Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің 23.05.2013 № 08-1-1-1/201 бұйрығымен (алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
I БӨЛIМ
Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс)
консулының мiндеттерi мен қызметiн ұйымдастыру
1 тарау. Жалпы ережелер
1.1. Кейбiр консулдық қызметтiң орындалуы баратын елiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi тағайындаған Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулдарына тапсырылуы мүмкiн.
Құрметтi (штаттан тыс) консул өз қызметiнде Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне, барған елдегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi мен консулдық мекемелерiне бағынышты.
1.2. Қазақстан Республикасының шет ел мемлекетiнде құрметтi (штаттан тыс) консулы болып тек қана осы мемлекеттiк азаматы тағайындалуы мүмкiн. Осымен бiрге Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы қоғамды белгiлi бiр орны, жеке басында қажеттi iскерлiк және моральдық қасиеттерi бар, өзiне жүктелген консулдық қызметтердi ойдағыдай орындап шыға алатын адам болуы керек.
Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы басқа мемлекеттiң құрметтi (штаттан тыс) консулы бола алмайды.
1.3. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметiнде қызмет атқара алмайды.
1.4. Құрметтi (штаттан тыс) консул мынадай қызметтердi атқарады:
- өзiнiң консулдық аймағында Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етедi;
- Қазақстан Республикасының өзi барған елмен достық қатынастарын дамытуға, сауда-экономикалық байланыстарын және туризмдi кеңейтуге жәрдемдеседi;
- өзi барған елде Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi мен консулдық мекемелерiнiң қызметiне қажеттi жәрдем көрсетедi;
- өзi барған елдiң үкiметiмен консулдық қызмет мәселелерi жөнiнде өзара iс-қимылды қамтамасыз етедi.
Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкiлдiгiнiң немесе консулдық мекемесiнiң нұсқауы бойынша, егер бұл Қазақстан Республикасының және барған мемлекетiнiң нормативтi актiлерiне қайшы келмесе, осы Ережеде көрсетiлмеген басқа да жекелеген консулдық қызметтердi орындай алады.
1.5. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы консулдық қызметтердi атқару кезiнде осы Ереженi, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мен барған мемлекетi қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарды басшылыққа алады.
1.6. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне бағынады және барған елдегi Қазақстан Республикасының өзi бағынышты дипломатиялық өкiлдiгiмен немесе консулдық мекемесiмен өзара тығыз бiрлесе отырып әрекет етедi.
1.7. Құрметтi (штаттан тыс) консулдың консулдық аймағының шекарасын, кеңсесi және резиденциясының орналасу жерiн, барған елмен келiсiм бойынша Сыртқы iстер министрлiгi анықтайды.
1.8. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген және консулдық аймақ шекарасын көрсететiн консулдық мекеменiң қазақ тiлiнде және барған елiнiң тiлiнде аты жазылған мөрi болады.
1.9. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулының өз кеңсесiне немесе өздерi тұрған ғимаратқа Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленiп және консулдық аймақ шекарасын көрсететiн консулдық мекемесiнiң аты жазылған тақта бекiтiп қою құқығы бар.
1.10. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулының резиденциясын қоса алғанда өзi тұрған ғимараттарға, сондай-ақ консулдық қызметiн атқаруына байланысты мiнiп жүрген көлiгiне де Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жалауын қадап қою құқығы бар.
1.11. 1.9 және 1.10 тармақтарда аталған құқықтарды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы мен барған мемлекетiнiң заңдары, ережелерi және әдеттерi есте болуы керек.
II тарау. Қазақстан Республикасының құрметтi
(штаттан тыс) консулын тағайындау және оның
қызметiн тоқтату тәртiбi
2.1. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулын барған мемлекет келiсiмiмен (тағайындалғанда) Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi немесе оның орнындағы адам тағайындайды және орнынан босату кезiнде барған елдегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi мен консулдық мекемесiнiң пiкiрi ескерiледi.
Құрметтi (штаттан тыс) консул белгiсiз мерзiмге тағайындалады.
Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулын тағайындау және қызметтен босатуға байланысты мәселелердi барған мемлекетпен келiсу дипломатиялық арналар арқылы жүзеге асырылады.
Құрметтi (штаттан тыс) консулдыққа кандидат Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң атына өзiнiң не себептi құрметтi (штаттан тыс) консул болғысы келетiнiн негiздеп және тапсырылған консулдық қызметтi тиянақты атқаратындығын және ол үшiн еңбекақы немесе сыйақы талап етпейтiндiгi туралы мiндеттемесiн көрсетiп арызын, сондай-ақ анкетаны, мен өзiнiң кәсiби қызметi туралы ақпаратты және барған елi мен Қазақстан Республикасының көрнектi саясатшылары мен iскер адамдарының ұсыну хаттарын Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне тапсырады.
2.2. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы тағайындалу кезiнде өзiнiң өкiлеттiгiн, толық аты-жөнiн, азаматтығын, өз мiндеттерiн атқаратын консулдық аймағын және құрметтi (штаттан тыс) консулдың туған жерiн растайтын патент нысанында немесе сол сияқты куәлiк түрiндегi құжатты алады.
Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулының консулдық патентiне Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi немесе оның орнындағы адам қол қояды.
2.3. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы баратын мемлекетiнiң келiсiмiн (экзекватура) алысымен өзiнiң қызметiн атқаруға кiрiседi.
Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулына экзекватура немесе оны алмастырушы басқа құжат берiлген күнiн, оның қызметiне кiрiскен күнiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне барған мемлекеттегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесi хабарлайды.
2.4. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы консулдық аймақта уақытша болмаған жағдайлардың бәрiнде бұл туралы алдын ала Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгiне немесе консулдық мекемесiне хабарлап отырады.
2.5. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы өз қызметiн мынадай жағдайда тоқтатады:
а) барған мемлекеттiң Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне құрметтi (штаттан тыс) консулдың өкiлеттiгi тоқтатылды деген мәлiметi бойынша;
б) экзекватураны күшiнен қалдыру бойынша;
в) барған мемлекеттiң Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне ол ел оны Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы деп есептеудi тоқтатты деген мәлiметi бойынша;
г) қызмет Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне, оның өзi барған елдегi Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкiлдiгіне немесе консулдық мекемесiн иландырарлық себептердi көрсетiп құрметтi (штаттан тыс) консулдың жолдаған жеке өтiнiшi бойынша да тоқтатылуы мүмкiн.
2.6. Басқа қызметке тағайындалғанда және қызметтен кеткенде Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы елтаңба бейнеленген мөрдi, штамптарды, кассаны, консулдық алым жинау маркасын, архивтi және басқа да консулдық реквизиттердi өзi тұрған мемлекеттегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгiнен немесе консулдық мекемесiнен актi бойынша қабылдап алады және өткiзiп бередi.
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы құрметтi (штаттан тыс) консулы қызметiнiң тоқтағаны туралы барған мемлекеттi хабардар етедi.
III тарау. Қазақстан Республикасы құрметтi (штаттан тыс)
консулының өз мiндеттерiн орындау тәртiбi
3.1. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы өзiне жүктелген мiндеттердi жеке өзi орындайды.
3.2. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы өзiнiң консулдық мiндеттерiн атқаруға байланысты консулдық аймақтан тыс орналасқан қазақстандық және шетелдiк мекемелер және ұйымдармен, сондай-ақ жеке адамдармен қатынасты тек ол өзi қол астында iстеп отырған Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесi арқылы ғана жасайды. Дипломатиялық өкiлдiк немесе консулдық мекеме болмаған жағдайда құрметтi (штаттан тыс) консул Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы әрекет етедi.
3.3. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесiнiң жәрдемдесуiмен, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң iс жүзiндегi нұсқаулықтарына сәйкес iс жүргiзудi және консулдық архивтi сақтауды ұйымдастырады, оның сақталуы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.
3.4. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулын тiркеу журналымен, штамппен және басқа да консулдық реквизиттермен Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, барған елiндегi ол өзi тiкелей басшылығымен қол астында iстейтiн Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесi қамтамасыз етедi.
3.5. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы өзiнiң консулдық аймағын бiр жылда бiр рет айналып шығады.
3.6. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулының үстiнен түскен өкпе-ренiш бағыныс тәртiбi бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi, барған мемлекеттегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi мен консулдық мекемесi қарайды.
II БӨЛIМ
Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс)
консулының Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары
мен азаматтарына қатысты қызметтерi
IV тарау. Жалпы ережелер
4.1. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы жеке өзi және ол өзi қол астында iстеп отырған Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесiмен бiрiге отырып, оның консулдық аймағындағы Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары және азаматтары оларға барған мемлекеттiң заңдары берген және Қазақстан Республикасы мен барған мемлекет қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар берген барлық құқықтарды толық көлемде пайдаланулары үшiн шара қолданады, сондай-ақ отандастарға қажеттi жәрдем көрсетедi.
4.2. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы оның консулдық аймағындағы Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары мен азаматтарының бұзылған құқықтарын қалпына келтiру үшiн тиiстi шаралар қолданады.
4.3. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы оның консулдық аймағында тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына есеп жүргiзедi, оларға қажеттi консулдық көмек көрсетедi.
4.4. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы өзiнiң консулдық аймағында тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын барған мемлекеттiң заңдары, қаулылары туралы, сондай-ақ жергiлiктi әдет-ғұрып және дәстүрлер туралы хабардар етедi.
4.5. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасының азаматтарына және отандастарға арналған мәдени-ағарту шараларын жүргiзуге жәрдемдеседi.
4.6. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесiмен келiсiп барған елдегi қабылданған практика мен тәртiптi сақтай отырып, барған мемлекеттiң сот және басқа мекемелерiнде Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының, егерде бұл адамдар олардың болмауына немесе басқа да себептерге байланысты уақытылы өз құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыра алмаса, осы адамдар құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатымен қажеттi түрде өкiлеттiгiн қамтамасыз етуге құқығы бар.
V тарау. Қазақстан Республикасының құрметтi
(штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасы азаматына
жанашырлық бiлдiру, қамқорлық көрсету және олардың
мүлкiн қорғау жөнiндегi қызметтерi
5.1. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемелерiмен келiсiп, оның консулдық аймағында тұратын Қазақстан Республикасының кәмелетке жасы толмаған ата-анасының қамқорынсыз қалған азаматтарына, сондай-ақ жасы кәмелетке толған, бiрақ денсаулығына байланысты өз құқығын өздiгiнен жүзеге асыра алмайтын және мiндетiн орындай алмайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына жанашырлық және қамқорлықты тағайындауға шаралар қабылдайды.
5.2. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасының азаматы қайтыс болған жағдайда ол туралы Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгiне немесе консулдық мекемесiне дереу хабарлайды және олардың келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасы азаматы қайтыс болғаннан кейiн артында қалған мүлкiн қорғауға немесе егер бұл мүлiктер iшiнара бүлiнетiн заттардан тұратын болса, сонымен бiрге сақтауы өте қымбатқа түсетiн болса, оларды сатуға шара қолданады. Сатудан түскен ақша тиесiлi иесiне қайтарылуы тиiс.
5.3. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары мен азаматтарының ақшаларын, материалдық заттарын, құнды қағаздарын, құжаттарын және басқа да мүлiгiн сақтауға қабылдай алады.
VI тарау. Қазақстан Республикасының құрметтi
(штаттан тыс) консулының Қазақстан Республикасының
хабар-ошарсыз жоғалып кеткен, тұтқында отырған, ұсталған
немесе басқа түрде бостандығынан айырылған немесе
жазасын өтеп келген азаматтарына қатысты қызметтерi
6.1. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы оның консулдық аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматының хабар-ошарсыз жоғалуына байланысты iздеу салу үшiн өзi барған мемлекеттiң құзырлы үкiметiнен жәрдем сұрай алады.
6.2. Қазақстан Республикасының азаматы тұтқындалған, ұсталған немесе басқа түрде бас бостандығынан айырылған жағдайда Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы бұл туралы барған мемлекеттегi Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкiлдiгi мен консулдық мекемесiн дереу хабардар етедi және олардан алған нұсқаулар бойынша әрекет жасайды.
6.3. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесiмен келiсiм бойынша күзетке алынған (тұтқындалған) немесе қылмысты жасауына күдiкпен ұсталған немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының бостандығын шектейтiн басқа шараларға тап болған, бас бостандығынан айырылып жазасын өтеушi, немесе басқа да сот шаралары немесе әкiмшiлiк шараларға пара-пар келетiндей түрде кесiмдi мерзiмiн өтеушi Қазақстан Республикасының азаматына қатысты, барған мемлекет заңдарының және Қазақстан Республикасы жасаған халықаралық шарттар ережелерiнiң сақталуын қадағалайды.
Заңдар мен шарттар бұзылған жағдайда ол бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне, дипломатиялық өкiлдiгiне немесе консулдық мекемесiне дереу хабарлайды.
VII тарау. Қазақстан Республикасының құрметтi
(штаттан тыс) консулының төл-құжат виза құжаттары,
құжаттарды талап ету және нотариат мәселелерi
бойынша қызметi
7.1. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiмен немесе консулдық мекемелерiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтары төлқұжаттарының мерзiмiн ұзарта алады және Қазақстан Республикасының азаматтарының төлқұжаттарына өзгерiстер енгiзедi.
7.2. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасынан құжаттар талап еткен арыздар мен өтiнiштердi қабылдайды және оларды Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкiлдiктерiнiң немесе консулдық мекемелерiнiң қарауына жолдайды. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы соңғысының тапсыруымен Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды тұлғалар мен жеке адамдардың өтiнiшi бойынша консулдық орналасқан елден құжаттарды талап ету мәселелерiмен де шұғылданады.
7.3. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесiмен келiсе отырып, мынадай нотариалдық iстердi жүзеге асыра алады:
а) Қазақстан Республикасына орналасқан қозғалмайтын мүлiктi иелiгiнен алу туралы шарттарды қоспағанда мәмiлелердi (шарттарды, өсиеттердi, сенiмхаттарды және басқаларды) куәландырады;
б) мұраға қалған мүлiктердi қорғауға шара қолданады;
в) бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар ерлi-зайыптылардың ортақ мүлiк үлесiне меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi;
г) мұраға құқық туралы куәлiк бередi;
д) мүлiктi иелiгiнен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды;
е) құжаттардың көшiрмелерiн және олардан жазып алынған үзiндiлердiң дұрыстығын растайды;
ж) құжаттарға қойылған қолдардың растығын куәландырады;
з) құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырады;
и) азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады;
к) азаматтың белгiлi бiр орында тұрғандығы фактiсiн куәландырады;
л) азаматтық фотографиялық кәртiшкедегi бейнеленген адаммен сәйкес келетiндiгiн куәландырады;
м) құжаттарды көрсеткен уақытты куәландырады;
н) жеке адамдар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн өзге жеке адамдар мен заңды тұлғаларға тапсырады;
о) депозитке ақша сомалары мен құнды қағаздар қабылдайды;
п) атқарушылық жазбаларын жүзеге асырады;
р) сақтауға құжаттар қабылдайды;
с) дәлелдемелердi қамтамасыз етедi;
т) теңiз наразылығын iске асырады.
7.4. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы нотариалдық әрекеттер iстегенде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нотариат, консулдық жарна және басқа да заң актiлерiн, сондай-ақ осы ереженi басшылыққа алады.
7.5. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы нотариалдық әрекет жасағанда оның құпиялығын сақтайды.
7.6. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы iстеген нотариалдық әрекеттер туралы анықтамалар мен құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нотариаты туралы заңдарына сәйкес берiледi.
7.7. Нотариалдық куәландырылатын арыздарға және басқа да құжаттарға Қазақстан Республикасының нотариалдық әрекетке iстеген құрметтi (штаттан тыс) консулының қатысуымен қол қойылады. Егер арыздар мен басқа да құжаттар құрметтi (штаттан тыс) консул жоқ кезде қол қойылған болса, онда қол қоюшы құжатта өзiнiң қол қойғанын растауға тиiс.
Нотариалдық әрекет жасаған Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасының азаматтарына олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi, заңнан хабарсыздық және басқа да жағдайлар нотариалдық әрекет нәтижесiнде оларға зиянын тигiзе алмайтындай болуы туралы ескертедi.
7.8. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы өз атына және өз атынан, өздерiнiң (өзiнiң) жұбайларының (жұбайының) атына және атынан, өзiнiң және жұбайының тiкелей туыстарының атына және атынан нотариалдық әрекет жасай алмайды.
7.9. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы нотариалдық жұмыстарды қазақ тiлiнде немесе орыс тiлдерiнде не сол өзi тұрған мемлекеттiң тiлiнде жүргiзедi.
7.10. Егер Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулына Қазақстан Республикасындағы Қазақстан азаматының пайдасына ашылған мұралар белгiлi болса, ол туралы барлық белгiлi болған мәлiметтердi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгiне немесе консулдық мекемесiне дереу хабарлайды.
7.11. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы, егер Қазақстан Республикасының заңына қайшы келген жағдайда немесе өзiнiң мазмұнымен Қазақстан Республикасының мүддесiне зиян келтiретiн жағдайда, немесе азаматтардың намысы мен арына нұқсан келтiретiн жағдайда нотариалдық iс жүргiзуден бас тартады.
Нотариалдық iсi жүргiзiлуден бас тартылған адамның өтiнiшi бойынша оған бас тартылу себебi баяндалады және шағымдану тәртiбi түсiндiрiледi.
VIII тарау. Консулдық қызметтердi атқаруға
байланысты консулдық алымдар және iсжүзiндiк
шығымдардың төлемi
8.1. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы консулдық жұмыстар жүргiзгенi үшiн Қазақстан Республикасының консулдық алымдар тарифiне сәйкес өзi тұрған елдiң валютасымен консулдық алым жинайды.
Консулдық алымдар Қазақстан Республикасының бюджеттiк кiрiсiне қосылады.
8.2. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулында Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгiмен немесе консулдық мекемесiмен келiсiп, өзiнiң консулдық жұмыстарын орындауына байланысты жұмсалған iсжүзiндiк шығындардың өтемiн төлеп алу құқығы болады. Мұндай жағдайда түскен қаражат құрметтi (штаттан тыс) консулдың өз билiгiнде қалады.
8.3. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулына, егер олардың өтiнiштерiнде көрсетiлген себептерi иландырарлық болса, кейбiр жеке адамдардан алынатын консулдық алымдарды азайту немесе мүлде алмау құқығы берiледi.
8.4. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы консулдық алымдар ретiнде түскен кiрiс туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне есеп берiп отырады.
8.5. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы мынадай жағдайларда консулдық алымдар алмайды:
а) Қазақстан Республикасы мен құрметтi (штаттан тыс) консул қызмет iстеп тұрған мемлекет арасында консулдық алым алыспау туралы халықаралық шарт болған жағдайда;
б) еңбек стажы, азаматтардың әлеуметтiк қамсыздандырылуы алимент iстерi және Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетiлген басқа да жағдайларда құжаттар талап еткенi және ресмилендiргенi үшiн.
III БӨЛIМ IХ тарау. Қазақстан Республикасының құрметтi
(штаттан тыс) консулының теңiз және әуе кемелерiне
қатысты қызметтерi
9.1. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң, дипломатиялық өкiлдiгiнiң немесе консулдық мекемесiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы жұмыс iстеп жатқан елде оның консулдық аймағы шеңберiндегi портта аумақтық және iшкi сауда, әуежайлар мен басқа да бекеттерде тұрған Қазақстан Республикасының кемелерiне жәрдем көрсетедi және консулдық қорғау жасайды, Қазақстан Республикасының кемелерiнде тұрған мемлекеттiң заңдарына және Қазақстан Республикасы мен барған мемлекетi қатысқан халықаралық заңдарға және жергiлiктi әдетке сәйкес толық көлемде құқық және иммунитет берiлуiн қадағалайды.
9.2. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасы мекемелерiнiң капитандары мен командирлерiн және экипаж мүшелерiн олар атқаруға мiндеттi немесе басшылыққа алуға тиiстi жергiлiктi жердiң санитарлық жағдайы, порттың немесе әуежайдың ережелерi, жергiлiктi заңдар мен әдеттерден, сондай-ақ кеме капитандары мен командирлерi жергiлiктi үкiмет орындарымен байланысқанда қажеттi басқа да мәлiметтерден хабардар етедi.
9.3. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасының сол елге келген кемесiне кiрiп шыға алады, және қажет болған жағдайда сол ел лауазымды адамдардың зияраты кезiнде кеме капитандарына немесе командирлерiне ерiп жүредi.
9.4. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасының кеме капитандарына немесе командирлерiне сол мемлекеттегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесiмен байланыс орнатуға көмектеседi.
9.5. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасы кемелерiнiң капитандарынан жүзу жағдайы туралы ақпарат алады.
Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесiнiң тапсыруы бойынша ол кеме экипажы құрамының өзгеруi туралы кеме ролiне белгi қоя алады.
9.6. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулының мынадай құқықтары болады:
а) Қазақстан кемелерiнiң сол елдiң портына кiруiне немесе әуежайына қонуына онда болуына, олардан шығуына немесе ұшып шығуына жәрдемдеседi;
б) Қазақстан Республикасы кемелерiнiң капитандары немесе командирлерiмен кеме экипаждары және порттағы басқа да жергiлiктi ұйымдармен және фирмалармен, полициялармен, кедендермен, сондай-ақ осы елдiң басқа да үкiмет орындарымен арада туылған дауларын шешуге көмектеседi;
в) Қазақстан кемелерiне байланысты декларация және басқа да құжаттар қабылдайды, ол туралы Қазақстан Республикасының сол елде тұрған дипломатиялық өкiлдiгiн немесе консулдық мекемесiн хабардар етедi;
г) экипаждардың демалыстарын, мәдени спорттық шараларын ұйымдастыруларына және өткiзулерiне жәрдемдеседi.
9.7. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы қажет болған жағдайда сол елдегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгiмен немесе консулдық мекемесiмен келiсiп Қазақстан Республикасы кемелерiнiң экипаж мүшелерiнiң теңiз және әуе кемелерiнiң жолаушыларын Қазақстан Республикасында емделуге жөнелтудi ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының азаматтары - экипаж мүшелерi немесе жолаушылары қайтыс болған жағдайда Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесiнiң келiсiмi бойынша, қайтыс болған адамның денесiн, оның құжаттары мен заттарын Қазақстан Республикасына жөнелтуге шара қолданады.
9.8. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасының кемелерi апатқа немесе аварияға тап болған жағдайда Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасының сол елдегi дипломатиялық өкiлдiгiне немесе консулдық мекемесiне ол туралы дереу хабарлайды, жолаушыларды, экипажды, кеменi және жүктердi құтқару үшiн қолынан келген шаралардың бәрiн қолданады.
Ол Қазақстан Республикасы кемелерiнiң капитандарына немесе командирлерiне күйзелiске ұшырағанда дәрiгерлiк көмек ұйымдастыру, адамдарды Қазақстан Республикасына жөнелту, теңiз наразылығы және басқа құжаттар туралы актiлер жасауда қажеттi жәрдем көрсетедi.
9.9. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасы теңiз және әуе кемелерi капитандарының немесе командирлерiнiң өтiнiшi бойынша кемелерден келген және кеткен уақыттарын, капитан немесе командирлердiң Қазақстан Республикасы құрметтi (штаттан тыс) консулының кеңсесiнде болған күнiн, белгiленген портты, жолаушылардың тiзiмдерiн, сондай-ақ жүктердiң санын, түрiн және белгiленген орындарын куәландыратын куәлар шақыру құқығы болады.
9.10. Егер Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулынан Қазақстан Республикасының кемесi енетiн қандай да бiр порттың қауiпсiздiгi күмәндi екендiгi немесе мүмкiн еместiгi туралы мәлiмет болса, ол туралы кеме капитандарына немесе командирлерiне ескертедi.
IV БӨЛIМ Х тарау. Қазақстан Республикасының құрметтi
(штаттан тыс) консулының автомобиль, темiр жол
көлiгiне және өзен флоты кемелерiне қатынасы
10.1. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы автомобиль, темiр жол көлiгi және өзен флоты кемелерiне байланысты қызметiн атқарған кезде осы ереженiң үшiншi бөлiгiндегi ережелердi басшылыққа алады.
V БӨЛIМ Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс)
консулының санитарлық, фитосанитарлық және
малдәрiгерлiк жөнiндегi қызметтерi ХI тарау. Қазақстан Республикасының құрметтi
(штаттан тыс) консулының санитарлық қорғау
жөнiндегi қызметтерi
11.1. Кейбiр осындай аурулар бұрын көрiлмеген аумақта карантин мен басқа да жұқпалы аурулар пайда болғанда Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы ол туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне, сол елдегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгiне немесе консулдық мекемесiне ауру ауданның атын, оған ұшыраған адамдар санын және жергiлiктi үкiметтiң жұқпалы ауруларға қарсы қолданған шараларын атап көрсете отырып хабарлайды.
11.2. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасына баруға рұқсат алған азаматтарды Қазақстан Республикасына барарда, егiлгендiгi және басқа қатысты құжаттар жөнiнде сертификатты көрсету қажеттiгi туралы хабардар етедi.
ХII тарау. Қазақстан Республикасының құрметтi
(штаттан тыс) консулының фитосанитарлық және
малдәрiгерлiк қорғау қызметi
12.1. Консулдық аймақ көлемiнде қауiптi аурулар немесе ауыл шаруашылық зиянкестерi пайда болғанда, сондай-ақ мал мен құстардың жаппай ауруға шалдығуы немесе аурудың адамға да, малға да ортақ таралу қауiп пайда болғанда Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы ол туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне, Қазақстан Республикасының сол елдегi дипломатиялық өкiлдiгiне немесе консулдық мекемесiне дереу хабарлайды.
12.2. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасына баруға рұқсат алған адамдарды Қазақстан Республикасына барарда хайуандарға, шикiзаттарға және мал өнiмдерiнен жасалған азықтарға және Қазақстан Республикасына барарда ұрықтарды, тiрi өсiмдiктердi, егетiн заттарды, жаңа үзiлген жемiстер мен көкөнiстердi алып жүру ережелерi жөнiндегi сертификаттарды көрсету қажеттiлiгi туралы хабардар етедi.
VI БӨЛIМ ХIII тарау. Қазақстан Республикасының құрметтi
(штаттан тыс) консулының консулдық хат-хабарларды
сақтау және оның есеп беру жөнiндегi мiндеттемесi
13.1. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулының пайдаланылуындағы Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, консулдық тақтасы, ресми мөрi мен штамптары, сондай-ақ консулдық архивi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiгi болып табылады.
Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы олардың сақталуы және қол сұғылмайтындығы бойынша шаралар қолданады және ол үшiн тiркелей өзi жауап бередi.
13.2. Консулдық хат-хабарлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулының қызметiне қатысты және оған Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi мен консулдық мекемесi берген ресми кiтаптар мен басылымдар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiгi болып табылады.
Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулының консулдық хабарлары Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң рұқсатынсыз жариялануы немесе үшiншi тұлғаларға берiлмеуi керек.
13.3. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы әр жылы 31 желтоқсанға дейiн Қазақстан Республикасының сол мемлекеттегi дипломатиялық өкiлдiгiне немесе консулдық мекемесiне өзiнiң өткен бiр жылдық консулдық қызметiнен есептеледi.
Жылдық есепте Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулының консулдық аймақта уақытша және тұрақты тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына қаратылған қызметi туралы, Қазақстан қатысқан ұйымдар мен фирмалар, консулдық аймаққа келген Қазақстан Республикасы теңiз және әуе кемелерiнiң экипаждары, консулдық қызмет туралы ақпараттар, сол мемлекеттiң консулдық қызметi туралы жаңа заң актiлерi, сондай-ақ консулдық аймақтың сауда, экономика және мәдени өмiрiндегi негiзгi оқиғалар қамтылады.
13.4. Қазақстан Республикасының құрметтi (штаттан тыс) консулы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне, сол мемлекеттегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгiне немесе консулдық мекемесiне өткен жылы консулдық әрекет пен қызмет көрсетуден жиналған ақша туралы, консулдық операцияларды жүзеге асыру кезiнде iсжүзiндiк шығындарды қайтарып алудан түскен түсiмдер, сондай-ақ консулдық қызметтердi атқаруына байланысты жұмсалған шығындары туралы есеп бередi.