1.1. Кеден қоймасы - кеден ақысы салығы алынбайтын және тауарларға сақтау кезеңiнде экономикалық саясат шаралары (рұқсат беру, квота) қолданылмайтын акциздiк (жанама салықсыз), әкелiнген тауарлар кеден бақылауында болатын кеден тәртiбi.
Кеден қоймасы тәртiбiне сәйкес тауарларды сақтауға арналған, соған арнайы бөлiнiп, жарақтандырылған кез келген жай немесе басқа да орын кеден қоймасы деп танылады.
1.2. Кеден қоймасын мекемелер, ұйымдар және басқа да заңды тұлғалар, адамдардың жекеменшiк атауы бар, бiрақ заңды тұлға мәртебесi жоқ бiрлестiктер, жеке меншiк кәсiпорны, бар, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құрылған дара (отбасылық), жеке кәсiпорындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген, заңды тұлға құрмайтын кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын адамдар (бұдан былай "қойма иесi") құра алады.
1.3. Кеден қоймасының кез келген адамның пайдалануына болатын ашық түрi, белгiлi бiр адамдардың ғана тауар сақтауына арналған жабық түрi болады.
1.4. Кеден қоймасының аумағы кеден бақылауының аймағы болып табылады.
2. Кеден қоймасын құруға рұқсат беру тәртiбi
2.1. Кеден қоймасы тәртiбiне сәйкес тауарларды сақтауға арналған, арнайы бөлiнген және жарақтандырылған бiр немесе бiрнеше жайдан, немесе басқа да жерлерден (бұдан былай - жай), бұл жайларға иелiгi бар адамға кеден қоймасын құруға Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi органының аймағында болуға тиiс. Егер кеден қоймасын Қазақстан Республикасының кеден органдары құрған болса, оған рұқсат алудың қажетi жоқ.
2.2. Рұқсат алу үшiн жайдың иесi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiне (бұдан былай кеден комитетi) өтiнiш бередi, онда кеден қоймасының түрi, оның заңды мекен жайы, рұқсат беру туралы мәселенi шешу үшiн елеулi мәнi бар басқа да мәлiметтер көрсетiлуге тиiс, рұқсат алу үшiн түсiм төленiп, сондай-ақ АҚШ долларының 50 000 эквивалентi сомасында кеден төлемiнен төлеу туралы банкiнiң кепiлдемесiн бередi.
Өтiнiш берудiң үлгiсi N 1 Ережеде көрсетiлген.
2.3. Өтiнiшке мына құжаттар тiркеледi:
- жай иесiнiң құру және тiркеу құжаттарының көшiрмесi (жарғы, құру шарты, тiркеу туралы куәлiк т.б.);
- қоймаға арналған жайдың жоспары мен жазбалары;
- жайды иелену құқы бар құжат;
- қоймаға кiре алатын құқы бар қызметкерлердiң тiзiмi.
2.4. Кеден төлемiн төлеу үшiн кеден қоймасын үздiксiз жұмыс iстеуiнiң өнбойына банкiнiң кепiлдеме беруi керек. Құнсыздану ескерiлген кепiлдеме күшiнiң мерзiмi шектеусiз болады. Құнсыздану ескерiлмеген кепiлдеме 3 айдан соң жаңартылып тұруға тиiс.
2.5. Өтiнiштi түскеннен соң Кеден комитетi 30 күннен кешiктiрiлмей қарайды. Көрсетiлген мерзiм iшiнде қойманың жарақтандырылған және жабдықталғандығы осы ережеге сәйкес тексерiледi.
Кеденге берiлген мәлiметтердi анықтай түсу үшiн Кеден комитетiнiң облыстардағы кеден басқармаларынан, мемлекеттiк органдардан, банктерден, басқа да ұйымдардан қосымша құжаттар алдыртуға қақысы бар. Мұндайда өтiнiштi қарау мерзiмi ондай құжаттар түскен күннен бастап саналады.
2.6. Рұқсат үш данада етiп толтырылады. Бiрiншi дана қойма иесiне берiледi, екiншi дана кеден қоймасы орналасқан жердегi жұмыс iстейтiн кеден басқармасына жiберiледi. Үшiншi дана кеден қоймаларын реестрден өткiзетiн Кеден комитетiнде қалады. Рұқсат беру формасы N 2 Ережеде көрсетiлген.
2.7. Егер кеден қоймасына арналған жай осы ережеге сай жарақтандырылмаған және Кеден комитетiнiң талаптарына сәйкес келмесе, кеден басқармасы белгiлi бiр дәлелдi себептермен қоймада сақтау үшiн көрсетiлген тауарларға кеден бақылауын жүргiзе алмайтын болса, рұқсат беруден бас тартуға негiз болса, онда рұқсат беруден бас тарылады.
2.8. Қазақстан Республикасы кеден заңында көрсетiлген тәртiп бойынша рұқсат беру туралы бас тартуға шағым беруге де болады.
2.9. Лицензияның әрекет ету мерзiмi 3 жыл құрайды. Кеден қоймасының мекемесiне лицензия беру үшiн, қойманың жалпы алаңына байланысты:
- қойманың жалпы алаңы 1000 шаршы метрге дейiн болса - 9000 мың ЭКЮ көлемiнде;
- қойманың жалпы алаңы 1000 шаршы метрден жоғары 2000 шаршы метрге дейiн болса - 14000 мың ЭКЮ көлемiнде;
- қойманың жалпы алаңы 2000 шаршы метрден жоғары болса - 19000 мың ЭКЮ көлемiнде жiктеу жиналымы алынады. <*>
ЕСКЕРТУ. 2.9.-тармағы жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттiк кеден
комитетiнiң 1997.06.02. N 148-П бұйрығымен. V970047_
3. Рұқсатты жою, күшiн тоқтату және керi қайтарып алу
3.1. Қойма орналасқан жердегi жұмыс iстейтiн Кеден комитетi кеден қоймасын құрауға берiлген рұқсатты жоя немесе қайтара алады, яки оның күшi 3 айға дейiн тоқтатылуы мүмкiн.
3.2. Егер рұқсат өтiнiш берушiге көрсетiлген негiздер бойынша берiлуi мүмкiн болмаса, яки ол толық немесе жеткiлiксiз мәлiметтер негiзiнде берiлсе, оның рұқсат беру туралы шешiм қабылдауға тиесiлi елеулi мәнi болса, рұқсат жойылды. Жою туралы шешiм рұқсат берiлген күннен бастап күшiне енедi.
3.3. Қойма иесiнiң өзiнiң құқықтарын жеке басына пайдаланғандығы жайында жеткiлiктi негiздер табылса, рұқсат күшi тоқтатылады.
3.4. Егер қойма иесi Қазақстан Республикасының кеден заңдары талаптарына орындамаса, рұқсат керi қайтарылып алынады.
Керi қайтарып алу күшi керi қайтарып алу туралы шешiм қабылданған күннен жүзеге асады, ал рұқсат кеден тәртiбiн бұзғаны үшiн жасалу шарасы ретiнде керi қайтарып алынғанда iс бойынша қаулыны орындау күнiнен күшiне енедi.
3.5. Рұқсатты жою немесе оның күшiн тоқтату Кеден комитетiнiң төрағасының бұйрығы түрiнде толтырылып, ондай шешiм қабылдануының себептерi мiндеттi түрде көрсетiледi.
3.6. Рұқсат жойылған немесе керi қайтарып алынған жағдайда, қойма иесi оны бұйрық шыққан соң он бес күннен қалдырмай Кеден комитетiне тапсыруға тиiс. Кеден тәртiбiн бұзғаны үшiн жазылу шаралары ретiнде керi қайтарылып алынған жағдайда, мерзiм ол жөнiндегi қаулы қолына берiлген немесе жолданған - шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдырған күннен бастап есептелiнедi.
3.7. Рұқсат жойылып немесе керi қайтарып алынғанда ол үшiн берiлген түсiм қайтарылмайды.
3.8. Кеден қоймасын құруға рұқсат беру туралы қайта берiлген өтiнiштi Кеден комитетi рұқсатты жою немесе керi қайтарып алуға сондай шешiм қабылдауға себепшi болған бұзушылықтар түзетiлген жағдайда ғана бiр жылдан соң қарайды.
4. Кеден қоймасын жарақтау және жабдықтауға
қойылатын талаптар
4.1. Кеден қоймасының жарақталуы кеден бақылауынан тыс тауарлардың түсу және оларды қоймадан шығару мүмкiндiгiн болдырмауға және қоймадағы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге тиiс.
4.2. Қойма ауласы қоршалуға тиiс. Егер Кеден қойма үйiнiң бiр бөлiгi немесе құрылыс, кiрме жолдарының жабдығы және оған iргелес түсiру алаңы болса, кеден бақылауындағы тауарларға бөгде адамның кiруiне болмайды.
4.3. Кеден органдары кеден қоймасын жарақтандыруға, соның iшiнде қосарлап бекiту құрылысымен жабдықтауға нақты талаптар қоюға қақылы.
Жеткiзе жабдықтауды, тәртiптi ұстауды, кеден қоймасын күзету тәртiбiн қамтамасыз етудi кеден қоймасының иесi өзi есебiнен жүргiзедi.
4.4. Қойма иесi қойманы жеткiлiктi жұмыс iстейтiндей етiп материалдық-техникалық жағынан, соның iшiнде.
- тиеу-түсiру және көлiк құралдарымен;
- қойма жабдықтарымен;
- байланыс құралдарымен;
- ұйымдастыру техникасымен;
- мебельмен жарақтандыруды қамтамасыз етедi.
4.5. Кеден органы қызметкерлерiне кеден органының талаптарына сай келетiн және кеден бақылауын, кеден құжаттарының толтырылуын жүзеге асыратын қажеттi жабдықталған жай, байланыс құралдары ақысыз берiлуге тиiс.
5. Кеден қоймасы иесiнiң мiндеттерi
5.1. Кеден қоймасының иесi:
- кеден қоймасында сақтауда тұрған тауарларды кеден бақылауынсыз қоймада шығару мүмкiндiгiне жол бермеуге;
- кеден қоймасын құруға рұқсат шарттарын сақтауға және қоймада тұрған тауарларға бұл органдардың лауазымды адамдарының кiруiн қамтамасыз етумен қоса, кеден органдарының талаптарын орындауға;
- есеп жүргiзуге, соның iшiнде (кейбiр кеден органдарының талабы бойынша - автоматтандырылған) және осы ережеде көрсетiлген тәртiппен сақтаудағы тауарлар туралы кеден органдарына есеп беруге;
- рұқсат жойылған немесе керi қайтарылып алынған жағдайда, кеден қоймасын жоюдың тәртiбiн орындауға және тауардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
5.2. Қойма иесiне қолданылып жүрген заңға сәйкес өз мiндетiн орындау жауапкершiлiгi жүктеледi.
6. Кеден қоймасына тауарларды орналастыру
6.1. Кеден қоймасы кеден қоймасының тәртiбi бойынша орналастырған тауарларды сақтауға ғана пайдаланылады.
6.2. Кеден қоймасына Қазақстан Республикасына әкелуге, Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасы аумағы арқылы өтетiн, тыйым салынған тауарлардан басқа, кез-келген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң рұқсатымен сыртқа, iшке әкелiнетiн және өтетiн тауар кедендiк тәртiппен орналастырылады.
6.3. Басқа тауарларды бүлдiретiн немесе сақтаудың ерекше шарттарын талап ететiн тауарлар кеден қоймасының арнайы жабдықталған жайларына орналастырылуы тиiс.
6.4. Тауарлар кеден органының өкiлеттi лауазымды адамның көзiнше кеден қоймасына орналастырылуы керек.
6.5. Кеден қоймасы тәртiбi бойынша тауарлар орналастырылған жағдайда декларацияланған (тiзiлген) тауарлар N 3 Ережеде көрсетiлген тәртiппен толтырылып, жүк кеден декларациясымен қоса кеден органына тапсырылуға тиiс.
6.6. Жүк кеден декларациясымен бiрге кеден органына мына құжаттар тапсырылады:
- әкелiнген тауарлардың жүк және тауар алып жүретiн құжаттары (накладной, коносамент, сипаттама құжат, шот-фактура, т.б.);
- кедендiк толтыру мен кедендiк бақылауды асыратын қажеттi басқа да құжаттар.
Сертификаттауға жататын тауарлар кеден қоймасына орналастырылған
жағдайда, сақтау кезеңiне сертификат әкеп тапсыру қажет етiлмейдi. 6.7. Егер Қазақстан аумағына әкелiнген мал және өсiмдiк және мал өнiмдерi кеден қоймасына орналастырылған жағдайда тиiстi мемлекеттiк органдар оған фитосанитария, малдәрiгерлiк бақылау жүргiзедi. 7. Кеден қоймасында сақталған кезде тауарларға жүргiзiлетiн операциялар 7.1. Тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатымен кеден қоймасында жатқан тауарларға мынадай операциялар жүргiзiледi: - тазалау; - желдету; - кептiру (соның iшiнде жылы ауа жiберу); - сақтаудың қолайлы температура тәртiбiн жасау (салқындату, тоңазыту, қыздыру); - қоршаған бумаға орналастыру; - қорғағыш май мен консервантпен қаптау. - тот баспас үшiн сырлау; - алдын ала қорғауыштар салу; - тасымалдаудан бұрын тотқа қарсы нәрсемен қаптау. 7.2. 7.1. тармақта аталған операциялардан басқа, кеден қоймасын орналастырылған тауарларды сату мен тасымалдауға дайындау қажет, олар мыналар: - лектердi ұсақтау; - жөнелтуге дайындау; - сұрыптау; - буып-түю; - қайта буып-түю; - тиеу; - түсiру; - шамадан тыс тиеу; - қайта қаттап немесе жұмыс жағдайына келтiретiн жай операциялар; - дұрыстап орналастыру үшiн қойманың көлемiне қарай тауарларды орналастыру; - тауарларды көрсеткiш сөрелерге орналастыру; - байқап көру. 7.3. 7.2. тармақта көрсетiлген операциялар тек кеден органының рұқсатымен жүргiзiледi. 7.4. Тауарларға жүргiзiлген барлық операциялар бұл тауарлардың (сапасын) өзгертпеуге тиiс. 8. Кеден төлемiн төлеу
8.1. Кеден қоймасының тәртiбi бойынша тауарларды орналастырғанда кедендiк толтыру үшiн Қазақстан Республикасының валютасымен тауардың кедендiк құнының 2 % мөлшерiнде немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсi белгiлеген бағамен шет ел валютасымен кеден түсiмi алынады.
8.2. 8.3. тармақта көрсетiлген басқа жағдайларда кеден ақысын, салығын және басқа да кедендiк төлемдер төлеу жауапкершiлiгi кеден иесiне жүктеледi.
8.3. Кеден органының келiсiмiмен кеден төлемiн төлеу жауапкершiлiгi тауарын сақтауды кеденнiң ашық түрдегi қоймасына орналастырған адамға да жүктелуi мүмкiн.
8.4. Кеден тәртiбiне сәйкес сыртқа шығаруға арналған тауарларды кеден қоймасына орналастырған жағдайда, ондай тауарлар кеден ақысы мен салығынан босатылады, егер тауарларды сыртқа нақты шығару кезiнде бұлардан босатылған немесе қайтарып беру көрсетiлген болса, онда аталған тауар кеден қоймасына орналастырылғаннан үш ай кешiктiрiлмей әкетiлуге тиiс.
Көрсетiлген мерзiмде тауарларды нақты алып кете алмаған жағдайда, кеден ақы, салық, сондай-ақ одан Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсi сол банк берген кредиттен белгiленген ставка бойынша олардан процент төлейдi.
8.5. Егер тауар апат салдарынан немесе жойқын күштiң әсерiнен құрып немесе iз-тозсыз жоғалмаса яки табиғи тоздырғыш күштен жетпей қалса немесе дұрыс сақталған жағдайда азайып қалса, кеден органының рұқсатынсыз тауарды берген немесе Қазақстан Республикасы аумағына әкелгенде ол жоғалған жағдайда, қойма иесi, осы Ереженiң 8.3. тармағында көрсетiлгенiндей, қоймаға тауар орналастырған адам оны еркiн айналымға жiберген кезде төлеуге тиiстi кеден салығын төлейдi.
9. Кеден қоймасында сақталатын тауарлардың
есебiн алу және есебiн беру
9.1. Кеден қоймасын мұндай тауарлар орналастырылған жағдайда, оларды қойма иесi қойма құжаттарына Кеден комитетi белгiлеген (N 4 Қосымша) форма бойынша тiркеуге тиiс.
9.2. Кеден қоймасының иесi үш айда бiр рет кеден органына сақтаудағы тауар мен оларды сақтау мерзiмi туралы кезектi есеп берiп тұруға мiндеттi. Жергiлiктi негiз болған жағдайда, кеден органының кезектен тыс есеп тапсыруға қақысы бар. Ондай есеп бұл жөнiнде кеден органының бастығы жазбаша талап еткен күннен қалдырмай 3 күн iшiнде тапсырылуға тиiс.
9.3. Кеден органының қоймада сақтаулы жатқан тауарды түгендеуiне де қақысы бар.
10. Тауарларды сақтаудың мерзiмi
Тауарлар кеден қоймасында үш жыл бойына сақталуы мүмкiн. Аталған мерзiмдi кейбiр адамдар үшiн кеден органы шегере де алады. Тауарлардың нақты сақталу ұзақтығын белгiлеген шек бойынша сақтауға тауар қоюшы адам қойма иесiмен бiрлесiп анықтайды.
11. Қоймадан тауар шығару
11.1. Кеден қоймасында сақтаулы жатқан тауарлардың сақталу мерзiмi өтiсiмен басқаша кеден тәртiбi көрсетiледi. Ондай тауарларды кедендiк толтыру көрсетiлген тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.
11.2. Бiр кеден қоймасынан екiншi кеден қоймасына кеден тәртiбiн өзгертпей-ақ орналастыруға болады. Ондай жағдайда тауар кеден бақылауымен жеткiзу тәртiбiн сақтау отырып орналастырылады.
Тауарды сақтаудың мерзiмi оларды кеден қоймасына алғаш орналастырған күннен есептеледi.
11.3. Айналымға түсiру мақсатымен, яки басқа да кеден тәртiбi бойынша орналастырылған тауарлардың кедендiк құны мен саны қоймадан шыққан сәттен анықталады.
Ондайда тауардың кедендiк құны тауарларды қоймаға орналастырғандағы көрсетiлгендерден кем болмауға тиiс.
11.4. Басқа да кеден тәртiбiмен көрсетiлген, сақтаудағы тауарлардың
мерзiмi өтiп кеткен жағдайда, тауарлардың иесi кеден органы болып табылатын тауарларды қойма иесi соның есебiнен орналастырылады. 12. Жабық түрдегi қойманы құрудың ерекшелiктерi 12.1. Жабық түрдегi кеден қоймасын: - олардың кәсiби қызметiне айналған тауар сақтауға маманданған адамдар (тұрмыстық қызмет т.б.); - егер қойма иесi бiр мезгiлде тасымалдаушы болса, сондай-ақ тасымалдайтын тауарларын сақтау үшiн; - қойманы құрғанда оның иесi белгiленген үшiншi адамның тауарын сақтау үшiн құрады. 12.2. Қойма иесi рұқсат алу үшiн берген өтiнiшiнде жабық қойманы құрудың қажеттiгiн дәлелдеуге тиiс. 12.3. Кеден органы жабық түрдегi кеден қоймасын жарақтандыруға жеке талаптар қолданбауға да қақылы. 13. Қойма иесi мен кеден органының өзара қарым-қатынасы
13.1. Кеден органы қойма иесiнiң пiкiрiн ескерiп, қойманың құрылысын,
қоймада сақталатын тауар түрi, оның өткiзгiштiк қабiлетi мен басқа да факторларға байланысты кеден қоймасының кеден тәртiбiн пайдаланудың реттерiн бекiтедi. 13.2. Бұл ретте: - кеден қоймасын, соның iшiнде кеден органы қызметкерлерiнiң жайын жарақтандыруға қатысты кеден талаптары; - қойманың жұмыс тәртiбi; - тауарларды есепке алудың түрi; - кеден қоймасында сақтаулы тауарлар туралы қойма иесiнiң есеп беру түрi мен мерзiмдерi; - қойма жұмысын қатысты басқа да талаптар мен шарттар көрсетiлуге тиiс. 13.3. Аталған реттер осы Ережеге және кеден заңына қайшы келмеуге тиiс. 14. Кеден қоймасын жою
14.1. Кеден қоймасы рұқсат күшiнiң мерзiмi өтiп кеткен, қойма иесi тiлек бiлдiрген, сондай-ақ кеден қоймасын құруға берiлген рұқсатты кеден комитетi жойған немесе керi қайтарып алған жағдайда жойылады.
14.2. Рұқсат күшiнiң мерзiмi өтiп кеткенi, яки қойма иесiнiң тiлегi бойынша қойманы жою туралы шешiледi. Кеден комитетiнiң төрағасы бұйрық түрiнде қабылдайды.
Рұқсатты жою немесе керi қайтарып алуға байланысты қойманы жойған жағдайда қойманы жою туралы қосымша бұйрық шығарылмайды.
14.3. Кеден қоймасын жою туралы шешiм қабылданған күннен қойма
уақытша сақтау қоймасына айналады. Ондайда қоймаға тауарлардың жаңа легiн орналастыруға жол берiлмейдi. 14.4. Қойма иесi 3 күн мерзiм iшiнде қоймада сақтауды жатқан тауарлар туралы N 5 Ережеде көрсетiлген форма бойынша есеп беруге тиiс, сондай-ақ оны қоймаға тауарын сақтаған адамға хабарлауы керек. Кеден органы 7 күн мерзiм iшiнде ондағы тауарларды түгендеп шығуға тиiс. 14.5. Рұқсатты жойған немесе керi қайтарып алған жағдайда: - жойғанда - қоймаға тауар орналастырылған күннен; - керi қайтарып алғанда - керi қайтарып алу туралы шешiм қабылданған күннен қайтадан кедендiк толтыру жүргізiледi. 14.6. Жойылған қоймада тауар сақтағаны үшiн кеден қоймасының иесi кеден органдары бекiткен, қоймада уақытша сақтағаны үшiн белгiленген мөлшерде: - жойылғанда - сақтаудың барлық кезеңiне; - керi қайтарып алғанда - керi қайтарып алу туралы шешiм қабылданғаннан соң тауар сақтағаны үшiн кеден түсiмiн төлейдi. 14.7. 14.3.-14.6. тармақтағы ереже кеден тәртiбiн бұзғаны үшiн жазалау шаралары ретiнде, рұқсатты керi қайтарып алған жағдайда, iс жөнiндегi қаулының орындалу күнiнен қолданылады. Ондайда мұндай қаулы шығарылған күннен бастап тауардың жаңа легiн қоймаға орналастыруға жол берiлмейдi. 14.8. Кеден қоймасын жою туралы шешiм қабылданғаннан 2 ай iшiнде уақытша сақтау қоймасынан тауар шығарған жағдайда, Қазақстан Республикасының кеден заңына сәйкес кеден тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапқа тартылады. 15. Қорытынды Ережелер 15.1. Кеден қоймасын құру рұқсатын басқа адамға беруге болмайды.
15.2. Өтiнiште, сондай-ақ оған қоса берiлген құжаттарда кез келген өзгерiс болған жағдайда, қойма иесi 3 күн iшiнде Кеден комитетiне хабарлауға тиiс.
15.3. Егер мәлiметтегi өзгерiстер кеден қоймасын құруға рұқсат беруге болмайтын сипатта болса, егер рұқсат беру жөнiндегi өтiнiшiнде яки оған қоса берген құжаттарда қойма иесi ондай мәлiметтердi көрсеткен болса (қойма түрi, жайдың орналасқан жерi, оларды жарақтау және жабдықтау т.б.) онда бұл жөнiндегi жазбаша хабарлама қойма иесiнiң өтiнiшi ретiнде сол қойма иесiнiң кеден қоймасын жою жөнiндегi тiлегi ретiнде қаралады. Кеден комитетiнiң шешiмiне Қазақстан Республикасының Кеден заңында көрсетiлген тәртiп бойынша шағым берiлуi мүмкiн.
15.4. Қойма иесi Кеден комитетiнiң келiсiмiмен пайдаланатын жайдың алаңын ұлғайта яки азайта алады. Ол үшiн қойма иесi Кеден комитетiне жай алаңның жаңа көлемiн көрсетiп, оны жарақтау мен жабдықтауға сипаттама берiп, өтiнiш жасайды, оның жаңа жоспары мен сызбасын тапсырады. Алаңын ұлғайтқан жағдайда, қажетiнше рұқсат беру үшiн қосымша түсiм төлейдi. Алаңын азайтқанда рұқсат беру үшiн төленген түсiмнiң бөлiгi қайтарылмайды.
15.5. Қойма иесi рұқсатқа өзгерту енгiзудi қажет ететiн мәлiметтердi өзгерткен жағдайда, бұрынғылары көрсетiлiп, рұқсаттың жаңа бланкiсi толтырылып, рұқсат қайта тiркеледi, бөлiгi өзгертiлсе - жаңа мәлiметтер берiледi. Бұрынғы рет номерiне алфавит бойынша белгiленген тәртiппен әрiп белгiсi қосылады.
Кеден қоймасы туралы Ережеге
N 1 Қосымша Қазақстан Республикасының Орталық кеден органына
___________________________
(кiсiнiң толық аты-жөнi)
Өтiнiш
Ашық (жабық) кеден қоймасын құруға рұқсат беруiңiздi өтiнемiн. Өзiм туралы мыналарды хабарлаймын: 1.______________________________________________________________ (толық және қысқартылған заңды аты, ОКПО коды, заңды ________________________________________________________________ және нақты мекен жай, тiркеу туралы куәліктiң номерi) 2.______________________________________________________________ (ашылған болса, ашылған рубль және валюта шоты, мекен-жайы ________________________________________________________________ және банктердiң ОКПО коды) 3.______________________________________________________________ (қоймаға арналған жайдың орналасқан жерi) 4. _____________________________________________________________ (қоймаға арналған жайдың жалпы алаңы) 5.______________________________________________________________ (қоймаға арналған жайдың материалдық-техникалық ________________________________________________________________ жарақтануына сипаттама) 6.______________________________________________________________ (күзетпен қамтамасыз етiлуi, қолда бар сигнал беру ________________________________________________________________ құрылғысы мен өртке қарсы жабдықтар) 7.______________________________________________________________ (сақтауға ұсынылған тауарлардың тiзiмi) 8.______________________________________________________________ (рұқсат беру туралы шешiм қабылдауға пайдаланылуы мүмкiн ________________________________________________________________ басқа да информациялар) Ф.А.Ә. (кәсiпорын, мекеме немесе ұйым атынан - оның басшысы) қолы мөр Қосымша:___________________________________________________ (Ереженiң 2.3. тармағына сәйкес берiлген __________________________________________________ өтiнiшке тiркелген құжаттар тiзiмi) Кеден қоймасы туралы Ережеге N 2 Қосымша Қазақстан Республикасының Орталық кеден органы Рұқсат N 000/000 Кеден осы _____________________________________қойманың ашық (қажетсiзiн сызу керек) (жабық түрiне рұқсат етедi). _______________________________________________________________ (жайдың орналасқан жерi және жалпы алаңы шаршы м.) _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Осы рұқсаттың күшi мерзiмi " " ________________199__ж. М.О. " "________________199__ж. Кеден қоймасын құруға берiлген рұқсат номерi былайша құрылады: алғашқы үш цифр - кеден қоймасын құруға рұқсат берген кеден коды; соңғы үш цифр - рұқсаттың рет номерi. Кеден қоймасы туралы Ережеге N 4 Қосымша Кеден қоймасына кеден тәртiбi бойынша тауарлар орналастырылғанда кедендiк жүк декларациясын толтыру тәртiбi
Кеден қоймасына кеден тәртiбi бойынша тауарлар орналастырғанда декларанттың кедендiк жүк декларациясының мынадай графасын толтыруы керек:
1, 2, 2, 5, 6, 8, 9, 12, 14, 15, 15а, 16, 19, 21, 22, 23, 25, 28, 29, 31, 33, 34, 35, 37, 38, 40, 44, 45, 47, 49, 54, А, В.
Кеден тәртiбiне сәйкес сыртқа шығаруға арналған тауарларды кеден қоймасына орналастырғанда көрсетiлген графалардың В, 15, 15а, 21, 25, 29 графалары толтырылмайды.
Кеден органының лауазымды адамы мына графаларды толтырады: 7, С және Д.
3, 5, 6, 7, 12, 14, 15, 15а, 16, 19, 21, 23, 25, 29, 31, 32, 33, 34, 35, 37,38, 40, 45, 47, 54, А, В, С, Д. графалар ҚРМКБ 09.07.93 ж. N 25 (бұдан былай МКҚ толтырудың тәртiбi жөнiндегi нұсқау) бұйрығымен бекiтiлген, кеден жүк декларациясын толтырудың тәртiбi туралы Уақытша нұсқаудың 2 немесе 3 бөлiмiне сәйкес толтырылады.
1, 2, 8, 9, 22, 28, 44, 49 графаларды мынадай ерекшелiктерi бар.
1 графа "Декларация түрi".
Бiрiншi бөлiмшеде кеден қоймасына тауарларды орналастыру графалары:
- Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауарлар, "ИМ" деп көрсетiлген;
- Қазақстан Республикасының кеден аумағынан кеден тәртiбiне сәйкес сыртқа шығарылатын тауарлар, "ЭК" деп көрсетiлген.
Екiншi бөлiмшеде кеден тәртiбiнiң екi белгiлi коды көрсетiлген "74".
Үшiншi бөлiмшедегi графалар толтырылмайды.
2 графа "Жөнелтушi/экспортер".
Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкелуге арналған тауарларды кеден қоймасына орналастырған жағдайда графада аты, индексi, почта мекен жайы, сондай-ақ кеден қоймасына тауарын орналастырған тұлғаның телекс немесе телефакс номерi көрсетiледi.
Жеке адамға байланысты графада Ф.А.Ә. және сол адамның мекен жайы, почта индексi, телефон номерi көрсетiледi.
Қалған информациялар МКҚ толтыру жөнiндегi Нұсқаудың 2 бөлiмiне сәйкес толтырылады.
Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауарға байланысты графа МКҚ толтырудың тәртiбi жөнiндегi Нұсқаудың 3 бөлiмiне сәйкес толтырылады.
9 графада "Қаржыны реттеуге жауапты адам".
Графада МКҚ толтырудың тәртiбi жөнiндегi Нұсқауда көрсетiлген
тәртiппен қойманың иесi немесе кеден қоймасына тауар орналастырған адам туралы мәлiметтер көрсетiледi, егер кеден органы келiссе, бұл адам кеден төлемдерiн төлеуге жауап бередi. 22 графада "Валюта және тауардың жалпы фактуралық құны". Осы жақтағы бөлiмшеде шартты немесе жасалған келiсiмдi реттейтiн басқа да келiсiмдердiң валюталық сан коды МКҚ толтырудың тәртiбi жөнiндегi Нұсқауға қоса берiлген 6 Қосымшада көрсетiлген валюта классификациясына сәйкес толтырылады. Графаның бiрiншi бөлiмшесi толтырылмайды. 28 графа "Қаржы және банк мәлiметтерi". Графада (әр реквизит жаңа жолдан басталып, оның әрқайсысының алдына рет сан қойылады): 1 - теңгемен есеп ажырасу шотының номерi, ОКПО коды, 9 графада көрсетiлген ажырасу шотын ашқан тұлғаның банкiсiнiң аты. 44 графада "Қосымша информациялар/ тапсырылатын құжаттар". 4 цифрының астына кеден қоймасына тауар өткiзген адам мен қойма иесiнiң арасындағы шарттардың номерi мен күнi көрсетiлдi; қалған информациялар МКҚ толтыру тәртiбi жөнiндегi Нұсқауға сәйкес көрсетiледi. 49 графа "Қойманың аты". Графада кеден қоймасын құруға берiлген рұқсаттың номерi Кеден қоймалары туралы Ережеге N 5 Қосымша Қоймада сақталатын тауарлардың есебiн алудың үлгi түрi _________________________________________________________________ N |Орналастырылған|Тауар| Орын | Тауар |МКҚ| Қоймадан |Кеден рет| күн | аты | саны | алып | N |шығарылған|белгiлерi саны | | және |жүретiн | | күн | | | |салмақ|құжат N | | | _________________________________________________________________ Кеден қоймалары туралы Ережеге N 6 Қосымша Кеден қоймасында сақтаулы тауарлар туралы есеп __________________________________________________________________ N |Орналастырылған|МКҚ| Тауар |жайдағы |Есеп |Қоймадан|Қоймадан рет| күнi | N | аты | саны |берген|шығарыл.|шығарылған. саны | | | |күнгi |ғандағы |дағы МКҚ | | | | |саны |саны | N ___________________________________________________________________ Кеден қоймасының иесi (кәсiпорын, мекеме немесе ұйым үшiн - аты, басшының Ф.А.Ә.) Қолы Мөр Есеп МКҚ толтыру үшiн белгiленген талаптарға сәйкес жасалады. Оқыған: Багарова Ж.А.