Кеден комитетiнiң N 145-П бұйрығына өзгерiстер енгiзу мен N 152-П бұйрығының күшiн жою туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Кеден комитетi 1996 жылғы 14 қазан N 202-П Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 27 қарашада N 24 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің 2000.03.18. N 93 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң нормативтi актiлерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы"  Z952368_  Жарлығының 170-бабына сәйкес келтiру мақсатында бұйырамын: 
      1. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 16 қазандағы N 145-П бұйрығымен бекiтiлген "Уақытша сақтау туралы (уақытша сақтау қоймалары туралы)" ережесiнiң 6.4-тармағының күшi жойылсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң "Уақытша сақтау туралы ереженi бекiту туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы N 145-П бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы" 1996 жылғы 30 шiлдедегi N 152-П бұйрығының күшi жойылсын. 
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының "Уақытша сақтау" 25-тарауымен анықталған уақытша сақтау тәртiбi басшылыққа алынсын. 
      4. Облыстық Кеден басқармаларының бастықтары, кедендердiң бастықтары кеден органдары құратын уақытша сақтау қоймаларын ұйымдастыру мүмкiндiгiн қарастырсын және 1996 жылғы 10 қарашаға дейiн баяндап хабарласын. 
      5. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төрағаның Бiрiншi орынбасарына жүктелсiн. 

      Төраға 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады