Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң нормативтi актiлерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы"
Z952368_
Жарлығының 170-бабына сәйкес келтiру мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 16 қазандағы N 145-П бұйрығымен бекiтiлген "Уақытша сақтау туралы (уақытша сақтау қоймалары туралы)" ережесiнiң 6.4-тармағының күшi жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң "Уақытша сақтау туралы ереженi бекiту туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы N 145-П бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы" 1996 жылғы 30 шiлдедегi N 152-П бұйрығының күшi жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының "Уақытша сақтау" 25-тарауымен анықталған уақытша сақтау тәртiбi басшылыққа алынсын.
4. Облыстық Кеден басқармаларының бастықтары, кедендердiң бастықтары кеден органдары құратын уақытша сақтау қоймаларын ұйымдастыру мүмкiндiгiн қарастырсын және 1996 жылғы 10 қарашаға дейiн баяндап хабарласын.
5. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төрағаның Бiрiншi орынбасарына жүктелсiн.
Төраға