ҚР МК жанындағы ҚР КК 16.10.95 жылғы N 145-П, N 147-П бұйрықтарына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi 1997 жылғы 2 маусымдағы N 148 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 28 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 47. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 2000.03.18. N 93 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң нормативтiк актiлерiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 7-шi қарашадағы N 147-П қаулысына сәйкестендiру мақсатында, сондай-ақ бюджетке кеден төлемдерi мен салықтарының түсуiне бақылауды тәртiпке келтiру мақсатында бұйырамын:
      1. П. 2.2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 16-қазандағы N 145-П бұйрығымен бекiтiлген уақытша сақтау туралы (Уақытша сақтау қоймалары) Ереже төмендегiдей редакцияда жазылсын:
      "Лицензия алу үшiн баспана иесi, қызмет аймағында баспана орналасқан кеден органына өтiнiш бередi, лицензия бергенi үшiн 8000 ЭКЮ мөлшерiнде жиналым төлейдi".
      2. П. 2.4. Уақытша сақтау туралы (уақытша сақтау қоймалары туралы) Ереже" - 5000 АҚШ доллары эквивалентiнде кеден төлемдерi мен салықтарын төлегенi туралы банк кепiлдiгi" деген сөзбен толықтырылсын.
      Кеден төлемдерi мен салықтарын төлеу уақытша сақтау қоймалары қызметiнiң бүкiл мерзiмiнде банк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлуi тиiс. Инфляция есептелген кепiлдiк мерзiмi шектеусiз әрекет ете алады. Инфляция есептелмеген кепiлдiк үш айдан соң қайта басталуы тиiс.
      3. П. 2.9. Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 16-шы қазандағы N 147-П бұйрығымен бекiтiлген кеден қоймалары туралы Ереже төмендегiдей редакцияда жазылсын:
      "лицензияның әрекет ету мерзiмi 3 жыл құрайды. Кеден қоймасының мекемесiне лицензия беру үшiн, қойманың жалпы алаңына байланысты:
      - қойманың жалпы алаңы 1000 шаршы метрге дейiн болса - 9000 мың ЭКЮ көлемiнде;
      - қойманың жалпы алаңы 1000 шаршы метрден жоғары 2000 шаршы метрге дейiн болса - 14000 мың ЭКЮ көлемiнде;
      - қойманың жалпы алаңы 2000 шаршы метрден жоғары болса - 19000 мың ЭКЮ көлемiнде
      жiктеу жиналымы алынады.
      4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң кеден бақылауын ұйымдастыру басқармасы осы бұйрықтың мазмұнын жергiлiктi жерлердегi кеден мекемелерiне жеткiзсiн.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен сәттен бастап күшiне енедi.
 
      Төраға
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады