Биржаларда саудалау мәмiлеciн тiркеу ақысы туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының баға және монополияға қарсы саясаты жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1996 жылғы 24 қазан N 7/111 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 20 желтоқсанда N 234 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының 2002.01.14. N 06-ОД бұйрығымен.

      Республикада биржалар жайын талдау барысында әр аймақ көлемiнде негiзiнен жалғыз биржа iс-әрекет жасайтыны анықталды. Олар, нарықтағы үстемдiк жағдайларын пайдалана отырып, Үкiметтiң шешiмiмен тек биржалар арқылы сатылатын өнiмдердi саудалау мәмiлесiн тiркеу ақысын еш негiзсiз көтерiп отыр.
      Қазақ КСР Заңының "Бәсекелестiк пен монополиялық үстемдiктiң шектелуiн дамыту жайында" нарықты аймақтық принциппен бөлуге тиым салатын 8-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылдың 6 қыркүйегiндегi N 999 Қаулысының P940999_

 

4 тармағына сәйкес, биржалық саудаға қатысушылардың құқықтарын қорғау

мақсатында Қазақстан Республикасының баға және монополияға қарсы

комитетi қаулы етеді:

     Үкiмет шешiмiмен арнайы тiркеуге жатқызылған тауарларды биржа

арқылы саудалау мәмiлесiн тiркеу ақысы мәмiле құнының 0,1 процентiнен

аспауы бекiтiлсiн.

     Төраға





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады