-------------------Бұйрықтан үзінді----------------
Мемлекеттік кіріс министрінің
2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
28. 1997 жылғы 28 ақпандағы N 76-1, 1997 жылғы 11 сәуiрдегi N 92-1, 1997 жылғы 27 мамырдағы N 114-1, 1997 жылғы 9 шiлдедегi N 116-1, 1997 жылғы 19 маусымдағы N 134-1, 1997 жылғы 2 шiлдедегi N 144-1 және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 11 маусымдағы N 154-1 Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес "Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" N 40 Нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң 1997 жылғы 30 қыркүйектегi N 322 V970050_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 ж. 28 ақпандағы N 76-1, 1997 ж. 11 ақпандағы N 92-1, 1997 ж. 27 мамырдағы N 114-1, 1997 ж. 9 маусымдағы N 116-1, 1997 ж. 19 маусымдағы N 134-1, 1997 ж. 2 шiлдедегi N 144-1 және 1997 ж. 11 шiлдедегi N 154-1 Z970076_ , Z970092_ , Z970114_ , Z970116_ , Z970134_ , Z970144_ , Z970154_ Заңдарына сәйкес "Жеке тұлғалардан алынатын табыс салықтарын есептеу мен төлеудiң тәртiбi туралы" N 40 нұсқаулыққа
Өзгерiстер мен толықтырулар
1. I тарауда 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Жеке тұлғаны табыс салығынан босату немесе салықтың ставкасын бекiту тек Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Z952235_ "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбiмен ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жоғарыда аталған Жарлыққа және "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Заңға сәйкес жасалған келiсiм-шарты негiзiнде жүргiзiледi. "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi беретiн жеңiлдiктердi есептемегенде, басқа актiлермен салықтық жеңiлдiктер, оның iшiнде дербес сипаттағы жеңiлдiктер беруге тыйым салынады.
2. III тарауда:
12-тармақта:
- "а" тармақшасы мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын;
"Ескерту: Зейнеткерлiк төлемдер түрiнде алынатын кiрiстерге жинақтау зейнеткерлiк қорынан төленетiн төлемдер жатады".
14-тармақтағы "е" тармақшасында екiншi абзацтағы "мемлекеттiк зейнетақыға қосымша төлем" деген сөздер алып тасталсын.
15-тармақта:
- "в" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"в) сыйақы (мүдделер) түрiнде жеке тұлғаларға берiлген кiрiстер. Мұның берiлген қарыздар үшiн сыйақы (мүдде) болуы мүмкiн;
- "д" тармақшасында "ақшалай қаржылар" деген сөздер "ақша" деген сөзбен ауыстырылсын.
- "м" тармақшасы "мемлекеттiк (ұлттық) лоторея жөнiндегi ұтыстардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын.
17-тармақта:
"б" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"б) төлем кезiнде салық салынатын, жеке тұлғалардан алынатын ұтыстар".
3. IV тарауда:
- 18-тармақта "Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелетiн мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру және арнаулы қорларға аударылатын" деген сөздер "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, еңбекпен қамтуға жәрдемдесу қорына, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Зейнетақыларды төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, жинақтық зейнетақы қорларына, Жол қорына мiндеттi жарналар мен аударымдар" деген сөздермен ауыстырылсын, әрi қарай мәтiн бойынша.
- 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Алынған несиелер (қарыздар) үшiн сыйақы (мүдде) теңгемен берiлген несие (қарыз) бойынша аталған ставканың 50 процентiне көбейтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң ресми қайта қаржыландыру ставкасы бойынша есептелген, және шетелдiк валютамен берiлген несие (қарыз) бойынша 50 процентке көбейтiлген Лондон халықаралық рыногының ставкасы бойынша есептелген соманың шегiнде шегеруге жатады".
- 37-тармақтан соң мынадай мазмұндағы "37а" тармағы енгiзiлсiн:
"37а. Жеке тұлға зейнеткерлiк қамтамасыз ету туралы заңдарда белгiленген мөлшерде жинақтық зейнеткерлiк қорларына мiндеттi зейнеткерлiк жарналар жөнiнде шегерiм жасауға құқы бар."
4. V тарау:
- 46а тармағы "мемлекеттiк (ұлттық) лоторея жөнiндегi ұтыстардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
- 47 тармақтың 1) тармақшасында "проценттер" деген сөз "сыйақы (мүдде)" деген сөзбен ауыстырылсын.
5. VI тараудағы 49 тармағында:
- "г" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"г" зейнетақылар, стипендия, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылған жағдай бойынша және жасына қарай мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемдер төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi, сондай-ақ өзге де жәрдемақылар мен төлемдер, екiқабаттығы және бала туғандығы бойынша, мертiгуi және денсаулығына басқа да нұқсан келуi салдарынан еңбек ету қабiлетiнен жоғалтуына және асыраушысынан айырылуына байланысты;
- "ж" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"ж) мемлекеттiк бағалы қағаздар жөнiндегi сыйақы (мүдде)";
- мынадай мазмұндағы "и" тармақшасымен толықтырылсын:
"и) банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын ұйымдардағы салымдар жөнiндегi сыйақы (мүдде), сондай-ақ
мемлекеттiк (ұлттық) лоторея жөнiндегi ұтыстар";
- мынадай мазмұндағы "к" тармақшасымен толықтырылсын:
"к) салық төлеушiнiң (жеке тұлғаның) жиынтық жылдық табысы
мемлекеттiк емес жинақтау қорларына төлейтiн айына он айлық есептiк
көрсеткiшiнен аспайтын мөлшердегi ерiктi зейнетақы жарналарының сомасына
кемiтiледi";
- мынадай мазмұндағы "л" тармақшасымен толықтырылсын:
"л) дербес кәсiпкердiң жеке тұлғалар үшiн заңда белгiленген
кәсiпкерлiк әрекетiмен айналысуынан алынған, табыс (Қазақстан
Республикасындағы төлем көзiнен салық алуға жататын табыстардан басқа)".
IХ тарауда:
68-тармақта:
"д" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"д) мемлекеттiк (ұлттық) лоторея жөнiндегi ұтыстардан басқа ұтыстар".
71-тармақта:
- "табыс" деген сөзден соң "және табыстар мен мүлiк туралы
мәлiметтер" деген сөздермен толықтырылсын;
- "б" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"б" тұрғын үй құрылысын және осындай құрылысқа арналған көп құрылыс
материалдарын сатып алуды қоспағанда, жалпы сомасы жылына 1000 айлық
есептiк көрсеткiштен асатын құрылыс салушылар мен көп мөлшерде сатып
алушылар.
- "в" тармақшасында "ақшалай жылдар" деген сөздер "ақша" деген сөзбен
ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгi
Салық комитетiнiң
Төрағасы