Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларға жөнелту алдындағы тәуелсiз инспекция жүйесiн енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 4 қазан N 1301. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.11.24. N 1778 қаулысымен. ~P991778

      "Сыртқы экономикалық қызметтi ырықтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 11 қаңтардағы N 2021 U952021_ Жарлығын Орындау үшiн импортталатын тауарлардың санына, сапасына және баға деңгейiнiң сәйкестiгiне жөнелту алдында тәуелсiз инспекция жүйесiн енгiзу мақсатында, сондай-ақ тауарлар жiктемесiн растау және кеден төлемдерi мен салықтарын дәл есептеу үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Сосиете Женераль ДЕ Сюрвеянс С.А." халықаралық тәуелсiз фирмасы өзiнiң шетелдегi филиалдары арқылы (Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларға жөнелту алдындағы тәуелсiз инспекцияны жүзеге асырудың тәртiбi туралы Ережеге қосымшада көрсетiлген елдердi қоспағанда) Қазақстан Республикасында импортталатын тауарларға жөнелту алдындағы инспекцияны жүзеге асыруға тартылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Кеден комитетi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен және қаржы министрлiгiмен келiсiп, аталған фирмамен Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларға жөнелту алдындағы инспекция жүргiзуге келiсiм жасасын.
      3. Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларға жөнелту алдындағы тәуелсiз инспекцияны жүзеге асырудың тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Кеден комитетi импортталатын тауарларға жөнелту алдындағы инспекция жүйесiнiң 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiлетiнi туралы Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық қызметiнiң субъектiлерiне осы қаулы шыққан күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде хабарласын.
      5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi мен аталған фирма арасындағы келiсiмiнiң шарттарына сәйкес инспекцияға жатпайтын тауарлардан басқа шет елдердегi жөнелту орындарында жөнелту алдындағы тәуелсiз инспекциясын "Сосиете Женераль де Сюрвеянс С.А." фирмасы жүргiзгеннен кейiн ғана барлық импорттаушылар тауарларды әкетуiн жүзеге асыруға мiндеттелсiн.
      6. Осы қаулы жарияланған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде, контрактiлер жасау кезiнде, қазақстанның импорттаушылар шет елде олардан жөнелту алдындағы инспекцияның өткiзiлуiн мiндеттi шарт ретiнде қарастыруы тиiс.
      7. Осы қаулы жарияланғанға дейiн жасалған контрактiлерде, ол жарияланған күннен бастап 2 айдың iшiнде "Сосиете Женераль де Сюрвеянс С.А." - ның жөнелту алдындағы инспекциясы мiндеттi шарт ретiнде толықтырылуы тиiс.
      8. Қазақстан Республикасының Кеден органдары "Сосиете Женераль де Сюрвеянс С.А." фирмасының жөнелту алдындағы инспекциясының нәтижелерi бойынша есеп алынған кезде ғана республика аумағына импортталатын тауарлардың еркiн жүруiне жiберудi жүргiзсiн.
      9. Импортталатын тауарлардың кедендiк құнын белгiлеу кезiнде кеден органдары фирма берген тауарлардың жiктемесi мен баға деңгейi туралы деректердi негiзге алады деп белгiленсiн.
      10. Ұлттық тұтынушының мүдделерiн қорғау және Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларға жөнелту алдында инспекция жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi көрсетiлетiн қызметтерге төлем шығыстарын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiне жыл сайын 1996-1998 жылдарға арналған заңдардың жобаларын дайындау кезiнде қарастыратын болсын.
      11. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Кеден комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiп, осы шығындарды пайдаланудың тәртiбiн бiр ай мерзiмде әзiрлеп, бекiтуге енгiзсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-министрi



                                        Қазақстан Республикасы



                                        Министрлер Кабинетiнiң

                                        1995 жылғы 4 қазандағы

                                        N 1301 қаулысымен

                                            БЕКIТIЛГЕН



 
         Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларға жөнелту
     алдындағы тәуелсiз инспекцияны жүзеге асырудың тәртiбi туралы
 
                     I. Жалпы ережелер
      1. Осы Ереже "Сосиете Женераль де Сюрвеянс" (бұдан әрi фирма)* тәуелсiз фирмасы жүзеге асыратын импортталатын тауарлардың тауарлық жiктемесiн растау және кеден төлемдерi мен салықтарын дәл есептеу үшiн олардың санына, сапасына және баға деңгейiнiң сәйкестiгiне жөнелту алдындағы тәуелсiз инспекция жүргiзудiң тәртiбiн айқындайды.
      2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының кеден және басқа заңдарының талаптары ескерiлiп әзiрлендi және ол шет елдермен сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыратын барлық импорттаушылар (осы Ереженiң қосымшасында көрсетiлген елдерден басқа) үшiн орындалуы мiндеттi.
      3. Ережеде мынадай терминдер қолданылады:
      "Импорттаушылар" - олардың атынан Қазақстан Республикасына тауарлар импорттауға (бұдан әрi контракт) контракт (шарт, келiсiм)
      жасалған заңды тұлғалар мен жеке адамдар.
      "Тауарлар" - жолаушылар мен тауарлардың халықаралық тасымалында пайдаланатын, соның iшiнде контейнерлер мен өзге де көлiк жабдықтарын қоса алғанда, көлiк құралдарынан басқа материалдық дүниедегi кез келген қозғалатын заттар, соның iшiнде электр, жылу және басқа да энергияның түрлерi мен көлiк құралдары.
      "Есеп-фактура" - экспорттаушы импорттаушының атына жазатын және тауардың нақты берiлгенiн, оның құнын айғақтайтын тауар құжаты.
      "НБЕ" - Тәуелсiз инспекцияның нәтижелерi бойынша есеп.
      "ҚТ" - фирманың қорғаныш таңбасы (НБЕ-нi қорғау үшiн).
 
          II. Импорт бойынша жұмыстарды жүзеге асырудың тетiгi
      4. Импорттаушы шетелдiк экспорттаушыға тапсырысын растайды да, тауарлардың республиканың кеден шекарасынан кiдiрiссiз өтуi үшiн оған фирманың НБЕ-сi керек екенi жөнiнде ескертедi.
      5. Мәмiле бойынша әрiптестер фирманың филиалының (немесе өкiлеттi агентiнiң) жөнелтiлетiн елде тауарларды жөнелту алдында мiндеттi түрде инспекциялау туралы контрактiге тармақ қарастырады.
      6. Импорттаушы фирманың Қазақстандағы Өкiлдiгiне импорт бойынша мәмiле туралы толық хабарлайды.
      7. Фирманың Қазақстандағы Өкiлдiгi импорт мәмiлесi бойынша хабар алған соң экспорттаушының немесе тауар берiлген елдегi фирманың филиалына (немесе өкiлеттi агентiне) экспорттаушымен байланыс жасап, контракт бойынша қажеттi ақпарат алады және шетелдiк экспорттаушымен бiрлесiп жөнелту алдындағы инспекция жүргiзiлуi тиiс орынды, уақытты және нақты күндi белгiлейдi.
      9. Фирманың шет елдегi филиалы (немесе өкiлеттi агентi) импортталған тауарлардың санына, сапасына, баға деңгейiнiң сәйкестiгiне жөнелту алдындағы инспекцияны жүзеге асырады, Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген Тауарларды сипаттау мен кодтаудың үйлестiрiлген жүйесiне сәйкес тауардың кодын белгiлейдi.
      10. Инспекция аяқталған соң фирманың шетелдегi филиалы (немесе өкiлеттi агентi) НБЕ үшiн мәлiметтердi құрастырады. Егер шетелдiк сатушы сапасы, саны жөнiндегi анықталған айырмашылықты жоюдан немесе есеп фактураға қажеттi өзгерiстер енгiзуден бас тартса, егер баға әдеттегi экспорттық бағадан жоғары екенi анықталса, мұндай жағдайда фирма НБЕ-нi беруден бас тартады да, бұл жөнiнде - Айырмашылықтар туралы есеп арқылы Қазақстандағы тиiстi тараптар хабарланады.
      11. Егер фирманың филиалы (немесе өкiлеттi агентi) белгiленген баға әдеттегi экспорт бағасынан төмен екенiн анықтаса, мұндай жағдайда, шетелдiк экспорттаушының есеп-фактурасына өзгерiстер енгiзу талап етiлмейдi, дұрыс баға НБЕ-нi көрсетiледi, кеден төлемдерi мен салықтар соған сәйкес алынады.
      12. Шетелдегi фирманың филиалы (немесе өкiлеттi агентi) ҚТ-ны бекiту жолымен есеп-фактураның соңғы нұсқасын куәландырады. Осыдан кейiн НБЕ-нiң деректерi фирманың Қазақстандағы Өкiлдiгiне жiберiледi.
      13. Шетелдiк экспорттаушы фирма растаған Қорғаныш Таңбасы бар есеп-фактураның соңғы нұсқасын алады.
      14. Шетелдiк экспорттаушы төлемдi жүзеге асыру үшiн бекiтiлген ҚТ-мен есеп фактурасын (аккредитив арқылы мәмiлелер жасалған жағдайда талап етiлетiн басқа құжаттармен бiрге) Банкке тапсырады немесе аккредитивсiз мәмiлелер жасалған жағдайда, бекiтiлген ҚТ-мен есеп-фактураны басқа да коммерциялық құжаттармен бiрге Қазақстандағы импорттаушыға жiбередi.
      15. Фирманың филиалы (өкiлеттi агентi) НБЕ-нiң деректерiн электрондық коммуникациялар арқылы фирманың Қазақстандағы Өкiлдiгiне бередi, ол НБЕ-нiң түпнұсқасын белгiленген арналар бойынша импорттаушыға және көшiрмелерiн Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне бередi. Импорттаушы Қазақстан Республикасының Кеден қызметтерiнiң тауарларды кеден сылуынан өткiзу үшiн мiндеттi құжат ретiнде НБЕ-нiң түпнұсқасын кеден органдарына тапсырады.
      16. НБЕ-де бар фирманың деректерi негiзiнде кеден мекемесi импорттаушы төлеу үшiн тауарлардың номенклатурасын айқындайды, кеден салымдарының, салықтардың, баж салықтарының мөлшерiн белгiлейдi, кеден декларациясы қабылданған күндегi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бағамы бойынша есеп айырысу жүргiзедi.
      17. Фирманың Қазақстандағы Өкiлдiгi статистикалық материалдар құрастырады және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiне және басқа мүдделi ведомстволарына өзiнiң қызметi шеңберiндегi сыртқы сауда жөнiнде статистика туралы ақпараттың түсуiн қамтамасыз етедi.
      18. "Сосиете Женераль де Сюрвеянс С.А." фирмасының филиалы немесе өкiлеттi агенттiгi Әлемдiк сауда ұйымының (ӘСҰ) жөнелту алдындағы инспекция жөнiндегi халықаралық Келiсiмiне сәйкес шетелдiк экспорттаушыдан соңғы құжаттар (есеп-фактурамен және көлiк құжаттары) алынған күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде НБЕ-нiң импорттаушыға берiлуiн қамтамасыз етедi.
      19. Құны контракт, тапсырыс немесе аккредитив бойынша тепе-теңдiгi үш мың АҚШ долларынан кем тауарлар тобы инспекциялауға немесе баға тексерiсiне жатпайды.
 

                                             Қосымша



 
         Олардың кеден аумағынан шығатын тауарларды әкету жөнiндегi

 

      "Сосиете Женераль де Сюрвеянс С.А." фирмасының жөнелту

       алдындағы инспекциясы жүргiзiлмейтiн елдердiң тiзiмi


                   Армения

                   Әзiрбайжан

                   Беларусь

                   Грузия

                   Қырғызстан

                   Молдова

                   Ресей Федерациясы

                   Тәжiкстан

                   Түркiменстан

                   Украина

                   Өзбекстан





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады