Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы N 134 Заңы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi 1984 жылғы 22 наурызда қабылдаған Қазақ ССР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1984 ж., N 14 (қосымша), N 41, 534-құжат; 1985 ж., N 19, 190, 191-құжаттар; N 32, 325-құжат; N 45, 457-құжат; N 49, 513-құжат; 1986 ж., N 13, 122-құжат; N 25, 242-құжат; N 31, 320-құжат; N 49, 506-құжат; 1987ж., N 2, 19-құжат; N 16, 201-құжат; N 29, 356-құжат; N 32, 421-құжат; N 41, 503-құжат; N 46, 560-құжат; 1988 ж., N 35, 324-құжат; 1989 ж., N 16, 129-құжат; N 27, 208-құжат; N 45, 364-құжат; N 49, 444-құжат; N 50-51, 458-құжат; 1990 ж., N 12-13, 114-құжат; N 44, 410-құжат; N 48, 445-құжат; N 49, 461-құжат; 1991 ж., N 25, 318-құжат; N 26, 348-құжат; N 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 96, 98, 100-құжаттар; N 13-14, 323-құжат; N 15, 380-құжат; N 16, 400-құжат; 1993 ж., N 3, 42-құжат; N 4, 70-құжат; N 8, 159, 161-құжаттар; N 9, 220, 222-құжаттар; N 20, 468, 469-құжаттар; 1994 ж., N 4-5, 60-құжат; N 8, 134-құжат; N 15, 207-құжат; N 21-22, 272-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 5, 41-құжат; N 8, 55-құжат; N 9-10, 64-құжат; N 15-16, 105-құжат; N 17-18, 110-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 177-құжат; N 14, 274, 277-құжаттар; N 15, 281-құжат; 1994 жылғы 13 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының еңбек мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер енгiзу туралы" 1997 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы, 1997 жылғы 12 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақ КСР-iнiң Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне толықтыру енгiзу туралы" 1997 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      мынадай мазмұндағы 173-1-баппен толықтырылсын:

      "173-1-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналары сомасын азайту
                  немесе жасыру, оларды төлеу мерзiмiн бұзу

      Мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасын азайту немесе жасыру, сондай-ақ Зейнетақыларды төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа оларды төлеу мерзiмiн төлеушiлердiң, мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалуды жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлға құрмай, кәсiпкерлiк және өзге де қызметпен айналысатын әрi мiндеттi зейнетақы жарналарын дербес төлейтiн жеке тұлғалардың бұзуы -
      азаматтар мен лауазымды адамдарға жиырма есептiк көрсеткiш мерзiмiне дейiн айыппұл салуға әкеп соғады.
      Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк өндiрiп алу салынғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл осы iс-әрекет -
      азаматтар мен лауазымды адамдарға отыз есептiк көрсеткiш мөлшерiнде дейiн айыппұл салуға әкеп соқтырады.";
      237-7-бапта "169-3" деген цифрдан кейiн "173-1" деген цифрмен толықтырылсын;
      248-1-баптың 1) тармақшасының жиырма сегiзiншi абзацы "171" деген цифрдан кейiн "173-1" деген цифрмен толықтырылсын.

      2. "Шаруа шаруашылықтары туралы" 1990 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1990 ж., N 22, 257-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 309-құжат; N 16, 411-құжат; 1993 ж., N 8, 183-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; N 21, 130-құжат):
      11-баптың 8-тармағында "әлеуметтiк сақтандыру жөнiндегi" деген сөздер алынып тасталсын.

      3. "Қазақ КСР-iнде ауылды, селоны және агроөнеркәсiптiк кешендi басым дамыту туралы" 1990 жылғы 13 ақпандағы Қазақ КСР Заңында (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 8, 93-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 327-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы):
      38-бапта:
      1-тармақтың жетiншi абзацы алып тасталсын;
      2-тармақ алып тасталсын;
      39-бапта "45 жас" деген сөз "1998 жылғы 1 шiлдеден бастап аталған зейнеткерлiк жасты жыл сайын алты айға, бiрақ тұтас алғанда көп дегенде үш жылға кейiннен ұлғайта отырып 50 жас" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1991 жылғы 17 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 25, 328-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 6, 125-құжат; N 13-14, 323-құжат; N 16, 401-құжат; 1993 ж., N 8, 159-құжат; 1994 ж., N 9-10, 148-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 176-құжат; N 14, 276-құжат):
      8-баптың екiншi бөлiгi "және Қазақстан Республикасы заңдарына қайшы келмейтiн түсiмдер" деген сөздермен толықтырылсын;
      81-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1-тармақшасында "ағымдағы" деген сөз "өткендегi" деген сөзбен ауыстырылсын.

      5. "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 26, 345-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 15, 208-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңы):
      35-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "зейнетақылар" деген сөз "мемлекеттiк әлеуметтiк және өзге де" деген сөздермен ауыстырылсын.
      45-баптың бiрiншi бөлiгiнiң үшiншi және төртiншi абзацтары "мемлекеттiк" деген сөзден кейiн "әлеуметтiк жәрдемақылармен және" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. "Бiлiм беру туралы" 1992 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 6, 110-құжат; N 13-14, 327-құжат; N 16, 402-құжат; 1993 ж., N 8, 154-құжат; 1994 ж., N 9-10, 158-құжат; 1995 ж., N 15-16, 104-құжат; N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 183-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi жөнiндегi кейбiр актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңы):
      28-баптың бiрiншi бөлiгiндегi алтыншы абзац алып тасталсын.

      7. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi туралы" 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 11-12, 290-құжат; N 24, 592-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; 1995 ж., N 23, 155-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңы):
      32-бапта:
      бiрiншi бөлiктегi "және олардың отбасыларын" деген сөздер алып тасталсын;
      үшiншi бөлiктегi "өмiр бойына зейнетақы" деген сөздер "асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi бөлiктегi "осы негiз бойынша тағайындалған зейнетақы" деген сөздер "мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      35-баптың үшiншi бөлiгi алып тасталсын.

      8. "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 348-құжат; 1994 ж., N 8, 140-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңы):
      13-баптың 1-тармағында:
      мынадай мазмұндағы жаңа 1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1) экологиялық апат және экологиялық дағдарыс аймақтарында тұрып жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетке шыққан азаматтардың экологиялық қолайсыз жағдайларда тұрып жатқаны үшiн мынадай аймақтар бойынша коэффициент қолданыла отырып зейнетақы алуға құқығы бар:
      Экологиялық апат - 1,5;
      экологиялық дағдарыс - 1,3";
      1), 2) және 3) тармақшалар 2), 3) және 4) тармақшалар болып есептелсiн;
      2) тармақшадағы "зейнетақы", "және жәрдемақы" деген сөздер алып тасталсын;

      9. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 23, 560-құжат; 1994 ж., N 8, 140-құжат; N 20, 252-құжат):
      12-бапта:
      үшiншi бөлiктiң 1) және 2) тармақшалары алып тасталсын;
      3) тармақшадағы "3)" деген сан алып тасталсын;
      13-бапта:
      мынадай мазмұндағы жаңа бiрiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Осы заңның 5 және 6-баптарында аталған аумақтарда тұрып жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетке шыққан азаматтардың аймақтар бойынша мынадай мөлшерде үстемақы алуға құқығы бар:
      төтенше радиациялық қатер аймағы - 2 айлық есептiк көрсеткiш;
      ең жоғары радиациялық қатер аймағы - 1,75 айлық есептiк көрсеткiш.";
      бiрiншi бөлiк екiншi бөлiк болып есептелсiн;
      екiншi бөлiкте:
      1) тармақшада:
      бiрiншi абзацтағы "және зейнетақы" деген сөздер алып тасталсын;
      жетiншi абзац алып тасталсын;
      2) тармақшадағы "және жәрдемақы", "жәрдемақылар", "жәрдемақы" деген сөздер алып тасталсын.

      10. "Жалпыға бiрдей әскери мiндет және әскери қызмет туралы" 1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 2, 28-құжат; 1995 ж., N 8, 56-құжат; N 22, 135-құжат):
      15-баптың 2-тармағының "а)" тармақшасының үшiншi абзацында "(еркектер - 60 жас, әйелдер - 55 жас)" деген сөздер алып тасталсын;
      22-баптың 4-тармағының а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
      "а) қызмет етудiң белгiленген мерзiмiн атқаруы бойынша;
      зейнетақыға құқық беретiн қызмет сiңiрген жылдары бойынша және әскери қызметке болудың шектi жасына жету;".

      11. "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуiрдегi Z932200_ Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 10, 242-құжат; 1994 ж., N 8, 140-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңы):
      24-баптың бiрiншi бөлiгiнiң он екiншi абзацындағы "тағайындалған зейнетақының кемiнде 30 процентi сақтала отырып" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.

      12. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша), 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; "1997 жылғы 25 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Банкроттық туралы" Заң күшi бар Жарлығының күшi жойылды деп тану және Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы; 1997 жылғы 11 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы);
      45-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Заңды тұлға-жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыру зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады";
      49-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Заңды тұлға-жинақтаушы зейнетақы қорын тарату зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.";
      85-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлерi аталған қорлардың мiндеттемелерi бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген тәртiп пен жағдайларда ортақтасып жауап бередi".
      182-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiндегi "зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы тиiстi органға жолдануына байланысты зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындалғанға не оларды тағайындаудан бас тартылғанға дейiн не тоқтатыла тұрады" деген сөздер "зейнетақы төлемдерiн тағайындау және/немесе жүзеге асыру туралы немесе жәрдемақы тағайындау туралы тиiстi ұйымдарға жолдануына байланысты зейнетақы төлемдерi тағайындалғанға және/немесе жүзеге асырылғанға немесе жәрдемақы тағайындалғанға не зейнетақы төлемдерiн тағайындаудан және/немесе жүзеге асырудан немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тартылғанға дейiн тоқтатыла тұрады" деген сөздермен ауыстырылсын.

      13. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 жылғы 25 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Президентiнiң "Банкроттық туралы" заң күшi бар Жарлығының күшi жойылды деп тану және Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 1997 жылғы 9- сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 7 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының заңы; 1997 жылғы 12 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 14 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "лицензиялау туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" 1997 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы);
      11-бап мынадай мазмұндағы 5), 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5) зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызмет;
      6) зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi қызмет;
      7) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызмет.".

      14. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 жылғы 1 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңы; 1997 жылғы 15 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 11 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер туралы" заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгiзу туралы" 1997 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 12 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар кейбiр Жарлықтарына өзгерiс мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы);
      1-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетiн арнаулы қорларға төлемдер төлеу" деген сөздер "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, жинақтаушы зейнетақы қорларына, Жол қорына мiндеттi жарналар төлеу және қаржы бөлу" деген сөздермен ауыстырылсын:
      10-бапта:
      баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Еңбекке ақы төлеу және зейнетақы төлемдерi түрiнде алынған кiрiстер";
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Зейнетақы төлемдерi түрiнде алынатын кiрiстерге жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынған төлемдер жатады";
      13-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын;
      "6) зейнетақы қамсыздандыру туралы заңдарға сәйкес алынған және жеке зейнетақы шотына жiберiлген инвестициялық кiрiстер";
      14-баптың 1-тармағында "мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға бөлiнген қаржы және Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетiн арнаулы қорлар" деген сөздер "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, жинақтаушы зейнетақы қорларына, Жол қорына мiндеттi жарналар төлеу және қаржы бөлу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      28-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Жеке тұлғаның жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарнасын төлеудi зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген мөлшерде шегеруге құқығы бар";
      34-бапта:
      1-тармақта:
      7) тармақша алып тасталсын;
      9-баптың 4-тармағының 1/-тармақшасы "және зейнетақы төлемдерi" деген сөздермен толықтырылсын.
      8) тармақша 7) тармақша болып есептелсiн;
      5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi, стипендиялар, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасы бойынша төленетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар, сондай-ақ өзге де жәрдемақылар мен төлемдер, оның iшiнде жүктiлiгi мен босануы бойынша, жарақат алу және денсаулығына басқа да зиян келуi салдарынан еңбек қабiлетiн жоғалтуға және асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақылар;";
      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
      "10. Салық төлеушiнiң жиынтық жылдық кiрiсi мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларына ерiктi зейнетақы жарналарының сомасына мынадай мөлшерде азайтылады:
      1) жеке адам үшiн - айына он айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде;
      2) заңды тұлға үшiн - айына әрбiр қызметкерге шаққанда жиырма есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшерде.";
      50-баптың 1-тармағында:
      2) тармақша алып тасталсын;
      3) - 7) тармақшалар тиiсiнше 2) - 6) тармақшалар деп есептелсiн.
      76-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын;
      "23) электр қуаты.";
      169-баптың екiншi абзацы "сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын;
      171-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы "сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарының толығымен және уақтылы аударылуы үшiн" деген сөздермен толықтырылсын;";
      176-бапта:
      5-тармақтың 2) тармақшасындағы "асыраушысынан айрылуына байланысты өмiрлiк зейнетақы" деген сөздер "асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Салық полициясы бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.";
      9-тармақ алып тасталсын;
      178-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) мемлекеттiк бюджетке салықтардың, алымдар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң, бақылау жұмысының нәтижелерi бойынша айыппұлдар мен өсiмдердiң қоса есептелген және түскен сомаларынан, сондай-ақ әлеуметтiк сақтандыру қорына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталыққа және жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi жарналарды уақтылы төлемегенi үшiн алынатын өсiм сомасынан 10 процент аударым.";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Салық қызметi органдарының әлеуметтiк даму және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету қорын пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.".

      15. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 45-құжат; N 14, 98-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы);
      6-баптың екiншi және үшiншi абзацтарындағы "есептеледi" деген сөз "1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi" деген сөздермен ауыстырылсын:
      9-баптың 1-тармағының оныншы абзацындағы "зейнетақы" деген сөз "мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы" деген сөздермен ауыстырылсын:
      11-бапта:
      28-тармақтағы "алып жүрген зейнетақысына ай сайын ең төменгi жалақы мөлшерiнде ай сайын қосылатын үстемақылар, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын.
      32-тармақ "қайтыс болған/қайтыс болған зейнетақы төлемдерiн алушыны қоспағанда/" деген сөздермен толықтырылсын;
      34-тармақтағы "зейнетақымен қамтамасыз ету және" деген сөздер алып тасталсын;
      16-баптың 1-тармағының сегізiншi абзацындағы "зейнетақы" деген сөз "мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар" деген сөздермен ауыстырылсын:
      17-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "Зейнетақы қорынан (11-баптың 28, 32-тармақтары)" деген сөздер алып тасталсын.

      16. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң жаршысы, 1995 ж., N 7, 49-құжат; N 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат):
      2-баптың 3-тармағындағы бiрiншi абзацы "немесе арнаулы заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      54-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлерi аталған қорлардың мiндеттемелерi бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген тәртiп пен жағдайларда ортақтасып жауап бередi.";
      72-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.";
      76-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорын тарату зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарда белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүзеге асырылады.".

      17. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы" 1995 жылғы 15 маусымдағы N 2329 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 60-құжат):
      18-баптың төртiншi бөлiгi "Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын.

      18. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 68-құжат):
      8-бапта:
      баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Әлеуметтiк және зейнетақымен қамсыздандыру";
      бiрiншi бөлiк "әлеуметтiк" деген сөзден кейiн "және зейнетақымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi бөлiктегi "зейнетақы" деген сөз "зейнетақы төлемдерi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      19. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы күзет қызметi туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 19, 118-құжат; 1995 ж., N 23, 142-құжат; 1997 жылғы 20 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      19-бапта:
      жетiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Президенттiң Күзет қызметiнiң әскери қызметшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады";
      сегiзiншi бөлiк алып тасталсын.

      20. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Республикалық ұлан туралы" 1995 жылғы 5 желтоқсандағы N 2671 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 22, 139-құжат):
      18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады".

      21. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 18, 366-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы):
      35-бап алып тасталсын.

      22. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi және оның органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2706 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 153-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы):
      23-баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) зейнетақы алуға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) және әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша;"
      24-бапта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру және мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.";
      6-тармақ алып тасталсын;
      7-тармақ 6-тармақ болып есептелсiн.
      25-баптың 7-тармағындағы "асыраушысынан айрылуына байланысты зейнетақы" деген сөздер "асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      23. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 154-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрдегi "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы):
      17-баптың 1-тармағындағы 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) зейнетақы алуға құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары /қызмет мерзiмi/ және әскери қызметте болудың шектi жасына жетуi бойынша";
      26-бапта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Мемлекеттiк тергеу комитеттi қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.";
      7-тармақ алып тасталсын;
      28-баптың 7-тармағындағы "асыраушысынан айрылуына байланысты бiр айлық ақшалай табысы мөлшерiнде зейнетақы" деген сөздер "асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      24. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2709 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 156-құжат):
      53-баптың 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Прокуратура органдарының қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.".

      25. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 157-құжат):
      19-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының әскери қызметшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.";
      4-тармақ алып тасталсын.

      26. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк қызмет туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2730 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 169-құжат):
      26-баптың 7-тармағындағы "жұмыс iстеп жүрген... немесе осы Жарлықтың 27-бабына сәйкес зейнет демалысына шыққан" деген сөздер алып тасталсын.
      27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-бап. "Мемлекеттiк қызметшiлердi зейнетақымен және
                әлеуметтiк жағынан қамсыздандыру

      Мемлекеттiк қызметшiлердi зейнетақымен қамсыздандыру және мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.";
      28-баптың 1-тармағында:
      3) тармақша алып тасталсын;
      4) - 7) тармақшалар тиiсiнше 3) - 6) тармақшалар болып есептелсiн;
      29-бапта:
      6-тармақтағы "зейнеткерлiк жасына" деген сөздер "зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа" деген сөздермен, "жетпiс" деген сөз "елу" деген сөзбен ауыстырылсын.
      7-тармақ алып тасталсын;
      8-тармақ 7-тармақ болып есептелсiн;
      7-тармақтағы "зейнеткерлiк жасына" деген сөздер "зейнетақы төлемдерiн алуға құқық беретiн жасқа" деген сөздермен ауыстырылсын.

      27. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Әлеуметтiк мемлекеттiк кепiлдiктердi реттеу жөнiндегi шаралар туралы" 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 2788 заң күшi бар Жарлығында (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 176-құжат; N 20-21, 401-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы;
      II бөлiмде:
      бiрiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "II. Қазақстан Республикасы алдында айрықша еңбегi сiңiргенi үшiн бұрын зейнетақы алып келген адамдарға мынадай жеңiлдiктер сақталсын:";
      екiншi бөлiк алып тасталсын.

      28. "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" 1996 жылғы 18 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 15, 278-құжат):
      1-бапта:
      "зейнеткерлiк жасқа жеткен кезде" және "асыраушысынан айрылған" деген сөздер алып тасталсын, "төлемдер" деген сөз "жарналар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Сақтандырылмаған азаматтарға әлеуметтiк кепiлдiктердiң жекелеген түрлерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қаражаты есебiнен қамтамасыз етiледi";
      3-баптың төртiншi және алтыншы абзацтарындағы "зейнетақылардың" деген сөз алып тасталсын;
      4-баптың 1-тармағында "сондай-ақ жұмысы еңбек стажына есептелетiн еңбек қызметiнiң басқа түрлерiне қатысушылар" деген сөздер алып тасталсын;
      7-баптың екiншi абзацы алып тасталсын;
      8-бап алып тасталсын;
      14-баптың екiншi бөлiгi "өлген адамның отбасына" деген сөздерден кейiн "(өлген зейнетақы төлемдерiн) алушыны қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      19-баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi абзацы алып тасталсын;
      20-бап мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға уақтылы төленбеген жарналар әрбiр өткен күн үшiн (ақы төлеу күнiн қоса алғанда) осы жарналар төленетiн күнi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасының 1,2 есе мөлшерiнде өсiм есептеле отырып мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы қорлары кiрiсiне өндiрiп алынады.";
      21-баптың екiншi бөлiгi "Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      22-баптың бiрiншi бөлiгi "және салық қызметi органдары" деген сөздермен толықтырылсын.

      29. 1997 жылғы 11 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында :
      28-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      "мемлекеттiк емес зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару;".

      2-бап. Осы Заң 1997 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енгiзiледi, бұған 1-баптың 1-3, 5-11 тармақтары, 14-тармағының екiншiден отыз төртiншiсiне дейiнгi абзацтары, 15, 17-28-тармақтары қосылмайды, олар 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады