124-П бұйрыққа өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Бұйрық Қазақстан Республикасы Кеден комитетi 1996 жылғы 28 қазан N 217-П Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 13 желтоқсанда N 26 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 25 қыркүйектегi N 124-П бұйрығының 9 тармағында көзделген есеп беру нысанын қолданудың мақсатқа сай келмейтiндiгiне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" жарлығының 109-бабында тауарларды кедендiк қорғасын және жай мөртаңбалармен тасымалдау үшiн көлiк құралдарына (контейнерлерге) рұқсат ету туралы куәлiк беру үшiн алымдардың көзделмегенiн ескере отырып, бұйырамын:
      1. Төмендегiлердiң күшi жойылған болып есептелiнсiн:
      - Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң "Тауарларды кедендiк қорғасын және жай мөртаңбалармен тасымалдау үшiн көлiк құралдарын (контейнерлердi) жабдықтау ережелерiне қатысты қалыпты актiлердi бекiту туралы" N 124-П бұйрығының 9-тармағы;
      - Тауарларды кедендiк қорғасын және жай мөртаңбалармен тасымалдау үшiн көлiк құралдарына (контейнерлерге) рұқсат ету тәртiбi туралы нұсқаудың 2.7.-2.9. - тармақтары.
      - Рұқсат ету тәртiбi туралы нұсқаудың 6.7-тармағының екiншi абзацы;
      - Рұқсат ету тәртiбi туралы нұсқаудың 11.9-тармағы.
 
      Төраға
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады