Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 25 қыркүйектегi N 124-П бұйрығының 9 тармағында көзделген есеп беру нысанын қолданудың мақсатқа сай келмейтiндiгiне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" жарлығының 109-бабында тауарларды кедендiк қорғасын және жай мөртаңбалармен тасымалдау үшiн көлiк құралдарына (контейнерлерге) рұқсат ету туралы куәлiк беру үшiн алымдардың көзделмегенiн ескере отырып, бұйырамын:
1. Төмендегiлердiң күшi жойылған болып есептелiнсiн:
- Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң "Тауарларды кедендiк қорғасын және жай мөртаңбалармен тасымалдау үшiн көлiк құралдарын (контейнерлердi) жабдықтау ережелерiне қатысты қалыпты актiлердi бекiту туралы" N 124-П бұйрығының 9-тармағы;
- Тауарларды кедендiк қорғасын және жай мөртаңбалармен тасымалдау үшiн көлiк құралдарына (контейнерлерге) рұқсат ету тәртiбi туралы нұсқаудың 2.7.-2.9. - тармақтары.
- Рұқсат ету тәртiбi туралы нұсқаудың 6.7-тармағының екiншi абзацы;
- Рұқсат ету тәртiбi туралы нұсқаудың 11.9-тармағы.
Төраға