Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Балалы отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
2. Балалы отбасыларына жәрдемақы төлеу 1997 жылдың 1 сәуiрiнен бастап жергiлiктi бюджеттерден осы мақсаттарға арнап еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдарына бөлiнетiн қаражат есебiнен Қазақстанның Акционерлiк Халықтық Жинақ банкiсiнiң филиалдары арқылы жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен бiрлесiп 1997 жылдың 1 сәуiрiне дейiн балалы отбасыларына жәрдемақы төлеудi қаржыландыру тәртiбiн әзiрлеп, бекiтсiн.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 1997 жылдың 1 сәуiрiне дейiн облыстар мен Алматы қаласының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi басқармаларының балалы отбасыларына жәрдемақы төлеудiң тәртiбi мен шарттары туралы Қазақстанның Акционерлiк Халықтық Жинақ банкiсiмен агенттiк келiсiм жасасуын қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының қаржылары бойынша өзара есеп айырысу, есепке алу және жұмсау операцияларын жүргiзу тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 6 қазандағы N 1120 қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 42, 455-құжат)
өзгерiстер енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қосымшаға сәйкес кейбiр
шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 21 наурыздағы
N 382 қаулысымен
бекiтiлген
Балалы отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Балалы отбасыларына әлеуметтiк көмек жәрдемақы түрiнде
берiледi.
2. Жәрдемақы 18 жасқа дейiнгi балаларға төленедi.
3. Жәрдемақының түрлерi:
балалы отбасыларына бiрыңғай жәрдемақы;
7 жасқа дейiнгi төрт және одан көп балалары бар жұмыс iстемейтiн
көп балалы аналарға;
мерзiмдi әскери қызметшiлердiң балаларына арналған;
адамның иммундық тапшылығы вирусын жұқтырған және СПИД-пен
науқастанған балаларға арналған;
үйiнде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларға арналған
жәрдемақы.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 292
қаулысымен.
4. Жәрдемақының аталған түрлерiнiң әрқайсысы осы Ережеде көзделген жәрдемақының басқа түрлерiн алатынына қарамастан тағайындалып, төленедi.
5. Жәрдемақының мөлшерi және оны қаржыландыру көздерi Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы Заңымен белгiленедi.
6. Жәрдемақы туған, асырап алынған, сондай-ақ қамқорлыққа алынған балаларға тағайындалып, төленедi.
7. Мемлекеттiң қамсыздандыруына толық алынған, жұмыс iстейтiн балаларға жәрдемақы тағайындалмайды және төленбейдi.
8. Ата-аналық құқығынан айрылған ата-аналарға жәрдемақы тағайындалмайды және төленбейдi.
1) Балалы отбасыларына бiрыңғай жәрдемақы
9. Бiрыңғай жәрдемақы алуға жан басына шаққандағы орташа айлық жиынтық табысы, зейнетақы, жәрдемақы және өзге әлеуметтiк төлемдер есептеу үшiн қабылданған есептi көрсеткiштiң екi мөлшерiнен аспайтын отбасылардың құқығы бар.
10. Бiрыңғай жәрдемақы тоқсан сайын тағайындалып, ай сайын төленедi. Бұл ретте жәрдемақы балаларға жәрдемақының немесе алименттiң басқа түрлерiн алатынына қарамастан тағайындалады.
ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 292
қаулысымен. P980292_
11. Отбасында баланың еңбекке жарамды әкесi жұмыс iстемейтiн, күндiзгi оқу нысанында оқымайтын және армияда қызмет өткермейтiн және жұмыспен қамту қызметiнде жұмыссыз ретiнде тiркелмеген кезеңде балалы отбасыларына бiрыңғай жәрдемақы тағайындалмайды және төленбейдi.
12. Асыраушысынан айрылған отбасына жәрдемақы тағайындау туралы
мәселе асыраушысынан айрылуы жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк
жәрдемақы белгiленгеннен кейiн шешiледi, ал асыраушысының жалақысының
орнына отбасының жиынтық кiрiсiнде асыраушысынан айрылу жағдайы
бойынша отбасына тағайындалған мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы
ескерiледi.
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 292
қаулысымен.
2) 7 жасқа дейiнгi төрт және одан да көп балалары бар
көп балалы жұмыс iстемейтiн аналарға жәрдемақы
13. 7 жасқа дейiнгi төрт және одан да көп балалары бар көп балалы
жұмыс iстемейтiн аналарға отбасының табысына қарамастан ай сайынғы
жәрдемақы төленедi.
3) Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң
балаларына арналған жәрдемақы
14. Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң балаларына
отбасының табысына қарамастан әр балаға арналып ай сайынғы жәрдемақы
тағайындалып, төленедi.
15. Жәрдемақы әскери қызметшiнiң мерзiмдi мiндеттi әскери
қызметтi өткерiп жүрген кезiнде төленедi.
4) Адамның иммундық тапшылығы вирусын жұқтырған
және СПИД-пен науқастанған балаларға арналған жәрдемақы
16. Адамның иммундық тапшылығы вирусын жұқтырған және СПИД-пен
науқастанған балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақы денсаулық
сақтау органдары беретiн медициналық қорытынды негiзiнде
тағайындалып, төленедi.
5) Үйiнде тәрбиеленетiн және оқитын
мүгедек балаларға арналған жәрдемақы
17. Үйiнде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларға жәрдемақыны ата-аналарының бiрiнiң немесе олардың орнындағы адамның өтiнiшi бойынша тағайындайды.
Өтiнiшке облыстық бiлiм беру басқармасының жанындағы ведомстволық психикалық-медициналық-педагогикалық консультативтiк комиссия беретiн мүгедек баланы үйде тәрбиелеу немесе оқыту қажеттiлiгi туралы анықтама қоса берiледi.
Аталған құжаттар мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушының әлеуметтiк қорғаудың қалалық-аудандық бөлiмiндегi жеке iс қағазына қосылады.
ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгертiлдi және сөздермен толықтырылды -
ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 292 қаулысымен. P980292_
II. Жәрдемақы алу құқығын айқындау кезiнде
ескерiлетiн отбасы құрамы
18. Балаларға арналған бiрыңғай жәрдемақы алу құқығын айқындау кезiнде отбасы құрамында мыналар ескерiледi:
ерлi-зайыптылар және олардың асырауындағы 18 жасқа толмаған немесе осы жастан асқан, бала кезiнен мүгедек ретiнде мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алатын балалар, сондай-ақ ерлi-зайыптылармен бiрге тұратын еңбекке жарамсыз, зейнетақы алмайтын: зейнетақы жасындағы ата-аналары;
жоғары оқу орындарының студенттерi, арнаулы орта және кәсiптiк-техникалық оқу орындарының (училищелердiң, мектептердiң, лицейлердiң, гимназиялардың, колледждердiң, кадрларды даярлау жөнiндегi курстардың) 18 жасқа толмаған оқушылары, оның iшiнде стипендия алатын оқушылар (олардың ата-аналарымен бiрге тұратын-тұрмайтынына немесе басқа қалаларда, елдерде оқып жүргенiне қарамастан);
отбасында тұратын өгей ұлдар мен өгей қыздар, егер олар басқа ата-ананың отбасында ескерiлмесе;
ауруханаларда, балалар санаторийлерiнде емделiп жатқан балалар, сондай-ақ мектеп-интернаттарда ұсталғаны үшiн ата-аналары немесе қамқоршылары iшiнара ақы төлейтiн балалар.
ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 292
қаулысымен. P980292_
19. Балаларға бiрыңғай жәрдемақы алу құқығын айқындау кезiнде отбасы құрамында мыналар ескерiлмейдi:
ерлi-зайыптылардың туыстары (еңбекке жарамды ата-аналары, зейнетақы алатын ата-аналары, аға-iнiлерi, апа-қарындастары, сiңлiлерi және басқа туыстары);
ата-аналары оларға қатысты ата-аналық құқықтан айрылған балалар;
мемлекеттiк қамсыздандырудағы балалар (тұрғын үймен қамтамасыз етiлмеген оқушылар мемлекеттiң толық асырауына алынған адамдардың қатарына жатқызылмайды);
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Iшкi iстер министрлiгiнiң әскери оқу орындарының офицерлiк құрамының әскери атақтары жоқ, прапорщик, мичман курсанттары мен тыңдаушылары;
теңiз жолы училищелерiнiң және азаматтық авиацияның арнаулы орта оқу орындарының курсанттары;
ақыл-ой және дене дамуында кемiстiгi бар балаларға арналған мектеп-интернаттарға, балалардың орман-санаторийлiк мектептерiне, арнаулы балалар үйiне, жалпы үлгiдегi жалпы бiлiм беретiн мектеп-интернаттарға, олимпиадалық резерв мектептерiне, суворовшылар, нахимовшылар училищелерiне, отбасылық үлгiдегi балалар үйлерiне орналастырылған балалар;
кәсiптiк-техникалық училищелердiң тегiн тамақ, киiм-кешек және жатақхана берiлген оқушылары;
қамқоршы (асырап алушы) отбасыларда тәрбиеленетiн балалар;
18 жасқа толған және одан асқан балалар (17-тармақта көрсетiлгендерден басқа);
мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер, соның iшiнде әскери-құрылыс отрядтарында қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлер.
ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 292
қаулысымен. P980292_
III. Отбасы құрамын айқындау кезiндегi ерекшелiктер
20. Жәрдемақы алу құқығын белгiлеу кезiнде отбасының жәрдемақы алуға өтiнiш берген сәттегi құрамы айқындалады.
21. Қамқорлықтағы балаларға бiрыңғай жәрдемақы алу құқығын айқындау кезiнде отбасының құрамында тек қамқорлықтағы балалар ғана ескерiледi, жиынтық табыста қамқоршылардың табыстары емес, осы балаларға алынатын жәрдемақы және алимент ескерiледi.
ЕСКЕРТУ. 21-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 292
қаулысымен. P980292_
22. Ата-аналары бөлек тұрған жағдайда балалар шешесiнiң немесе әкесiнiң отбасында нақты тұруына қарай ескерiледi.
23. Егер мемлекеттiң қамсыздандыруындағы балалар жазғы демалыс кезiнде үйлерiне кетсе, олар отбасы құрамында ескерiледi және балалар отбасында тұрған кездегi отбасының жәрдемақы алу құқығы қайта қаралады.
24. Асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы тағайындалған бала мемлекеттiң қамсыздандыруына көшiрiлсе, отбасының жәрдемақы алу құқығын айқындау кезiнде ол отбасы құрамында ескерiлмейдi.
ЕСКЕРТУ. 24-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 292
қаулысымен. P980292_
25. Жәрдемақы алатын тоқсанда отбасы құрамында өзгерiстер болған жағдайда жәрдемақы алу құқығы келесi тоқсанда қайта қаралады.
26. Жесiр әйелге (еркекке), ажырасқан әйелге (еркекке)
тағайындалған балаларға арналған жәрдемақы шешенiң (әкенiң) некеге
тұрғанына қарамастан, тоқсанның аяғына дейiн төленедi.
IV. Отбасылық жәрдемақы тағайындау жөнiнде өтiнiш жасау
27. Балалы отбасыларына жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш
жәрдемақыға құқығы бар адамдардың тұратын жерi бойынша аудандық
(қалалық) халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiне берiледi.
Балаларға жәрдемақы тағайындау туралы қамқоршының (қорғаншының)
өтiнiшiне қамқоршылық (қорғаншылық) белгiлеу туралы тиiстi орган
шешiмiнiң көшiрмесi тiркеледi.
ЕСКЕРТУ. 27-тармақтың 1 абзацы жаңа редакцияда, 3 абзацы алынып
тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 292 қаулысымен.
28. Жәрдемақы жөнiнде өтiнiш жасаған адам мынадай құжаттар
ұсынады:
жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш (өтiнiште, сондай-ақ
отбасының табыс туралы анықтамада аталғаннан басқа табысы жоқ екенi
көрсетiледi);
әр баланың тууы туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
отбасының құрамын куәландыратын құжат.
Сонымен қатар мынадай құжаттар ұсынылады:
а) балалы отбасыларына бiрыңғай жәрдемақы үшiн:
отбасы мүшелерiнiң табысы туралы анықтама жұмыс, оқу, қызмет
өткеру орнынан ұсынылады;
заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiкпен айналысатын отбасы мүшелерi
салық органдарының анықтамаларын ұсынады;
жұмыссыздар тұратын жерiндегi Жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыздығы бойынша алатын жәрдемақысының мөлшерi көрсетiлген анықтама ұсынады, жұмыс iздеп жүрген жұмыссыздар, жұмыссыздығы бойынша жәрдемақы төлеу тоқтатылған сәттен бастап, мұндай анықтаманы жұмыссыздығы бойынша жәрдемақының мөлшерiн көрсетпестен ұсынады;
б) 7 жасқа дейiнгi төрт және одан көп балалары бар көп балалы жұмыс iстемейтiн аналарға жәрдемақы үшiн:
көп балалы ананың еңбек кiтапшасынан көшiрме немесе оның еш жерде жұмыс iстемейтiнiн растайтын басқа құжат;
в) мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiнiң балаларына арналған жәрдемақы үшiн:
баланың әкесiнiң мiндеттi әскери қызметте жүргенi туралы
аудандық (қалалық) әскери комиссариаттың анықтамасы, онда қызмет
өткеру мерзiмi көрсетiледi;
г) адамның иммундық тапшылығын жұқтырған немесе СПИД-пен
науқастанған балаларға арналған жәрдемақы үшiн:
денсаулық сақтау органдары беретiн медициналық қорытынды.
Жәрдемақы тағайындау үшiн қажеттi құжаттар түпнұсқа түрiнде де,
белгiленген тәртiппен расталған көшiрме түрiнде де берiлуi мүмкiн.
д) үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларға арналған
жәрдемақы үшiн:
облыстық бiлiм басқармасының жанындағы Ведомствоаралық
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық комиссияның
мүгедек баланы үйде тәрбиелеудiң немесе оқытудың қажеттiлiгi туралы
анықтамасы.
ЕСКЕРТУ. 28-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 292
қаулысымен.
V. Жәрдемақы тағайындау тәртiбi
29.
29. Балалы отбасыларына жәрдемақылардың барлық түрлерiн
аудандық (қалалық) халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi құратын
жәрдемақылар тағайындау жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия)
тағайындайды.
30. Жәрдемақылардың барлық түрi жәрдемақы тағайындау туралы
өтiнiш берiлген айдан бастап, бiрақ өтiнiм жасалған күннен бастап 12
айдан аспайтын мерзiмге тағайындалады.
ЕСКЕРТУ. 29-тармақ алынып тасталды, 30-31-тармақтар жаңа
редакцияда, 30-43-тармақтар тиiсiнше 29-42-тармақтар
болып саналды - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 292 қаулысымен.
31. Жәрдемақы тағайындауды және төлеудi тоқтататын немесе жаңартатын жағдайлар болғанда (баланы асырап алу, баланың қайтыс болуы, 7 жасқа дейiнгi төрт және одан көп балалары бар, жұмыс iстемейтiн ананың жұмысқа орналасуы және т.б.) жәрдемақы тағайындау және төлеу тиiстi жағдайлар басталған айдан кейiнгi айдан бастап
тоқтатылады немесе жаңартылады.
ЕСКЕРТУ. 31-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 292
қаулысымен.
32. Жәрдемақы алушылар жәрдемақының қандай да бiр түрiн алу
құқығына ықпал ететiн барлық өзгерiстер туралы Комиссияға
хабарлауға мiндеттi.
ЕСКЕРТУ. 32-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 292
қаулысымен.
33. Жәрдемақы тағайындау туралы барлық қажеттi құжаттары бар
өтiнiштi Комиссия ол түскен күннен бастап 10 күн мерзiм iшiнде
қарайды.
ЕСКЕРТУ. 33-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 292
қаулысымен.
34. Жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда Комиссия шешiм
шығарылғаннан кейiн бас тартудың себептерiн және шағымдану тәртiбiн
көрсете отырып, өтiнiш берушiге барлық құжаттарды қайтарады.
ЕСКЕРТУ. 34-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 292
қаулысымен.
35. Комиссияның шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға болады.
36. Жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш барлық ұсынылған
құжаттарымен бiрге, сондай-ақ балаларға арналған жәрдемақы тағайындау
жөнiндегi комиссияның жәрдемақы тағайындау туралы шешiмi бар хаттамасы
не одан алынған көшiрме жәрдемақы алушының жеке iс қағазында сақталады.
VI. Жәрдемақы төлеу
37. Балалы отбасыларға жәрдемақы төлеу жәрдемақының Қазақстанның Акционерлiк Халықтық Жинақ банкiсi және оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы жүргiзiледi.
38. Жәрдемақы өткен айға есептеледi.
39. Жәрдемақы тағайындайтын немесе төлейтiн органның кiнәсiнен уақтылы есептелмеген жәрдемақы, сомалары қандай да болсын мерзiммен шектелмей, өткен уақыт үшiн бiр жолға есептеледi.
40. 7 жасқа дейiнгi төрт және одан көп балалары бар жұмыс iстемейтiн көп балалы аналарға жәрдемақы, адамның иммундық тапшылығын жұқтырған немесе СПИД-пен науқастанған балаларға арналған жәрдемақы (балалы отбасыларға бiрыңғай жәрдемақыдан басқа) өндiрiстiк емес салалар үшiн қолданылатын аудандық коэффициенттi қолдана отырып тағайындалады және төленедi.
ЕСКЕРТУ. 40-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 292
қаулысымен. P980292_
41. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi жергiлiктi органдардың меншiк және шаруашылықты жүргiзу нысандарына қарамастан кез-келген ұйымда жалақы туралы анықтаманың дұрыс берiлуiн тексеруге құқығы бар.
42. Жәрдемақы төлеу жөнiндегi есептi жүргiзу және есептiлiктi
құру тәртiбi туралы нұсқауларды Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгi, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетi, Қазақстанның
Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiсi Қазақстан Республикасының Еңбек
және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен бiрлесiп бекiтедi.
ЕСКЕРТУ. 42-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.07. N 292
қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 21 наурыздағы
N 382 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi
жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
тiзбесi
1. "Негiзгi тамақ өнiмдерiнiң қымбаттауына байланысты табысы аз азаматтарға өтемақы және балаларға жәрдемақы төлеу үшiн қолданылатын, отбасы мүшелерiне шаққандағы жиынтық табысты есептеу туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 16 қарашадағы N 960 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 44, 651-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 16 қарашадағы N 960 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 ақпандағы N 91 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 3, 35-құжат).
3. "Отбасыларына жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 24 маусымдағы N 528 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 24, 296-құжат).
4. "Мұқтаж отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету кезiнде отбасы мүшесiнiң жиынтық табысына есептелетiн табыс түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 15 мамырдағы N 604 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 21, 185-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 тамыздағы N 987 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 33, 313-құжат).