"Көлiк құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу тәртiбi туралы" N 39 ~V950072 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаpжы министpлiгi 1997 жылғы 29 желтоқсaн N 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 13 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 60. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

 

-------------------Бұйрықтан үзінді----------------

               Мемлекеттік кіріс министрінің

           2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы



 

     "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы"

Қазақстан Республикасының 


K010209_


  Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа

енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына

сәйкес   

                               БҰЙЫРАМЫН:

     Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:

     29. "Көлiк құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу тәртiбi

туралы" N 39 Нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы"

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Салық комитетiнiң 1997 жылғы

29 желтоқсандағы N 1 


V970060_


  бұйрығы.

-----------------------------------------------------

                                        Қазақстан Республикасы

                                        Қаржы министрлiгi

                                        Салық комитетi Төрағасының

                                        1997 жылғы 29 желтоқсандағы

                                        N 1 Бұйрығымен бекiтiлген

     1 бөлiмнiң 3-тармағы мынадай мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:

     "Көлiк құралдарын пайдалану мерзiмiне қарай жеңiл көлiк құралдарына

салынатын салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:

     1 жылдан 3 жылға дейiн пайдалану - 2,0

     3 жылдан 5 жылға дейiн пайдалану - 1,5

     5 жылдан артық пайдалану - 1,0 (ТМД елдерi шығарған жеңiл көлiк

құралдарын қоспағанда)

     ТМД елдерi шығарған жеңiл көлiк құралдарына:

     5 жылдан 6 жылға дейiн пайдалану - 1,0

     6 жылдан артық пайдалану         - 0,3

     1 жылдан 3 жылға дейiн және 3 жылдан 5 жылға дейiн пайдалану

мерзiмiмен берiлетiн жеңiл көлiк құралдарына салынатын салық ставкаларына

келтiрiлген түзету коэффициенттерi ТМД елдерi және басқа мемлекеттер

шығарған көлiк құралдарына салынатын салық ставкаларына қолданылады.".

     II бөлiмнiң 8-тармағындағы "ставкаларды" деген сөзден кейiн "және

түзету коэффициенттерiн" деген сөздермен толықтырылсын.

     Қазақстан Республикасы

     Қаржы министрлiгiнiң Әдiстеме

     Кеңесiмен келiсiлген

     1997 жылғы 26 желтоқсандағы N 19 хаттама





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады