Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 6 қыркүйек N 999. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының құрылымын жетiлдiру және оларды ұстауға жұмсалатын шығындарды қысқарту туралы" 1994 жылғы 15 шiлдедегi Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiрыңғай мемлекеттiк баға саясатын жүргiзу, монополиялық қызметтi шектеу, бәсекелестiктi дамыту, экономиканы монополиясыздандыру, нысапсыз бәсекелестiкке жол бермей және тұтынушылардың мүдделерi мен құқықтарын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк басқарудың орталық органы болып табылады. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тiкелей басшылық жасайды.
      2. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы осыған қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жүйесiне облыстық, Алматы және Ленинск қалалық аумақтық баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитеттерi енедi деп белгiленсiн. Олар Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрге бiрыңғай тiк құрылымды құрайды. Аумақтық комитеттер өз қызметiн Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жүктелген өкiлеттiктер шегiнде ұйымдастырады.
      Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттердiң басшыларын лауазымға Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы мемлекеттiк саясат жөнiндегi комитеттiң Төрағасы тиiстi әкiмдермен келiсу бойынша тағайындайды.
      4. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң өз құзыры шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық мемлекеттiк басқару органдарының ведомстволарының, жергiлiктi атқарушы органдардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң және олардың бiрлестiктерiнiң орындауы үшiн мiндеттi болып табылады деп белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне монополияға қарсы заңдарға қайшы келетiн министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың және басқа мемлекеттiк басқару органдарының нормативтiк актiлерiн, сондай-ақ кез келген меншiк нысанындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi басқару органдарының немесе олардың бiрлестiктерiнiң шешiмдерiн бұзу құқығы берiлсiн.
      5.
      Ескерту. 5-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.12.19.
               N 1805 қаулысымен.
      6. 1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң орталық аппаратын, баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттерiн ұстау шығындары Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнде көзделген мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға арналған қаражат есебiнен жүзеге асырылсын.
      7. Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Экономика министрлiгi жанындағы Мемлекеттiк баға комитетi, облыстық және Ленинск қалалық әкiмшiлiктерiнiң баға жөнiндегi бөлiмдерi, облыстық және Алматы қалалық экономика басқармаларының баға жөнiндегi бөлiмдерi өздерiнiң баланстарындағы және нақты пайдалануындағы жабдықтарды, мүлiктер мен құрыл-саймандарды Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң балансына беретiн болсын.
      8.
      9.
      Ескерту. 8 және 9-тармақтарының күшi жойылған - ҚРМК-нiң
               1995.12.19. N 1805 қаулысымен.
      10. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi баға және монополияға қарсы саясат мәселелерi жөнiндегi өздерi шығаратын нұсқаулықтарды, нұсқауларды және нормативтiк әрi әдiстемелiк сипаттағы басқа да актiлердi Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат

 

жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне қызмет бабында пайдалану үшiн

жiберiп тұратын болсын.

     11. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы

саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiм iшiнде Баға

және монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттер туралы

Ереженi бекiтсiн.

     12.



     Ескерту. 12-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.12.19.

              N 1805 қаулысымен.

            Қазақстан Республикасының

              Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                      1994 жылғы 6 қыркүйектегi

                                          N 999 қаулысымен

                                           Бекiтiлген

            Қазақстан Республикасының Баға және монополияға

          қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы

                               Ереже



 
       1. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және оның аумақтық комитеттерi (бұдан былай - Комитет) мемлекеттiк баға саясаттың қалыптастыру мен жүзеге асыру, тауар және қаржы рыноктарын монополиясыздандыру, монополиялық қызметтi шектеу мен оның жолын кесу, адал бәсекелестiктi дамыту, тұтынушылар құқығын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк басқарудың орталық органы болып табылады.
      Комитетке Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тiкелей басшылық жасайды.
      2. Комитет өзiнiң қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, мемлекетаралық шарттары мен келiсiмдерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары мен қаулыларын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
      шаруашылықты жүргiзудiң бәсекелестiк жағдайын қамтамасыз етуде, баға белгiлеуде және тұтынушылардың құқықтарын қорғауда бiрыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру;
      шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi, соның iшiнде тауар және қаржы рыноктарында үстем жағдайға ие болып отырған ұйымдық-басқару құрылымдарын, шетелдiк және бiрлескен кәсiпорындарды (бұдан былай - шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi) монополиясыздандыру;
      монополисттік қызметтi анықтау мен оның жолын кесу, бәсекелестiктi дамытуға жағдай жасау;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауар және қаржы рыноктарында үстем жағдайға ие болып отырған шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн реттеу;
      мемлекеттiк баға тәртiбiн, монополияға қарсы заңдарды, тұтынушылар құқықтарын сақтауға бақылау жасау және осы салалардағы ереже бұзушылықтардың жолын кесу;
      баға, монополияға қарсы саясат және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелерi бойынша басқа елдердiң тиiстi мемлекеттiк өкiмет органдарымен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау болып табылады.
      4. Өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес Комитет:
      "Монополиясыздандырудың, баға саясаты мен тұтынушылар құқықтарын қорғаудың Мемлекеттiк бағдарламасын" әзiрлеп, оны кейiннен Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуіне беру үшiн Министрлер Кабинетiне ұсынады;
      Қазақстан Республикасының Президентiне, Жоғарғы Кеңесiне және Министрлер Кабинетiне "Баға және монополияға қарсы саясаттың және тұтынушылар құқықтарын қорғаудың жайы туралы" жыл сайынғы баяндаманы түсiредi;
      Комитеттiң құзырына жататын мәселелер бойынша заңдық, нормативтiк және ұйымдық-өкiмдiк актiлердiң жобаларын Министрлер Кабинетiне енгiзедi;
      өз құзыры шегiнде баға белгiлеудiң, шаруашылық қызметiн реттеудiң, монополиясыздандыру мен тұтынушылар құқықтарын қорғаудың орындалуы үшiн мiндеттi нормалары мен ережелерiн әзiрлеп, бекiтедi;
      жұмыста жариялылықты қамтамасыз етедi, мемлекеттiк баға саясатын, монополиясыздандыруды, бәсекелестiктi дамытуды және тұтынушылар құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралардың жүзеге асырылу барысы туралы республика халқын хабардар етедi, кәсiпкерлер, тұтынушылар ұйымдарымен, кәсiподақтармен, басқа да қоғамдық ұйымдармен және қозғалыстармен байланысты жүзеге асырады;
      тұтынушылар үшiн қолы жететiн өзара алмастырыла алатын тауарлар мен қызмет көрсету рыноктарының шекарасын белгiлейдi, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi монополистер ретiнде тану туралы шешiм қабылдайды, осы рыноктарда үстем жағдайға ие болып отырған шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң Мемлекеттiк тiзiлiмiн (бұдан былай - тiзiлiм) жүргiзедi.
      5. Баға жөнiндегi мемлекеттiк саясат саласында Комитет:
      бағалар мен тарифтердi белгiлеу және қолдану жөнiнде әдiснамалық, әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады және баға белгiлеу тәртiбiн анықтайды;
      өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы және басқа да басым салалар бағалары арасында тепе-теңдiлiктi сақтаудың экономикалық әдiстерiн белгiлеп, енгiзедi, Баға құрылымын жетiлдiру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады.
      Бағаны белгiлеу мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi әкiмшiлiктердiң қызметiне әдiстемелiк басшылық жасауды және оны үйлестiрудi қамтамасыз етедi.
      Мемлекетаралық өнiмдер алмасуына ұсыныстар әзiрлейдi және олардың баға деңгейiн белгiлейдi;
      "Бәсекелестiктi дамыту және монополистiк қызметтi шектеу туралы" Заңның 14-бабына сәйкес рынокта монополист болып табылатын немесе үстем жағдайға ие болған шаруашылық жүргiзушi субъектiнi ұсақтауға (бөлуге) мүмкiндiк болмаса немесе ол тиiмсiз болса, баға белгiлеудi реттеу, рынокта инабатты тәртiп орнату туралы шешiмдер қабылдайды;
      мемлекеттiк бақылау мен қадағалау органдары, бюджеттiк ұйымдар, сондай-ақ тiкелей мемлекеттiк басқарудағы кәсiпорындар (мемсараптау, денсаулық сақтау мен бiлiм берудiң мемлекеттiк мекемелерi, жерге орналастыру, санитарлық-эпидемиологиялық және малдәрiгерлiк қадағалау, автомобиль инспекциясы, мемтексеру және т.б.) атқаратын ақылы жұмыс пен қызмет көрсетудiң баға прейскуранттары мен тарифтерiн бекiтедi;
      почта байланысының қызмет көрсетуiне, темiр жолдық жолаушылар тасымалына, коммуналдық қызмет көрсетуге, тiзiлiмге енгiзiлген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басқа да анағұрлым маңызды өнiм түрлерiне бағалар мен тарифтердi тiкелей реттеу жөнiнде Министрлер Кабинетiне ұсыныстар енгiзедi;
      монополдық жоғары (төмен) бағаларды анықтау және тым көп табыс алуды болдырмау мақсатымен рыноктарда талдау жүргiзедi.
      Әлемдiк және iшкi бағалардың жайы мен арақатынасын талдайды.
      6. Монополиясыздандыру, экономика мен қаржыны құрылымдық жағынан қайта құру саласында Комитет:
      жекелеген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi монополиясыздандыру бағдарламасын жасап, бекiтедi;
      егер олар тiзiлiмге енген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қатысуымен құрылатын немесе қайта құрылатын болса шаруашылықты жүргiзушi субъектiлер мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу үшiн түсiрген құжаттарға мiндеттi түрдегi қорытындыларды бередi.
      Ұйымдық-басқару құрылымдарды құруға мiндеттi түрдегi қорытындыларды бередi.
      Комитеттiң оң қорытындысынсыз жасалған мемлекеттiк тiркеменiң тиiстi актiлерiнiң күшi болмайды;
 
            Комитеттiң рұқсатынсыз жасалған тиiстi iс-әрекеттердiң заңдық күшi болмайды;
      Тiзiлiмге енгiзiлген кәсiпорындарды немесе акцияларының бақылау пакеттерiн, үлестер мен пайларды шетелдiк инвесторлардың сатып алуына рұқсат бередi;
      баға, республикалық және жергiлiктi рыноктардағы бәсекелестiктi дамыту, экономиканы монополиясыздандыру, үстем жағдайға ие болып отырған шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi және олардың бiрлестiктерiн құру мен қайта құру немесе олардың акцияларының бақылау пакеттерiн, үстем жағдайға ие болып отырған шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң үлестерi мен пайларын сатып алу және сату туралы немесе олардың басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң акцияларының бақылау пакеттерiн, үлестерi мен пайларын сатып алуы туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулыларының және басқа да мемлекеттiк басқару органдары шешiмдерiнiң жобаларын мiндеттi түрде алдын ала келiседi;
      санациялау жобаларын, Тiзiлiмге енгiзiлген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң төлем болмаған жағдайда қызметiн тоқтату немесе олар жөнiнде банкроттық рәсiмдi қолдану жайын келiседi.
      Ескерту. 6-тармақтың 6 абзацы алынып тасталды - ҚРМК-нiң
               1995.03.10. N 234 қаулысымен.
      7. Тұтынушылар құқықтарын қорғау саласында Комитет:
      басқа мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының iс-қимылын үйлестiредi, қоғамдық ұйымдарға тұтынушылар құқығын қорғау жөнiнде ұйымдық және әдiстемелiк көмек көрсетедi;
      тұтынушылардың құқығын қорғау жөнiндегi заңдардың сақталуына мемлекеттiк бақылау жасайды, бұл саладағы кемшiлiктердi жоюға шаралар қолданады.
      8. Өз функцияларын орындау үшiн Комитеттiң:
      Комитет құзырына жататын мәселелер бойынша ресми түсiнiктер беруге;
      Баға жөнiндегi ақпараттың анықтама-ақпарат қорын құруға және жүргiзуге;
      мемлекеттiк баға тәртiбiн, монополияға қарсы заңдарды және тұтынушылардың заңды құқын бұзу жөнiнде тексерулер жүргiзуге, Комитеттiң әкiмшiлiк комиссиясын құруға, өз құзыры шегiнде лауазымды адамдар мен азаматтарды шақыруға және айыппұл салуға немесе сондай айыппұл салу жөнiнде iс қозғауға;
      Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары мен азаматтарын, шетел азаматтарын, азаматтығы жоқ адамдарды мемлекеттiк баға тәртiбiнiң, монополияға қарсы заңдардың және тұтынушылар құқығының бұзылуы жөнiнде шақыруға және олардан қажеттi ақпарат, құжаттар немесе солардың көшiрмелерiн алуға;
      қажет болған жағдайларда Комитет қаржысы есебiнен тексерулер мен сараптауларды өткiзу үшiн басқа мекемелер мен ұйымдардан бiлiктi мамандар тартуға;
      өкiмет пен басқару органдарына, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен олардың лауазымды адамдарына мемлекеттiк баға тәртiбiн, монополияға қарсы заңдарды және тұтынушылардың заңды құқықтарын бұзуға байланысты ереже бұзушылықтарды жою тұрғысында, қаралуға мiндеттi ұсыныстар және орындалуға мiндеттi сақтандырулар мен ұйғарымнамалар беруге;
      мемлекеттiк баға тәртiбiн, монополияға қарсы заңдарды және тұтынушылардың заңды құқықтарын бұзатын өкiмет пен басқару органдары қабылдаған актiлердi, сондай-ақ осы органдардың, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң келiсiмдерiн заңды түрде толық немесе iшiнара күшi жоқ деп тануға;
      шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң тұтынушылар құқын, монополияға қарсы заңдар мен мемлекеттiк баға саясатын бұзу нәтижесiнде алған соманы бюджет кiрiсiне алу туралы белгiленген тәртiппен шешiм қабылдауға;
      мемлекеттiк баға тәртiбiн, монополияға қарсы заңдарды және тұтынушылардың заңды құқықтарын бұзуды болдырмау мақсатында сотқа талапкерлiк жасауға, олардың қаралуына қатысуға, сондай-ақ үшiншi жақтың талабын қолдауға;
      мәселе қылмыстық жауапкершiлiк жолымен шешiлетiн жағдайда мемлекеттiк баға тәртiбiн, монополияға қарсы заңдарды және тұтынушылардың заңды құқықтарын бұзуға байланысты материалдарды прокуратура органдарына беруге;
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң тапсырмасы бойынша шетелдердiң мемлекеттiк органдармен және үкiметтiк емес ұйымдармен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта Комитеттiң құзырына жататын мәселелер жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң еркiн бiлдiруге, монополияға қарсы саясатты жүргiзу мәселесi жөнiнде халықаралық жобалар мен бағдарламаларды әзiрлеу мен оларды жүзеге асыруға қатысуға құқығы бар.
      Ескерту. 8-тармақтың 7-шi абзацы алынып тасталды - ҚРМК-нiң
               1995.03.10. N 234 қаулысымен.
      9. Комитеттi лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi құрамына енетiн Төраға басқарады.
      10. Комитет Төрағасын Премьер-министрдiң ұсынысы бойынша лауазымға Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды және одан босатады.
      Комитет Төрағасының орынбасарларын Комитет Төрағасының ұсынысы бойынша лауазымға Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды және одан босатады.
      11. Комитет Төрағасы Комитетке басшылық етедi, Комитеттiң құзырына енетiн барлық мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдайды, өз өкiлеттiгiнiң бiр бөлiгiн комитеттiң лауазымды адамдары мен құрылымдық бөлiмшелерiне табыстайды және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн дербес жауап бередi.
      Төраға орынбасарлары арасындағы мiндеттердi бөлудi, белгiленген адам саны мен еңбекақы қоры шегiнде баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттердiң штаттық кестесiн бекiтудi, құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелер мен олардың басшыларының мiндеттерiн бөлудi Комитет Төрағасы жүзеге асырады.
      Ескерту. 11-тармақтың екiншi абзацынан сөздер алынып
               тасталған - ҚРМК-нiң 1995.02.06. N 115 қаулысымен.
      12. Комитеттiң аса маңызды мәселелерiн талқылау үшiн алқа құрылады.
      Алқа мүшелерiнiң дербес құрамына Комитет Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      Алқаның шешiмдерi қаулылар түрiнде шығарылып, оларға Комитет Төрағасы қол қояды.
      13. Комитет жүйесiне баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi облыстық, Алматы және Ленинск қалалық аумақтық комитеттерi, сондай-ақ қалалар мен аудандардағы олардың бөлiмшелерi мен уәкiлдерi енедi.
      Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттер Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi болып табылады, аумақтарда Комитеттiң функцияларын атқарады және өздерiне табысталған өкiлеттiктер көлемiнде құқықтарды пайдаланады әрi соған ғана есеп берiп отырады.
      Аумақтық комитеттердiң төрағаларын Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң Төрағасы тиiстi жергiлiктi әкiмшiлiктермен келiсе отырып лауазымға тағайындайды және одан босатады.
      14. Комитет жанында баға, монополияға қарсы саясат және тұтынушылар құқықтарын қорғау бағыттары бойынша сарапшылар кеңестерi, сондай-ақ Комитет уәкiлдерiнiң институты құрылады.
      Сарапшылар кеңестерiнiң дербес құрамы ғалымдар мен мамандардан, Комитеттiң, Қазақстан Республикасының басқа да министрлiктерi мен ведомстволарының қызметкерлерiнен жасақталады және оны Комитет Төрағасы бекiтедi.
      Комитет уәкiлдерi Комитет Төрағасы оларға берген құқықтарды пайдаланады.
      15. Комитеттiң орталық аппараты және баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттер Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнде көзделген мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға арналған қаражат есебiнен қаржыландырылады.
      16. Комитет заңды ұйым болып табылады, оның есеп айырысу шоты, фирмалық бланкiлерi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өзiнiң атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады.
      Аумақтық комитеттер заңды ұйымдар құқықтарын пайдаланады, олардың есеп айырысу шоты, фирмалық бланкiлерi мен өз атауы жазылған мөрлерi болады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады