КIРIСПЕ
Тиеп жөнелту алдындағы инспекцияның схемасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 4 қарашадағы N 1301 P951301_ Қаулысына сәйкес 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне ендiрiлетiн болады.
Қазақстан үшiн тиеп жөнелту алдындағы инспекциясының жүйесi кеден төлемдерi есебiнен бюджеттiң кiрiс бөлiгiн көбейту, тауарлардың құнын жоғарлату салдарынан орын алатын капиталдың шығып кетуiн болдырмау мақсатында ендiрiлдi. Осы схема кеден органдарына импортталатын тауарлардың кедендік құнын анықтау және дұрыс сараптау есебінен импортталатын тауарлардың кеден төлемдерiнiң және салықтарының толық көлемде алынуын жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Әдеттегiдей, құны 3000 доллар және одан да жоғары (немесе басқа да валюталарда экиваленттiк құнымен) барлық тауарлар, тауардың экспорттық елiнде оның мөлшерiн, сапасын, құнын және сарапталуын тексеру мақсатымен тиеп жөнелту алдындағы инспекциядан өтуге мiндеттi.
Инспекция жүргiзiлгеннен және тауарды жөнелту туралы құжаттық дәлелдемелер алынғаннан кейiн жүктi кедендiк ресiмдеу үшiн қажеттi басқа да құжаттармен бiрге импорттаушының ұсынуға тиiстi Инспекция нәтижелерi бойынша есептi (ИНЕ) СЖС ресiмдейдi және бередi.
N 1301 Қаулыға сәйкес схема СЖС офис СЭҚ қатысушыларынан импорт туралы хабарлама алатын кезде, яғни 1996 жылғы 3 қаңтардан жұмыс iстей бастайды. Кеденге келсек, оған қатысты жүйе 1996 жылдың 14 қаңтарынан әрi қарай жұмыс iстей бастайды. Тиеп жөнелту алдындағы инспекцияға жататын және Қазақстанға 14 қаңтарда және сол күннен кейiн тиелетiн тауарларды келген жерiнде кедендiк ресiмдеуден өту үшiн ИНЕ арқылы алып жүру керек.
СЖС РОЛI
СЖС "Импорт туралы хабарлама" арнаулы нысанын ала отырып, импорттау ниетi туралы жазбаша хабарды алады. Бұл хабарламаны импорттаушы мүмкiндiгiнше ағылшын тiлiнде (ағылшын тiлiнде толтыру мүмкiндiгi болмаған жағдайда, хабарлама орыс тiлiнде толтырылады) толтырылады және Алматыға СЖС офисiне жiбередi. Осы мақсатта СЖС офисiнен ақысыз берiлетiн арнайы нысандар жасалынып отыр. Импорттаушының осындай нысандағы бланкiсi болмаған жағдайда ол ерiктi нысандағы бланкiде "Импорт туралы хабарламасы" бар барлық ақпаратты факспен жiбере алады. Импорттық мәмiле бойынша мәлiметтер компьютерге ендiрiледi және өнiм қойылатын елге электрондық деректердi беру жолымен жiберiледi.
Осы ақпарат алынғаннан кейiн СЖС офисi өнiм қоятын елде экспорттаушымен екi жаққа да ыңғайлы уақытқа инспекция жүргiзу күнi мен орнын анықтау мақсатында байланысады. Инспекция жүргiзу кезiнде инспектор тауардың сапасын, мөлшерiн анықтайды. Осы мақсатта лабораториялық зерттеу жүргiзу үшiн үлгiлер алынуы мүмкiн. Тауарлардың денелiк күйiн қарау дегенiмiз тауарлардың мөлшерi мен атауларын растауды бiлдiредi, ал сараптау мақсатында суретке түсiрудiң жүргiзiлуi мүмкiн. Контейнерлерге толық жүк салғанда инспектор контейнерлерге жүктiң тиелуiн бақылайды және оны қорғасын мөртаңбамен таңбалайды.
Тауарларды сараптау және оның құны туралы ақпарат СЖС офисiне жiберiледi және ол инспектордың баяндамасына негiзделедi. Тауарларды сараптау Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестiрiлген жүйесiне сәйкес және Қазақстан Республикасының Кедендiк тарифi негiзiнде жүзеге асырылады. Экспорттың бағасын анықтау, осы уақытқа, сату кезiнде және коммерциялық практикаға және барлық стандарттық шегерулерге сәйкес бiрыңғай шарттармен сол елден экспорт үшiн ұсынылатын, теңдестiрiлген немесе бiртектi тауарлардiкiндей бағасын белгiлеу жолымен жүзеге асырылады. СЖС тауарларды өткiзуге әсер ететiн жалпыға бiрдей факторларды және келiсiм-шарттың шарттарын еске алады. Бұл факторларға сатудың коммерциялық деңгейi мен көлемi, өнiм қоюдың мерзiмдерi мен шарттары, сапасының өзiндiк ерекшелiктерi, арнайы дизайн, арнайы орамдар не жөнелту, мөлшерi, қоймадан сатылуы, маусымдылығы, лицензиялауға ақы төлеу, зиялылық меншiктiлiгi, сондай-ақ әдетте шот-фактурада көрсетiлмеген келiсiм-шарт шеңберiнде ұсынылған қызмет көрсетулер жатады. Бұған Қазақстанның шекарасына дейiн жүктi тасымалдау бойынша шығындар (тауарларды өткiзу кезiнде тиеу, түсiруге байланысты кететiн шығындарды қосқанда) қамсатып алғаны үшiн комиссиялық ақыдан басқа сақтандыру, комиссиялық және брокерлiк сыйақылар да жатады. Жол берiлетiн айырымшылықтарды қоспағанда (кеден органдарымен уағдаластыққа сәйкес) бұл құн ИНЕ-де көрсетiледi.
ИНЕ мәлiметтерi импорттаушыға түпкi шот-фактураны ұсынуға кеңес беретiн СЖС офисiне Алматыға жiберiледi. Осы ақпарат алынған соң ИНЕ-ға ұсынылған мәлiметтер тағы да қайтадан тексерiледi. ИНЕ дайын болысымен СЖС импорттаушыларды хабардар етедi. Импорттаушылар жiберiлген кеден мекемелерiнiң бiрiнен (тiзiм тiркеледi), Алматыдағы СЖС офисiнен, Қазақстанның белгiленген кез-келген елдi мекенiнiң бiрiнен, не жергiлiктi кеден мекемесiнен, ИНЕ-нi алып кете алады.
КОНТЕЙНЕРЛЕРДI МӨРТАҢБАЛАУ
СЖС контейнелердi тек қана оларды толтыра тиеген кезде ғана (КТТ) таңбалайды. КТТ түсiнiгi СЖС-тiң анықтауы бойынша төмендегiнi: "ИНЕ-нi куәландыру үшiн толық тиелген контейнер контейнердiң iшiндегiсiнiң бәрiн сатушының СЖС-тiң инспекция жүргiзуi үшiн сатушы ұсынған, сондай-ақ контейнердi тиеу үшiн бақылауға құқық берiлгенiн" бiлдiредi. СЖС қорғасын мөртаңбамен таңбаланған жүктi жөнелту үшiн, қорғасын мөртаңбамен таңбаланғандығы жөнiндегi ақпарат (қорғасын мөртаңбаның нөмiрi) ИНЕ-ге тапсырылады. Контейнерлерге жүк тиелiп қойылған кезде, бiрақ жүк тиеп жатқанда инспектор оған қатыспаса, контейнер қорғасын мөр таңбамен таңбаланбайды және ИНЕ-де контейнердiң толық тиелмегендiгi көрсетiледi.
Инспекцияланған тауарларды контейнерлерге тиеуге рұқсат беруге дейiн СЖС инспекторы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатымен контейнердiң физикалық күйiне байқау жүргiзедi.
Егер контейнердiң қандай болмасын бөлiгi күдiк келтiрсе, оның себептерi жойылғанша контейнердi пайдалануға рұқсат етiлмейдi. Қауiпсiздiк мақсатымен контейнерлердiң физикалық күйiн байқауға сонымен қатар контейнердiң iшкi және сыртқы бөлiмдерiне жасырын түрде салынғандарды анықтау мақсатында байқау да кiредi. Жасанды не жасырын түрде салынғандарды пайдалану контрабанданың ең кең тараған түрлерiнiң бiрi болып табылады.
Инспекцияның кепiлдемесi ретiнде СЖС контейнерлердi қорғасын мөртаңбамен таңбалайды. Қорғасын мөртаңба Қазақстанға жүктiң келген кезiнде қорғасын мөртаңба бұзылмаған жағдайда, кеден органдарының шешiмi бойынша жүк еркiн айналымға жiберiлуi не физикалық күйiн кедендiк тексеру жүргізілмей-ақ басқа кез-келген кедендік режимге орналастыруы мүмкiн. Егер жергiлiктi кеден органдары мөртаңбаланған контейнерлердi тексеруге шешiм қабылдаса, олар СЖС офисiмен байланыс жасауға және бiрлескен кедендiк тексеру жүргiзуге тиiстi.
ТИЕП ЖӨНЕЛТУ АЛДЫНДАҒЫ ИНСПЕКЦИЯҒА ЖАТПАЙТЫН ТАУАРЛАР
Тиеп жөнелту алдындағы инспекцияға жатпайтын тауарлар бойынша ақпараттар осы құжаттың қосымшасында ұсынылған. Сонымен бiрге анықтау үшiн төмендегi ақпаратты ұсынамыз.
Жалпы құны 3000 доллардан азы тауарлар.
Бұл тауарлар егер олар жалпы көлемi 3000 доллардан асатын келiсiм-шарт бойынша жеткiзiлiмнiң бөлiгi болып табылған жағдайды қоспағанда тиеп жөнелту алдындағы инспекцияға жатпайды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы жеке тұлғалардың қол жүгiмен өткiзiлетiн және өндiрiстiк немесе өзге коммерциялық қызметке арналмаған тауарлар тек қана тауарларды өткiзетiн адамның және оның отбасы мүшелерiнiң пайдалануы немесе тұтынуы үшiн әкелiнсе және тауарларды пайдалану кез-келген нысанда табыс табуға байланысты болмаса, мұндай тауарлар тиеп жөнелту алдындағы инспекциядан босатылады. Кеден органдарының лауазымды адамының тауарлардың не үшiн арналғандығын анықтауы жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды өткiзу тәртiбi туралы Ережеге сәйкес жүргiзiледi (1995 жылғы 2 қарашадағы N 1440). Егер тауарлардың өндiрiстiк немесе өзге коммерциялық қызметке арналғандығы анықталса және олардың құны 10000 доллардан артық болса, кеден органдары жiберiлетiн пунктте инспекцияны тағайындай алады. Осы мақсатпен импорттаушы Қазақстандағы СЖС Лтд офисiне қайырылуы қажет. Инспекция жүргiзуге байланысты шығынды тауардың иесi өтейдi.
ЕЛДЕР БОЙЫНША ЖОЛ БЕРIЛЕТIН ЕРЕКШЕЛIКТЕР
Қосымшадан атап көрсетiлген елдерден шығарылатын және импортталатын барлық тауарлар тиеп жөнелту алдындағы инспекцияға жатпайды. ТМД елдерi аумағына еркiн айналымға жiберiлетiн үшiншi елдерден шығарылатын тауарлар тиеп жөнелту алдындағы инспекцияға жатпайды. Осы елдердiң аумақтары арқылы транзит арқылы өткiзiлетiн тауарлар жөнелтетiн елде тиеп жөнелту алдындағы инспекцияға жатады.
Осы елдерде тауарлар кедендiк ресiмдеуден өтпеген деп ойлауға негiз бар болатын жекелеген жағдайларда жiберушi кеден жөнелтушi елдiң кеден органымен байланыс жасайды және жiберiлген орнында инспекция жүргiзу қажеттiгi туралы мәлiмдеме жасай алады.
ИНЕ БАСЫП ШЫҒАРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ
ИНЕ Алматыдағы СЖС офисiнде басып шығарылады. Импорттаушылар Импорт туралы хабарламада олардың қай жерден ИНЕ алуы ыңғайлы екендiгiн көрсету қажеттiгi туралы мәлiмет алады.
Алматыдан тыс жерге орналасқан орынға жеткiзудi курьер жүзеге асырады.
Хабарламаны алғаннан кейiн кеден мекемелерi бақылау қағазындағы нөмiрлердi тексеруге және импорттаушы туралы деректердi тiзiмге тiркеуi керек. Бақылау қағаздары келiп түскен күнінде тiркелуi тиiстi. Егер импорттаушы ИНЕ алып кеткiсi келсе, кеден қызметкерлерi ИНЕ-де көрсетiлген Импорт туралы Хабарламаның нөмiрiн ұсынылған Импорт туралы хабарлама нөмiрiмен салыстыруға мiндеттi. Одан кейiн импорттаушы бақылау қағазына қол қоюға және күнiн жазуға тиiс. Хабарланғаннан кейiн 6 ай iшiнде алынбаған аяқталған бақылау қағаздары және ИНЕ көшiрмелерi Кеден комитетi мен Алматыдағы СЖС офисiне жiберiлуi тиiс.
ИНЕ ТЕКСЕРУ
1996 жылғы 14 қаңтардан бастап немесе сол күннен кейiн кеден органдары кеден органдарына төлем тапсырыстарымен бiрге ұсынылатын iлеспелi құжаттарда көрсетiлетiн тауарларды тиеу күнiне ерекше назар аударуы тиiс. Қазақстанға 14 қаңтарда және одан кейiн кедендiк ресiмдеу процедурасынан өту үшiн тиелген, тиеп жөнелту алдындағы инспекция шарттары қолданылатын барлық тауарларға ИНЕ-нi көрсету талап етiледi. Егер тауарлар тиеп жөнелту алдындағы инспекциядан өтпей-ақ тиелген болса, импорттаушы инспекцияның процедурасынан импорттау елiнде, атап айтқанда Қазақстанда өтуi тиiс. Импорттаушы импорттаушының есебiнен жүргiзiлетiн осы инспекцияны жүргiзу үшiн Қазақстандағы СЖС Лтд. офисiне қайырылуы тиiс.
