Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.06.01 № 75 қаулысымен.
Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтердi бақылау жүйесiн жетiлдiру қажеттiлiгiне байланысты Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 25 сәуiрдегi N 40 V960025_ қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының тексерiстер жүргiзу тәртiбi туралы" Нұсқауға мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 1 тараудың 1 тармағының екiншi абзацындағы "эмитенттер" деген сөзден кейiн "кәсiпқой" деген сөз енгiзiлсiн және "бiрлестiк" сөзi "бiрлестiктер" сөзiмен ауыстырылсын.
2. 1 тараудың 2 тармағының бесiншi абзацындағы "эмиссияны кiдiрту туралы" деген сөздерден кейiн "немесе эмиссияны болмаған деп тану" деген сөздер енгiзiлсiн.
3. 1 тараудың 2 тармағы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын: "бағалы қағаздардың сақталысына және мәмiлелердiң одан кейiнгi орындалысына кепiлдiк беру мақсатында, сондай-ақ бағалы қағаздар шығарылымы және айланысы процесiнде құқықтарды және заңды мүдделердi қорғау мақсатында бағалы қағаздар ұстаушыларының шоттарына шек қою туралы шешiм қабылдау".
Алтыншы және жетiншi абзацтар тиiсiнше жетiншi және сегiзiншi болып саналсын.
4. II тараудың 5 тармағындағы "тексерiстер" сөзi "тексерiс" сөзiмен
ауыстырылсын және "заңдарға" деген сөзден кейiн мына сөздермен
толықтырылсын: "сондай-ақ эмитенттiң қаржылық жағдайын бағалауды жүзеге
асырады және бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының
белгiленген мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтауларына тексерiс
жүргiзедi".
5. II тараудың 13 тармағындағы "немесе эмитенттi" деген сөздер алып
тасталсын.
6. III тараудың 17 тармағындағы "тексерiлген шаруашылық жүргiзушi
субъект" деген сөздер алып тасталсын.
Ұлттық комиссияның
Төрағасы