардың, өндіріс құралдары мен қосалқы бөлшектердің ақшасы дүкен берген акт-төлем қағазын, комитенттің (оның сенімді адамының) төлқұжатын немесе оның орнына жүретін басқа бір құжатын, я болмаса Қазақстан Республикасында тұруға мүмкіндік беретін құжатын көрсетуімен немесе белгілі тәртіп бойынша куәландырылған, міндетті түрде төлқұжаттың немесе Қазақстан Республикасында тұруға мүмкіндік беретін құжаттың нөмірі жазылған комитенттің сенім хаты бойынша сатылған күннен бастап есептелгенде үшінші күні төленеді.
Комитенттің қалауы бойынша төленетін ақша банк мекемелеріндегі оның есеп шотына аударылуы мүмкін.
4.11. Дүкен заңды тұлға болып есептелетін комитентке тиесілі ақшаны оның есеп айырысу шотына аударады.
4.12. Өзіне тиесілі ақшаға комитент (я оның сенімді адамы) уақытында келмей қалса, онда ол ақшаны дүкен үш жыл бойы өзінің балансында есептейді, сонан соң бюджетке аударады.
4.13. Сатып алынған көліктік жабдықтардың, өндіріс құралдарының, нөмірлі агрегаттардың (тораптардың) анықтама-есебін жоғалтып алған жағдайда сатып алушының жеке төлқұжатын немесе оның орнына жүретін басқа бір құжатын көрсетуімен бухгалтерлік есептің негізінде "Қайталама" деген жазу жазылған және бұрын берілген анықтама-есептің сериясы, нөмірі мен берілген күні көрсетілген жаңа анықтама-есеп беріледі. Бұл жаңа анықтама-есепті директор және бас (аға) бухгалтер куәландырады. Көліктік жабдықтарды, өндіріс құралдарын, нөмірлі агрегаттар мен тораптарды комиссияға қабылдау және сату есебін жүргізетін журналға қайталама анықтама-есептің сериясы мен нөмірі жазылады.
Ескерту: анықтама-есеп жоғалған, ұрланған жағдайда
дүкен бұл жайында кідіріссіз облыстық
(республикалық) ішкі істер органына
хабарлауға тиісті.
4.14. Делдалдық сауда дүкенінде ыңғайлы көрнекті жерде комиссияға тапсырылған көліктік жабдықтар, өндіріс құралдары мен олардың қосалқы бөлшектері көрсетіліп қойылады, осы Ережеден үзінді ілінеді, сонымен бірге оларды Мемлекеттік автоинспекцияда және Мемлекеттік ауылшаруашылық бақылау органдарында тіркеу және есепке алу Ережесінен де үзінді ілінеді.
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және сауда
министрлігінің
1995 жылғы 2 қазан N 195
бұйрығына
N 1 қосымша
Акт-төлем қағазы N _____
Сауда кәсіпорны_____________________________________________________
(аты, бағыныстылығы)
Мекен-жайы _________________________________ телефоны_______________
"___"________________________ 199 ж.
Комиссияның құрамы__________________________________________________
Комиссияға _____________________________________________ қабылданды.
(комитент, оның мекен-жайы)
Сенім хат бойынша___________________________________________________
(сенім берілген адамның аты-жөні, мекен-жайы)
____________________________________________________________________
Төлқұжат немесе оның орнына жүретін басқа документ ____________________________________________________________________
(сериясы, нөмірі, кіммен және қашан берілді) ____________________________________________________________________
(көліктік жабдықтың, өндіріс құралының маркасы, үлгісі)
двигательдің N ____________, шассидің N ___________, кузовтың N ____
Шығарылу мерзімі ___________________________
Техникалық паспорты: сериясы________________________________________
Жүргені__________________________________________________________ км
(спидометрдің көрсетуі бойынша)
Сыртқы көрінісі, ақаулары, құрамы___________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Кузовы ______________________________________________ Түсі _________
Двигателі ______________________________________ Трансмиссия _______
Резеңкесі _______________________________ Жалпы ____________________
(жарамдылық проценті) тозуы (процент)
Комиссия мүшелері _______________
(қолы)
_______________
(қолы)
_______________
(қолы)
Сатылу бағасы_______________________________________________________
(Жазумен жазылған сомасы)
Тапсырды____________________________________________________________ (Комитенттің немесе сенім берілген адамның қолы)
Қабылдады___________________________________________________________ (дүкен өкілінің қолы)
Акт-төлем қағазымен таныстым. Двигательдің, шасси мен кузовтың
дайындаушы зауыт жасаған нөмірлері менің қатысуыммен тексерілді және
техникалық паспорттың мәліметтеріне сай келеді.
____________________________________________________________________ (сатып алушының қолы, мерзімі)
Комиссияға қабылданған күннен бастап 15 жұмыс күні өткеннен кейін
______________________________________ қайта бағалау өткізілді.
Мерзімі ______________________________
Сатылу бағасы ______________________________________________________
(жазумен жазылған сомасы)
Дүкеннің директоры____________________________________
(қолы)
Қабылдаушы _____________________________________
(қолы)
Комитент _____________________________________
(сенімді адамы) (қолы)
Қабылдаған күннен бастап 45 күн өткеннен кейін______________________
қайта бағалау өткізілді.
Мерзімі ______________________________
Сатылу бағасы_______________________________________________________
(жазумен жазылған сомасы)
Сақталғаны үшін төленетін ақы_______________________________________
(қайтарып алғанда)
Делдалдық сыйақы____________________________________________________
(жазумен жазылған сомасы)
Комитентке берілетін сома___________________________________________
(жазумен жазылған сомасы)
Дүкеннің директоры ________________________ Қабылдаушы______________
(қолы) (қолы)
Комитент (сенімді адамы)___________________________________________
(қолы)
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және сауда
министрлігінің
1995 жылғы 2 қазан N 195
бұйрығына
N 2 қосымша
Сауда кәсіпорны ____________________________________________________
(аты, бағыныстылығы)
Комиссиялық келісім N _____
Комиссияға ____________________________________________ қабылданды.
(комитенттің аты-жөні, мекен-жайы)
Кәсіпорынның (ұйымның) _________________________________ қаласындағы
Жинақ банкінің ______________________________________ бөлімшесіндегі
есеп айырысу шотының N ______________________________
Сенім хат N _______________ берілді_________________________________
Патент (тіркеу куәлігі) N___________________________________________
(жылы, айы, күні)
Паспорт немесе оның орнына жүретін құжат____________________________
____________________________________________________________________ (сериясы, нөмірі, кім және қашан берген)
Делдалдық саудада сату үшін комиссияға мына бұйымдар қабылданды:
____________________________________________________________________
| Рет | Бұйымның аты және | Өлшем | Саны | Бір бұйымның| Сомасы
| саны | техникалық жай - | бірлігі| | бағасы |
| күйі | | | |
|______|___________________|________|______|_____________|__________
| | | | | |
| 1. | | | | |
| 2. | | | | |
| 3. | | | | |
|----- | | | | |
|----- | | | | |
| | | | | | |Барлығы | | | | |___________________________________________________________________
(сомасы жазумен)
Комиссиялық сыйақының мөлшері _____________________________ процент
____________________________________________________________________
| | АКТ |Комиссиялық келі. |Қайта бағалаудың|Қайта
| Рет саны |__________|сіммен белгіленген| мөлшері |бағалау.
| |Мерзім| N | бағасы | |дан
| | | | | |кейінгі
| | | | | |бағасы
|__________|______|___|__________________|________________|_________
| | | | | |
| 1. | | | | |
| 2. | | | | |
| 3. | | | | |
| --- | | | | |
| | | | | | |__________|______|___|__________________|________________|_________
Тиесілі ақшаны төлеу шарттары
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Қосымша шарттар___________________________________________________
__________________________________________________________________
Комитент _________________________ Директор__________________
(қолы) (тауартанушы) (қолы)
Қайтарылған бұйымның сақталғаны үшін комитенттен_______________сом
_______________________ тиын алынсын.
Директор __________________________ Комитент __________________
(қолы) (қолы)
Кіріс ордері N ____________ сомасы ________________________________
(жазумен жазылған)
Кассир ______________________
(қолы)
Комиссияға тапсырған бұйымды қайтарып алдым____________________
(мерзімі)
Комитент _________________________
(қолы)
Егер комиссияға тапсырылған бұйым 20 жұмыс күні ішінде өтпесе, дүкен оның бағасын комитенттің белгіленген бағасынан 20 процентке түсіреді.
Егер бұйым бағасының бірінші төмендетілуінен кейін келесі 20 жұмыс күнінде өтпесе, дүкен оны бірінші төмендетілген бағасынан 30 процентке арзандатады.
Бұйымның екінші қайта бағалануынан кейінгі 20 жұмыс күні ішінде өтпей қалған бұйымды дүкен сатылатын бағасына дейін қайта бағалай алады.
Барлық қайта бағалауларды дүкен комитенттің қатысуынсыз жүргізеді.
Бұйым қайтарылғанда сақталғаны үшін комитенттен бірінші қойылған бағасынан бірінші ай үшін 0,5 процент мөлшерінде және келесі толық және толық емес айлар үшін 2 процент мөлшерінде ақы өндіріледі. Өндіріліп алынатын ақының көлемі бастапқы бағаның 5 процентінен аспауға тиісті.
Бұйымды осы келісімнің шарттарына сәйкес тапсырдым.
Келісім шарттарына толығымен келісемін.
Комитент ________________________
(қолы)
Сақталу мерзімі - 5 жыл.
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және сауда
министрлігінің
1995 жылғы 2 қазан N 195
бұйрығына
N 3 қосымша
Көліктік жабдықтарды, ауылшаруашылық
өндіріс құралдарын, нөмірлі агрегаттарды
және олардың тораптарын комиссияға
қабылдау мен сату есебін жүргізетін
ЖУРНАЛ
Сауда кәсіпорны
______________________________
(аты, бағыныстылығы)
|
___________________________________________________________________
|Рет|Қабыл.|Комиссияға қабылдау| Көліктік жабдық, өндіріс
|са.| дау |___________________| құралы және нөмірлі
|ны |мерзі.|Комитенттің (сенім.| агрегат пен торап туралы
| | мі |ді адамының) аты - | мәліметтер
| | |жөні, тұратын жері,|____________________________________
| | |төлқұжатының серия.|мар.|дви.|шас.|кузо.|рама.|тех.|тапсы.|сату
| | |сы мен нөмірі, кім |касы|га. |сиі.|вының|сының|пас.|рылған|ба.
| | |және қашан берді; |(үл.|те. |нің |нөмі.|нөмі.|пор.|"Тран.|ғасы
| | |сатуға бұйым тап. | гі.|лі. |нө. | рі | рі |ты. |зит" |
| | |сырған заңды тұлға | сі)|нің |мірі| | |ның |белгі.|
| | |туралы мәліметтер | |нө. | | | |се. |сінің |
| | | | |мірі| | | |рия.|серия.|
| | | | | | | | | сы |сы мен|
| | | | | | | | |мен |нөмірі|
| | | | | | | | |нө. | |
| | | | | | | | |мірі| |
___|______|___________________|____|____|____|_____|_____|____|______|____
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11
___|______|___________________|____|____|____|_____|_____|____|______|____
таблицаның жалғасы
_________________________________________________________________________
басқа.|Сатылды | Сатылу |анықта.| сатылу |"Транзит"| сатып |
лары |Сатып алушының аты - | мерзі. |ма-есе.| бағасы |белгісі. | алушы.|
|жөні, тұратын жері, | мі |бінің | | нің | ның |
|төлқұжатының сериясы | |сериясы| | сериясы | қолы |
|мен нөмірі, кім және | | мен | | мен | |
|қашан берді; заңды | |нөмірі | | нөмірі | |
|тұлға болып табылатын | | | | | |
|сатып алушы туралы | | | | | |
|мәліметтер | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
| | | | | | |
______|______________________|________|_______|________|_________|_______|
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
______|______________________|________|_______|________|_________|_______|
| | | | | | |