Республикада биржалар жайын талдау барысында әр аймақ көлемiнде негiзiнен жалғыз биржа iс-әрекет жасайтыны анықталды. Олар, нарықтағы үстемдiк жағдайларын пайдалана отырып, Үкiметтiң шешiмiмен тек биржалар арқылы сатылатын өнiмдердi саудалау мәмiлесiн тiркеу ақысын еш негiзсiз көтерiп отыр.
Қазақ КСР Заңының "Бәсекелестiк пен монополиялық үстемдiктiң шектелуiн дамыту жайында" нарықты аймақтық принциппен бөлуге тиым салатын 8-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылдың 6 қыркүйегiндегi N 999 Қаулысының P940999_
4 тармағына сәйкес, биржалық саудаға қатысушылардың құқықтарын қорғау
мақсатында Қазақстан Республикасының баға және монополияға қарсы
комитетi қаулы етеді:
Үкiмет шешiмiмен арнайы тiркеуге жатқызылған тауарларды биржа
арқылы саудалау мәмiлесiн тiркеу ақысы мәмiле құнының 0,1 процентiнен
аспауы бекiтiлсiн.
Төраға