Аймақтық кеден басқармалары Кеден комитетiн Қазақстанда инспекция жүргiзiлген импорттаушыларға деректер жинақталатын импорт елiнде инспекция жүргiзудiң барлық жағдайлары туралы хабардар етуi тиiс. Жергiлiктi кеден мекемелерi импорт елiнде инспекция жүргiзу үшiн рұқсат бередi және осындай рұқсат берудiң барлық жағдайлары туралы Кеден комитетiн хабарландырады. Белгiленген тәртiптi бұзып, тауарларды өткiзетiн импорттаушыға Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" заң күшi бар Жарлығының 285 бабында көзделген шаралар (санкциялар) қолданылады.
ИНЕ-нi кеден органдары "рұқсат етiлмеген қаржыларды" анықтау тәсiлдерiнiң бiрi ретiнде пайдаланылуы мүмкiн. ИНЕ-де СЖС инспекциялаған тауарлардың мөлшерi және тиелген тауарлардың мөлшерi талдап көрсетiледi. Көбiнесе осы деректер ұқсас болады, бiрақ кейде түпкi құжаттар вагонда немесе жүк автомобилiнде орын жеткiлiктi болмағандықтан не ұйғарылғаннан көп тиелгендiгi себебiнен мүмкiн болып, тауарлардың аз тиелгендiгiн көрсетедi. Алғашқы жағдайда ИНЕ-де тиеп жөнелтудiң ұйғарылған мөлшерi, кеден бақылауы және айырмашылығы үшiн ұсынылатын нақты мөлшерi көрсетiледi.
Түпкi құжаттарда тауарлар ұйғарылғаннан көп тиелдi деп көрсетiлген жағдайда, импорт елiнде инспекция белгiленедi. Бұл инспекцияны Қазақстандағы СЖС Лтд. жүргiзедi.
ҚҰНЫ
СЖС кедендiк құнды анықтау үшiн барлық шығындар үстемеленетiн тауардың экспорттық нарықтық құнын анықтайды.
Бұған жеткiзу, сақтандыру, комиссиялық және делдалдық шығындар жатады. Бұл құн инвойста көрсетiлген құнға сәйкес келетiннен басқа жағдайларда ИНЕ-ге жазылады. ИНЕ оны басқа да құжаттармен бiрге тауарды кедендiк ресiмдеу үшiн көрсетуге тиiстi импорттаушыға берiледi. ИНЕ-нi алғаннан кейiн импорттаушы не делдал мәлiмделген құнға қатысты шешiм қабылдауға тиiстi. Ол олардың айырмашылығы бар жағдайда ИНЕ-де не инвойста көрсетiлген құнды негiзге ала ма, жоқ па? Егер негiзге СЖС ұсынылған құн алынса, кеден органдары да оны негiзге алуға тиiстi. Егер кеден төлемдерiн және салықтарын есептеу үшiн инвойста көрсетiлген құн қабылданса, кеден органдарынан құнның күмән тудыруы мүмкiн екендiгi туралы (ИНЕ) айғағы болғандықтан мәлiмделiнген құнның қаншалықты заңды екендiгi жөнiнде шешiм қабылдау талап етiледi. Мұндай жағдайларда импорттаушыдан олар мәлiмделген құнның шындыққа сәйкес келетiнiн құжатпен дәлелдеп көрсету талап етiледi.
Жеткiлiктi дәлел болған жағдайда инвойста көрсетiлген құн есептеу үшiн
негiзге алынуы мүмкiн. Барлық ақпарат төлем тапсырысында жазылуы тиiс.
Егер импорттаушы жеткiлiктi дәлелдердi көрсете алмаса, не кеден оған
қанағаттанбаса, ИНЕ-де көрсетiлген құн есептеу үшiн негiзге алынады.
Алматыдағы СЖС өкiлдiгiнiң мекен-жайы:
480083, Алматы қаласы, Жiбек жолы көшесi, 127 үй, 3 қабат
тел. (+3272) 50-75-41
50-75-42
50-75-43
50-75-44
факс (+3272) 50-76-76
50-76-70
Тиеп жөнелту алдындағы инспекцияға жататын және Қазақстанға 14
қаңтарда және сол күннен кейiн тиелетiн тауарларды келген жерiнде
кедендiк ресiмдеуден өту үшiн ИНЕ арқылы алып жүру керек.
Қосымша: Импорт туралы хабарламаның көшiрмесi 1 парақ
Инспекция нәтижелерi туралы есептiң (ИНЕ)
үлгiсi 1 парақ
Импорттаушылар үшiн жалпы деректер 1 парақ
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.