"Қызметкердiң еңбек мiндеттерiн атқару кезiндегi зақымдануы салдарынан денсаулығының бұзылуына немесе жарымжан болуына байланысты медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссияларының (МӘСК) оның кәсiптiк еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесiн белгiлеу тәртiбi туралы нұсқамаға" өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 1996 жылғы 31 қазан N 99 Бұйрық. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 2 желтоқсанда N 25 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы N 282-ө бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бiрiншi орынбасарының А.В.Константиновтың 1996 жылғы 17 қазандағы N 7-5-96 наразылығының негiзiнде бұйырамын: 
      1. "Қызметкердiң еңбек мiндеттерiн атқару кезiндегi зақымдануы салдарынан денсаулығының бұзылуына немесе жарымжан болуына байланысты медициналық-әлеуметтiк сараптау комиссияларының (МӘСК) оның кәсiптiк еңбек қабiлетiнен айырылу дәрежесiн белгiлеу тәртiбi туралы нұсқамаға"  V950096_ мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      24-тармақтың 4-абзацы алынып тасталсын. 
      2. Республикалық МӘСК-нiң төрағасы Р.Ж. Әбдіхалықова өзгерiстер енгiзу туралы белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн. 
      3. Заң және ұйымдық жұмыс басқармасы (А.С.Кузярина) бұйрықтың көшiрмесiн Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бiрiншi орынбасары А.В. Константиновқа жiберсiн. 
 

        Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады