-----------Бұйрықтан үзінді-----------
1. Қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күші жойылды деп танылсын...
Министр
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
күшi жойылған кейбiр нормативтiк құқықтық
актiлерiнiң тiзбесi
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң "Балалары бар отбасыларына жәрдемақыларды қаржыландырудың тәртiбi" 1997 жылғы 10 сәуiрдегі N 103, 1997 жылғы 18 сәуiрдегi N 283 Мемлекеттiк нормативтiк құқықтық актiлердi тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген бұйрығы...
-------------------------------------
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Балалары бар отбасыларына бәсiрелi әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi Ережелердi бекiту туралы" 1997 жылғы 21 наурыздағы N 382 P970382_ қаулысына сәйкес, балалары бар отбасыларына жәрдемақылар төлеудi Қазақстанның Акционерлiк Халықтық жинақ Банкiсiнiң филиалдары жергiлiктi бюджеттiң осы мақсаттарға арналған қаржылары есебiнен жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен келiсе отырып, аталған жәрдемақыларды қаржыландырудың мынадай тәртiбiн бекiтедi:
1. Кәсiпорындар мен ұйымдарда жұмыс iстейтiндерге жәрдемақылар белгiлеу жөнiндегi комиссиялар ағымдағы айдың 25 жұлдызына дейiн ай сайын балаларына жәрдемақы алушылардың нөмiрi 1 үлгi бойынша, алушылардың саны, жас сараптамасына қарай балалары бар отбасыларына белгiленген бiрмәртелiк жәрдемақылардың сомасы, тұрақты мекен-жайлар мен паспорттық деректер көрсетiлген екi дана тiзiмдi алушылардың жұмыс орны бойынша еңбек және халықтарды әлеуметтiк қорғаудың аудандық (қалалық) органдарына жiбередi.
2. Жәрдемақыларды белгiлейтiн комиссия еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi аудандық (қалалық) органдардың жанынан бiр мәртелiк жәрдемақылар алатын жұмыссыздардың номерi 2 үлгiдегi тiзiмiн (2 дана) хаттайды, сондай-ақ мерзiмдi әскери қызметкерлердiң балаларына, СПИД ауруына ұшыраған науқастардың балаларына арналған, үйiнде балаларды өсiрiп және оқытып отырған төрт және одан да көп жетi жасқа дейiнгi балалары бар аналарға, мүгедектерге арналған жәрдемақылар жөнiндегi тiзiмдi ағымдағы айдың 25 жұлдызына дейiн ай сайын тапсырады.
3. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi аудандық (қалалық) бөлiмдер жұмыс iстейтiн және жұмыс iстемейтiн азаматтарға арналған ай сайынғы жәрдемақылардың жиынтық тiзiмiн жасап, ағымдағы айдың 30 жұлдызынан кешiктiрмей Қазақстан Халық Банкiсiнiң аудандық филиалдарына жiбередi.
4. Облыстық қаржы басқармалары 6-функционалдық топ, 213-мекеме, 26-бағдарлама 00-iшкi бағдарлама, 335-ерекшелiк бойынша (шығындардың бюджеттiк коды 2132600335) ай сайын шығындардың сметасына сәйкес айдың 25 жұлдызына дейiн аванстық тәртiп бойынша жергiлiктi бюджеттерде балалары бар отбасыларына жәрдемақылар төлеуге арналған қаржылары еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi аудандық (қалалық) бөлiмдердiң ағымдағы есебiне одан әрi аудару үшiн көшiредi.
5. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi аудандық (қалалық) басқармалар кәсiпорындардағы, ұйымдардағы (жұмыс iстейтiндерге) комиссиялар тағайындаған, сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi органдардың жанындағы комиссиялар белгiлеген сомаларды ескере отырып, жәрдемақыларды Халықтық Банкiнiң аудандық филиалдарының жәрдемдiк-корреспонденттiк шоттарына аударады, сонымен қатар еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi облыстық басқармалар мен Қазақстанның Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiсiнiң облыстық филиалдарымен арадағы агенттiк келiсiмдерге сәйкес комиссиялық сыйақылардың сомасын аударады.
6. Жәрдемақыларды төлеудi Халықтық Банкiнiң филиалдары алушының жеке басын растайтын құжат (паспорт, жинақ кiтапшасы) көрсетiлген жағдайда алушылар тiзiмiнiң негiзiнде жүргiзедi. Жәрдемақы алушының жеке iс-қағазында азаматтардың Халықтық Банкi арқылы сомаларды арнаулы салымдарға қосу жолымен жәрдемақыларды алғандықтары туралы азаматтардың жазбаша мәлiмдемесi болуы мiндеттi шарт болып саналады.
7. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi аудандық органдар N 1 үлгiдегi тоқсан сайынғы есебiнде әлеуметтiк қамсыздандыру бөлiмiне еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi облыстық басқармаларының, Алматы қалалық халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының балалары бар отбасыларына белгiленген және төленген жәрдемақылардың сомасы туралы ақпарат бередi.
8. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi облыстық басқармалар, Алматы қалалық халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы тоқсан сайын айдың 30 жұлдызынан кешiктiрмей жергiлiктi бюджеттiң аталған мақсаттарға арналған шығындарын анықтау үшiн облыстық қаржы басқармаларына 1-үлгi бойынша жиынтық есептер бередi.
9. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi аудандық (қалалық) бөлiмдердiң жанындағы жәрдемақыларды белгiлеу жөнiндегi комиссиялардың кәсiпорындарда, ұйымдарда баласы бар отбасыларына жәрдемақылар беруiнiң дұрыстығына бақылауды олардан жоғары тұрған қаржылық органдар жүзеге асырады.
10. Жергiлiктi бюджеттер қаржыларының мақсатты жұмсалуына, сондай-ақ Қазақстан Халықтық банкiсiнiң бөлiмшелерi алушыларға жәрдемақыларды дер кезiнде төлеуiне бақылауды олардың жоғары тұрған қаржылық органдары атқарады.
11. Тиiстi органдардың тексеруi барысында ашылған, дұрыс белгiленбеудiң салдарынан балалы отбасыларына артық төленген жәрдемақылардың сомасы кiнәлi органдардың қаржысы есебiнен қалпына келтiрiледi.
1-қосымша
Т I З I М
_________________облысы,____________ауданының,___________
кәсiпорынында, ұйымында жұмыс iстейтiн, 3 жасқа дейiнгi балалары бар
(коды 01) отбасыларына Халықтық Банктiң N ________, __________
қаласындағы (ауданындағы) филиалында арнаулы салымдардан тиiстi
соманы алуға құқықты отбасылар:
__________________________________________________________________
N | Салым бойынша | Алушының | Белгiленген | Паспорт
р/с |жеке шоттың номерi| аты- жөнi | жәрдемақы |деректерi,
| | | (теңгемен) |мекен-жайы
_______|__________________|___________|_______________|____________
_______|__________________|___________|_______________|____________
Барлығы|__________________|___________|_______________|____________
Жәрдемақыны тағайындау жөнiндегi
комиссияның төрағасы _____________ ____________
М.О. (қолы) (аты-жөнi)
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау жөнiндегi аудандық
(қалалық) бөлiмнiң бастығы ____________ ____________
(қолы) (аты-жөнi)
М.О.
Т I З I М
_________________облысы,____________ ауданының,___________
кәсiпорынында, ұйымында жұмыс iстейтiн, 3 жасқа дейiнгi балалары бар
(коды 01) отбасыларына Халықтық Банктiң N ________, __________
қаласындағы (ауданындағы) филиалында арнаулы салымдардан тиiстi
соманы алуға құқықты отбасылар:
__________________________________________________________________
N | Салым бойынша | Алушының | Белгiленген | Паспорт
р/с |жеке шоттың номерi| аты- жөнi | жәрдемақы |деректерi,
| | | (теңгемен) |мекен-жайы
_______|__________________|___________|_______________|____________
_______|__________________|___________|_______________|____________
Барлығы|__________________|___________|_______________|____________
Жәрдемақыны тағайындау жөнiндегi
комиссияның төрағасы _____________ ____________
М.О. (қолы) (аты-жөнi)
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау жөнiндегi аудандық
(қалалық) бөлiмнiң бастығы ____________ ____________
М.О. (қолы) (аты-жөнi)
2-қосымша
Т I З I М <*>
_________________облысы,____________ауданының сомаларын
Халықтық Банкiнiң N ________, __________ қаласындағы (ауданындағы)
филиалында арнаулы салымына қосу жолымен 1997 жылы ______________
жәрдемақылар алуға құқықты, 3 жасқа дейiнгi балалары бар (коды 01)
азаматтары:
__________________________________________________________________
N | Салым бойынша | Алушының | Белгiленген | Паспорт
р/с |жеке шоттың номерi| аты-жөнi | жәрдемақы |деректерi,
| | | (теңгемен) |мекен-жайы
_______|__________________|___________|_______________|____________
_______|__________________|___________|_______________|____________
_______|__________________|___________|_______________|____________
_______|__________________|___________|_______________|____________
Барлығы|__________________|___________|_______________|____________
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау жөнiндегi аудандық (қалалық)
бөлiмнiң жанындағы жәрдемақылар
тағайындайтын комиссияның
төрағасы __________ ____________
М.О. (қолы) (аты-жөнi)
Халықтық Банкiнiң аудандық
филиалдарының басқарушысы ____________ ____________
М.О. (қолы) (аты-жөнi)
<*>. Ескерту. Тiзiмдер жәрдемақының әрбiр түрiне коды
көрсетiлiп жасалады:
01 - 3 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларының жәрдемақысы
02-3-18 жас арасында балалары бар отбасыларының жәрдемақысы
03-4 және одан көп, 7 жасқа балалары бар көп балалы жұмыс
iстемейтiн аналардың жәрдемақысы
04 - мерзiмдi әскери қызметкерлер балаларының жәрдемақысы
05 - СПИД ауруына ұшыраған балалардың жәрдемақысы
06 - үйде тәрбиеленген және оқитын мүгедек балалардың
жәрдемақысы