ЕСКЕРТУ. Мәтiнiнде сөздер ауыстырылды - ҚР Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң 1997.08.04. N 386 қаулысымен .
Жекешелендiру объектiлерiн ұзартылған мерзiмге сатуды жүйелендiру және сұранысы аз мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiру процесiн жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жекешелендiру объектiлерiн ұзартылған мерзiмге сату тәртiбi жөнiндегi ұсынылған Ереже бекiтiлсiн.
2. Әлеуметтiк инфрақұрылымдар объектiлерiн жекешелендiру басқармасы осы Ереже жөнiндегi мәлiметтердi аумақтық комитеттерге жеткiзсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң 1996 жылдың 5 наурызындағы N 82 "Жекешелендiру объектiлерiн ұзартылған мерзiмге сату Тәртiбiн бекiту туралы" қаулысының күшi жойылған деп танылсын (Қазақстан Республикасының Заң Министрлiгiнде 1996 жылдың 18 сәуiрiнде тiркелген. Тiр. N 167).
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Төраға орынбасарлары Т.С.Сарабекова мен Ю.Е.Дуберманға жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Жекешелендiру жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi
Жекешелендiру объектiлерiн ұзартылған мерзiмге
сату тәртiбi жөнiндегi
Ереже
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылдың 23 желтоқсандағы N 2721 Заң күшi бар Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету Бағдарламасына сәйкес жасалған және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылдың 13 желтоқсанындағы N 2680 Жарлығымен бекiтiлген және жекешелендiру объектiлерiн ұзартылған мерзiмге сатудың тәртiбiн реттейдi.
2. Ұзартылған мерзiмге сатылатын объектiлер болып Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы N 2721 Заң күшi бар "Жекешелендiру туралы" Жарлығының 5 бабымен келiсiлген, жекешелендiруге жататын кез келген объектiлер саналуы мүмкiн.
3. Ұзартылған мерзiмге сатылатын объектiлердiң Сатушысы болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi мен оның аумақтық органдары саналады.<*>
4. Жекешелендiру объектiлерiн ұзартылған мерзiмге сату жөнiндегi шешiмдi Сатушы қабылдайды.
Бұл жағдайда Сатушы:
- сату бағасынан он бес проценттен кем емес мөлшердегi алғашқы жарна көлемiн;
- төлем уақыты үш жылдан аспау керектiгiн анықтайды.
5. Объектiлердi ұзартылған мерзiмге сату аукциондар, тендерлер немесе мәлiмдi тiкелей сату саудаларын өткiзген кезде қолданылады. Сауда-саттық сауданың түрiне сәйкес реттелiп отыратын ережеге сай өткiзiледi.
6. Ұзартылған мерзiмнiң төлем мүмкiндiгi сауда өткiзiлгенге дейiн хабарланады және барлық қатысушыларға мәлiмделедi.
7. Ұзартылған мерзiмге сату кезiндегi объект құны мынадай ретпен төленедi:
Осы ереженiң 4 тармағына сәйкес Сатып алушы алғашқы жарна сомасын сатып алу-сату келiсiм шарты жасалған күннен бастап отыз күн iшiнде төлейдi.
Қалған соманы Сатып алушы сатып алу-сату келiсiм шартымен бекiтiлген ретке байланысты төлейдi. Бұл жағдайда Сатып алушы кезектi төлемдерiн мерзiмiнен бұрын төлеуге құқылы.
Әлi төленбеген сомаларға екi жақтың келiсiмiмен белгiленген мөлшерде процент есептеледi.
Төраға