Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының жүйесiн реформалау бойынша кезектi шаралар туралы" Жарлығының және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 18 маусымдағы N 984 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi туралы" қаулысының қабылдануына байланысты, Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң шығарған нормативтiк құқықтық актiлерiн оларға сәйкестендiру, сондай-ақ өткiзiлмеген нысандар бойынша сатып алушылардың кең көлемiн саудаға тартуды қамтамасыз ету және сауданы өткiзу тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жекешелендiру жөнiндегi департаментi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi шығарған, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелген нормативтiк құқықтық актiлерiне (мәтiн бойынша қосымша) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
а) "Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi" сөздерi "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi" сөздерiмен ауыстырылсын;
б) "одан әрi - Комитет" сөздерi "одан әрi - Департамент" сөздерiмен ауыстырылсын;
в) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктердi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi" сөздерi "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiктер мен активтердi басқару жөнiндегi департаментi" сөздерiмен ауыстырылсын;
г) "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi" сөздерi "Ауылшаруашылық министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi" деген сөздерiмен ауыстырылсын;
д) "Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы" сөздерi "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiнiң директоры" сөздерiмен ауыстырылсын.
2. 1996 жылғы 22 ақпандағы N 60 жекешелендiрiлетiн нысандарды сату бойынша аукциондарды ұйымдастыру мен өткiзу туралы Ережеге мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн, тiркеу N 158 1996 жылғы 11 наурыз:
а) 2.3.2. баптар мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Голланд әдiсi бойынша саудаға қойылатын өткiзiлмеген кешендер бойынша ең аз баға тағайындалады, кепiлдiк жарнаның мөлшерi Сатушының қалауы бойынша тағайындалады".
3. 1996 жылғы 11 маусымдағы N 240 "Жекешелендiрiлетiн нысандарды сату бойынша ашық тендерлердi өткiзу тәртiбi туралы Ережеге" мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн, тiркеу N 186 1996 жылғы 23 шiлде:
а) екiншi абзацтың 6-тармағындағы:
- бiрiншi сөйлемнiң "жәй" сөзi алынып тасталсын;
- мынадай мазмұндағы сөйлем енгiзiлсiн: "Дауыс беру тәсiлiн (ашық, жабық) комиссия анықтайды".
б) 10-тармақтың екiншi абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Саудаға голланд әдiсi бойынша қойылатын нысандар бойынша кепiлдiк жарнаның мөлшерi нысанның бастапқы бағасының 5 процентiне дейiнгi мөлшерде тағайындалуы мүмкiн".
Жекешелендiру жөнiндегi
департаменттiң директоры
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң
Жекешелендiру жөнiндегi
департаменттiң
1997 жылғы 4 тамыздағы
N 386 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi шығарған нормативтiк
құқықтық актiлерiнiң
ТIЗБЕСI
1. 1996 жылғы 7 ақпандағы N 37 аукциондарда мемлекеттiк акция пакеттерiн сату тәртiбi туралы Ереже, тiркеу N 153 1996 жылғы 16 ақпан.
2. 1996 жылғы 9 сәуiрдегi N 37 "1996 жылғы 7 ақпандағы N 37 аукциондарда мемлекеттiк акция пакеттерiн сату тәртiбiн бекiту туралы" қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" қаулысы, тiркеу N 76, 1996 жылғы 19 ақпан.
3. 1996 жылғы 22 ақпандағы N 60 жекешелендiрiлетiн нысандарды сату бойынша аукциондарды ұйымдастыру мен өткiзу туралы Ереже, тiркеу N 158 1996 жылғы 11 наурыз.
4. 1996 жылғы 19 наурыздағы N 106 мемлекеттiк акция пакеттерiн сату бойынша аукциондардан ұйымдастыру мен өткiзуге арналған шарттарды жасау құқығы үшiн конкурстарды өткiзу тәртiбi туралы Ереже, тiркеу N 178 1996 жылғы 28 маусым.
5. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi органдарының жер учаскелерiн меншiк құқығына беру, Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 25 сәуiрдегi N 163 және Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң, бiрлескен қаулыларымен бекiтiлген, сатуға қойылатын жекешелендiру нысандарын жер пайдаланушы құқығына беру бойынша органдардың өзара әрекет ету тәртiбi, тiркеу N 179 1996 жылғы 8 шiлде.
6. 1996 жылғы 11 маусымдағы N 240 Жекешелендiру нысандарын сату бойынша ашық тендерлердi өткiзу тәртiбi туралы Ереже, тiркеу N 186 1996 жылғы 23 маусым.
7. 1996 жылғы 11 маусымдағы "1996 жылғы 2 тамыздағы N 354 Жекешелендiру нысандарын сату бойынша ашық тендерлер өткiзу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" қаулыға толықтырулар енгiзу туралы" қаулы, тiркеу N 19 1996 жылғы 6 тамыз.
8. Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң 1996 жылғы 18 сәуiрдегi N 310 және Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң 1996 жылғы 16 сәуiрдегi N 142 бiрiккен қаулыларымен бекiтiлген Жұмысшы жабдықтау басқармаларының (бөлiмдерiнiң) жекешелендiру тәртiбi туралы Ереже, тiркеу N 190 1996 жылғы 8 тамыз.
9. 1996 жылғы 24 мамырдағы N 206 Жекешелендiру нысандарын қарызға сату тәртiбi туралы Ереже, тiркеу N 190 1996 жылғы 23 қыркүйек.
10. Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi комитеттiң 1996 жылғы 8 мамырдағы N 354 және Мемлекеттiк жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң 1996 жылғы 8 мамырдағы N 183 қаулыларына Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң 1996 жылғы 16 шiлдедегi N 497 және Мемлекеттiк жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң 1996 жылғы 16 шiлдедегi N 204, бiрлескен қаулыларымен енгiзiлген өзгерiстермен және толықтырулармен бiрлескен қаулылармен бекiтiлген 01.01.96 ж. дейiн жалға берiлген мемлекеттiк меншiк нысандарын беру және тiкелей бәсiрелi сату Нұсқаулығы, тiркеу N 205 1996 жылғы 8 қазан.
11. 1996 жылғы 28 қарашадағы N 599 "1996 жылғы 22 ақпандағы N 60 Жекешелендiру нысандарын сату бойынша аукциондарды ұйымдастыру мен өткiзу туралы Ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы қаулы, тiркеу N 27 1996 жылғы 25 желтоқсан.
12. 1997 жылғы 12 ақпандағы N 79 "Жекешелендiру нысандарын ауда-саттықта сатуды реттейтiн нормативтi актiлерге өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" қаулы, тiркеу N 38 1997 жылғы 22 ақпан.