Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар кейбiр Жарлықтыраны өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының заңы 1997 жылғы 9 маусымдағы N 116

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар мынадай Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Z952200_ Заң күшi бар жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде 1997 жылғы 25 қаңтарда жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Банкроттық туралы" Заң күшi бар Жарлығының күшi жойылды деп тану және Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде 1997 жылғы 9 сәуiрде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 7 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы);
      10-бапта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) "Лотереялар (мемлекеттiк (ұлттық) лотереялардан басқа) тотализаторлар, казинолар ұйымдастыру және оларды өткiзу;";
      24-бапта:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа азатжолмен толықтырылсын:
      "Тиiстi лицензиясыз лотереялар өткiзуден түскен кiрiстер Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен алып қоюға және "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қорына аударылуға жатады.".
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде 1997 жылғы 1 наурызда жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және кейбiр заң актiлерiнiң күшi жойылған деп тану туралы" 1997 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде 1997 жылғы 15 сәуiрде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 11 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы);
      13-бапта:
      мынадай мазмұндағы жаңа 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) төлем көзiне салынатын, жеке тұлғалар алған ұтыстар, сондай-ақ мемлекеттiк (ұлттық) лотереялар бойынша ұтыстар.";
      32-бапта:
      4-тармақ мемлекеттiк (ұлттық) лотерея бойынша ұтыстардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
      34-бапта:
      5-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа 7) тармақшамен толықтырылсын:
      "7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар банктер мен банктiк емес қаржы мекемелерiндегi салымдар бойынша проценттер, сондай-ақ мемлекеттiк (ұлттық) лотереялар бойынша ұтыстар.";
      мынадай мазмұндағы жаңа 9 тармақпен толықтырылсын:
      "9. Заңды тұлғалардың мемлекеттiк (ұлттық) лотерея өткiзуден алған кiрiстерiне табыс салығы салынбауға тиiс.".
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан

 

Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368



Z952368_
 

  Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы

Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 13, N 23, 152-құжат; Қазақстан

Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-құжат; N 18,

367-құжат):

     149-бап мынадай мазмұндағы жаңа 14) тармақшамен толықтырылсын:

     "14) Қазақстан Республикасының аумағында тарату үшiн әкелiнетiн

шет мемлекеттердiң лотереялары.".



     Қазақстан Республикасының

           Президентi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады