-------------------Бұйрықтан үзінді----------------
Мемлекеттік кіріс министрінің
2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасының
Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа
енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына
сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
29. "Көлiк құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу тәртiбi
туралы" N 39 Нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы"
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Салық комитетiнiң 1997 жылғы
29 желтоқсандағы N 1
бұйрығы.
-----------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгi
Салық комитетi Төрағасының
1997 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1 Бұйрығымен бекiтiлген
1 бөлiмнiң 3-тармағы мынадай мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
"Көлiк құралдарын пайдалану мерзiмiне қарай жеңiл көлiк құралдарына
салынатын салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
1 жылдан 3 жылға дейiн пайдалану - 2,0
3 жылдан 5 жылға дейiн пайдалану - 1,5
5 жылдан артық пайдалану - 1,0 (ТМД елдерi шығарған жеңiл көлiк
құралдарын қоспағанда)
ТМД елдерi шығарған жеңiл көлiк құралдарына:
5 жылдан 6 жылға дейiн пайдалану - 1,0
6 жылдан артық пайдалану - 0,3
1 жылдан 3 жылға дейiн және 3 жылдан 5 жылға дейiн пайдалану
мерзiмiмен берiлетiн жеңiл көлiк құралдарына салынатын салық ставкаларына
келтiрiлген түзету коэффициенттерi ТМД елдерi және басқа мемлекеттер
шығарған көлiк құралдарына салынатын салық ставкаларына қолданылады.".
II бөлiмнiң 8-тармағындағы "ставкаларды" деген сөзден кейiн "және
түзету коэффициенттерiн" деген сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң Әдiстеме
Кеңесiмен келiсiлген
1997 жылғы 26 желтоқсандағы N 19 хаттама