Сауда ережелерiн бұзғаны және тұтынушылардың хұқықтарына қысым жасағаны үшiн жауапкершiлiктi күшейту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 25 ақпан 1993 ж. N 152. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 тамыздағы № 821 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010.08.18 № 821 Қаулысымен.

      Сауда қызметiн жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен адамдардың тиiстi сападағы тауарларды өткiзу үшiн жауапкершiлiгiн көтеру мақсатында және "Тұтынушылардың хұқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Былай деп белгiленсiн:
      ведомстволық бағынысы мен меншiк нысандарына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағындағы бөлшек сауда желiсiнде және қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарында тауарларды сату тек қолданылып жүрген заңдарға сәйкес берiлетiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктер негiзiнде жүзеге асырылады.
      Соның өзiнде сауда орындарын орналастыру, азық-түлiк тауарларын өткiзудiң шарттары Мемлекеттiк санитарлық қадағалау аумақтық органдарымен, ал алкогольдi iшiмдiктердi сатқан кезде - маскүнемдiкке және алкоголизмге қарсы күрес жөнiндегi жергiлiктi комиссиялармен мiндеттi түрде келiсуге жатады;
      кооперативтер, шағын және жекеше кәсiпорындар дайындаған және сатып алған, сондай-ақ жеке еңбек қызметiмен шұғылданатын адамдар мен басқа да арналардан сауда желiсiне және қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарына өткiзу үшiн түскен өнiмнiң белгiленген тәртiп бойынша тiркелген қызмет орны берген сәйкестiк сертификаты не оның стандарттардың немесе белгiленген басқа да нормативтi құжаттаманың талаптарына сәйкестiгiн куәлендiретiн құжаты болуға тиiс;
      тауарлардың кепiлдi мерзiмдерiне, жарамдылық мерзiмдерiне, оларды айырбастау, қайтару тәртiбiне, сондай-ақ мемлекеттiк сауда кәсiпорындарына белгiленген, тиiстi сапаға жатпайтын өнiмдi өткiзу үшiн мүлiктiк жауапкершiлiкке қатысты талаптарды Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттiк емес құрылымдардың барлық сауда желiсi сақтауға мiндеттi.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1994.05.17 N 529 қаулысымен; 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.07.09. N 651 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Сауда министрлiгi "Тұтынушылардың хұқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, сондай-ақ осы қаулының талаптары ескере отырып, сауда ережелерi мен қоғамдық тамақтану өнiмдерiнiң нормативтi-техникалық құжаттамасын қайта қарап, бекiтетiн болсын.
      Аталған министрлiк бекiткен сауда ережелерi мен қоғамдық тамақтану өнiмдерiнiң нормативтi-техникалық құжаттамасын Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық кәсiпорындар ведомстволық иелiгi мен меншiк нысандарына қарамастан сақтауға мiндеттi деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметi мен қоғамдық тамақтандыруды жүзеге асыратын барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң сауда ережелерiн және осы қаулыда көзделген талаптарды сақтауына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мемсаудаинспекциясы мен Мемлекеттiк санитарлық қадағалау органдарына жүктелсiн.
      4. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi коммерциялық құрылымдарға жататын сауданың жай-күйiн және жекеше дүкендердiң, ұсақ бөлшек сауда желiсi мен қоғамдық тамақтандыру кәсiпорындарының жұмысын бақылауды күшейтсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады