"Банктегi уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындау тәртiбi және өкiлеттiгi туралы" нұсқаулық жөнiнде

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 11 қыркүйектегi N 325 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 12 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 373. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 68 (V042818) қаулысымен.

       Ескерту. Нормативтік құқықтық актінің атауындағы "ереже" деген сөз "нұсқаулық" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1998.12.31. N 330  ~V980705  қаулысымен .

      Банк қызметiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарға енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi: 
      1. "Банктегi уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындау тәртiбi және өкiлеттiгi туралы" Ереже бекiтiлсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Банктiк қадағалау департаментi (Н.Қ.Абдуллина): 
      а) Заң департаментiмен (А.Қ.Өртембаев) бiрге "Банктегi уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындау тәртiбi және өкiлеттiгi туралы" Ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркесiн. 
      б) осы қаулыны және жоғарыда аталған Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (Алматы аумақтық Бас) басқармаларына (филиалдарына) және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн. 
      3. Осы Қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн. 

 
       Ұлттық Банк Төрағасы 

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Ұлттық Банкi Басқармасының
                                       1997 жылғы 11 қыркүйектегi
                                       N 325 қаулысымен
                                       бекiтiлген

 
            "Банктегi уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) 
             тағайындау тәртiбi және өкiлеттiгi туралы" 
                              Нұсқаулық 

 
      Осы Нұсқаулық қолданылып жүрген банк заңдарына сәйкес жасалды және ол уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындау тәртiбi мен өкiлеттiгiн, сондай-ақ банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиясы жойылған банктiң қызметiн тоқтату туралы сот iс қозғағанға дейiнгi кезеңдегi жұмыс тәртiбiн айқындайды.<*> 
       Ескерту. Кіріспе өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 
               1998.12.31. N 330   V980705_   қаулысымен

 
      1-тарау. Жалпы ережелер<*> 
       Ескерту. "І", "ІІ" деген сандар тиісінше "1-тарау", "2-тарау" 
               деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі 
               Басқармасының 1998.12.31. N 330  V980705_  қаулысымен.  
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияларды (бұдан әрi - Лицензияларды) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығында  Z952444_  көзделген негiздер бойынша және Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жояды. 
      2. Егер Басқарманың Қаулысында лицензияны жою туралы өзгеше белгiленбеген болса, банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) өз қызметiн лицензияны жою туралы шешiм қабылданған күннен бастап және Ұлттық Банктiң өтiнiшi бойынша сот iс қозғағанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырады. 
      3. Лицензиясы жойылған банктiң банктiк немесе өзге қызметтi жүзеге асыруға құқы жоқ, банктi ұстап тұруға арналған ағымдағы шығыстар мен банкке түскен ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларда болмаса, өзiндегi банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға мiндеттi. 

 
       2-тарау. Уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi)                   тағайындау туралы шешiм қабылдау тәртiбi. 
    Уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмнiң) өкiлеттiгi 

 
      4. Банктегi уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындау және құру тәртiбi туралы шешiмдi Ұлттық Банк Басқармасы Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiнiң (бұдан әрi - Банктiк қадағалау департаментi) ұсынысы бойынша оның банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияларының жойылуына байланысты қабылдайды. 
      5. Лицензияны жою және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындау туралы шешiм банктiң қызметiн тоқтату жөнiнде iс қозғау туралы өтiнiшпен бiрге 10 күн мерзiм iшiнде сотқа жiберiледi. 
      Лицензияны жою және уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындау туралы шешiмнiң көшiрмесi банктiң басшылығына қолын қойғыза отырып табыс етiледi. 
      Шешiмдi қол қойғыза отырып табыс ету мүмкiн болмаған жағдайда уақытша әкiмшiлiктiң басшысы (уақытша әкiм) бұл жөнiндегi Ұлттық Банкке хабарлайды. 
      6. Банк басшылығы уақытша әкiмшiлiктiң басшысына (уақытша әкiмге) банк операцияларын жүргiзу лицензиясын, банктi тiркеу жөнiндегi құжаттарды, банк мөрлерiн, мөртабандары мен бланкiлерiн және басқа құжаттар мен құндылықтарды қабылдап алу-өткiзу актiсi бойынша беруге мiндеттi. 
      7. Уақытша әкiмшiлiктiң басшысы (уақытша әкiм) банк мүлкiнiң сақталуын мынадай iс-әрекеттердi кешiктiрмей орындау жолымен қамтамасыз етуге: 
      - банктiң корреспонденттiк шоттарын салыстыруға және оның кассаларына тексеру жүргiзуге; 
      - корреспондент-банктер мен Ұлттық Банктiң облыстық (аумақтық) басқармаларына (филиалдарына) корреспонденттiк шоттардың жүргiзiлетiн орны бойынша банк атынан құжаттарға қол қоюға құқылы лауазымды адамдардың қолдарының үлгiлерi бар жаңа карточкаларды беруге; 
      - негiзгi қаржылар мен материалдарды түгендеуге, сондай-ақ баланстық және баланстан тыс шоттардың барлық қалдықтарын салыстыруға; 
      - банктi басқаруды қамтамасыз ету бойынша басқа да қажеттi iс-шараларды орындауға мiндеттi; 
      - банктің, оның айырбастау пункттерінің кассасындағы ақша қалдығы банктің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотына аударылсын;<*> 
      - банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияны жою және банк клиенттерінің уақытша әкімшілік (уақытша әкім) тағайындау туралы шешімінің көшірмесі орналастырылсын;<*> 
      - ай сайын банктің белгіленген есебін жасасын және оған қоса Ұлттық Банкке N 1, 2 қосымшаларымен бірге банк балансының ұсынымын, пруденциалдық нормативтердің және басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттердің орындалуы туралы, активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеу туралы, ең аз резервтік талаптар туралы есебін және басқа мәліметтерді тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберсін.<*> 
       Ескерту. 7-тармақ жаңа азатжолдармен толықтырылды - ҚР Ұлттық                 Банкі Басқармасының 1998.12.31. N 330  V980705_                      қаулысымен .  
      8. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) өз қызметi кезеңiнде осы Ереженiң 3-тармағында көзделген жағдайларда болмаса, шығыс операцияларын жүзеге асыруға және банк бұрын жасаған келiсiмдердiң шарттарын өзгертуге құқы жоқ. 
      9. Ұлттық Банктiң өтiнiшi бойынша сот iс қозғаған күннен бастап үш күннiң iшiнде уақытша әкiмшiлiк (уақытша әкiм) жүргiзiлген жұмыстар туралы есеп жасап, Ұлттық Банкке және банк қызметiн тоқтату туралы өтiнiштi қарайтын сотқа беруге мiндеттi. 
      10. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) өз өкiлеттiгiн банк қызметiн тоқтату туралы iс қозғалғаннан кейiн 10 күннен аспайтын мерзiм iшiнде тоқтатады және банктiң құжаттары мен мүлкiн банктiң арнайы басқарушысына бередi. 
      11. Банктiң уақытша әкiмшiлiгiнен (уақытша әкiмiнен) оның сот
тағайындаған арнайы басқарушысының банктiң құжаттары мен мүлкiн
қабылдап алуы-өткiзуi 4 дана етiп жасалған актiмен ресiмделедi және оны сот бекiтедi. Актiнiң сот бекiткен бiр данасы Ұлттық Банкке жiберiледi.     

                     3-тарау. Қорытынды ережелер  

      Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешілуі тиіс. 
       Ескерту. Нұсқаулық 3-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі 
              Басқармасының 1998.12.31. N 330    V980705_   қаулысымен .

       Төраға

Об Инструкции "О порядке назначения и полномочиях временной администрации (временного администратора) в банке"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 11 сентября 1997 г. N 325. Зарегистрировано в Министерстве юстиции 12 сентября 1997 г N 373. Утратило силу - постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 15 марта 2004 года N 68 (V042818)

      В целях совершенствования нормативно-правовой базы деятельности банков, а также учитывая внесенные изменения и дополнения в действующее законодательство, Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить Инструкцию "О порядке назначения и полномочиях временной администрации (временного администратора) в банке" и ввести его в действие со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      2. Департаменту банковского надзора (Абдулина Н.К.):
      а) совместно с юридическим департаментом (Уртембаев А.К.) зарегистрировать в Министерстве юстиции Республики Казахстан Инструкцию "О порядке назначения и полномочиях временной администрации (временного администратора) в банке";
      б) довести настоящее Постановление и вышеназванную Инструкцию до сведения областных (Главного Алматинского территориального) управлений (филиалов) Национального Банка Республики Казахстан и банков второго уровня.
      3. Контроль за исполнением настоящего Постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Сайденова А.Г.

      Председатель

             ИНСТРУКЦИЯ О ПОРЯДКЕ НАЗНАЧЕНИЯ И ПОЛНОМОЧИЯХ
                       ВРЕМЕННОЙ АДМИНИСТРАЦИИ
                 (ВРЕМЕННОГО АДМИНИСТРАТОРА) В БАНКЕ <*>

      Сноска. В названии нормативного правового акта слово "Положение" заменено словом "Инструкция" согласно постановлению Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года № 330 V980705_ ; по тексту цифры "I.", "II." заменены соответственно словами "Глава 1.", "Глава 2." согласно постановлению Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года № 330 V980705_  ;

      Настоящая Инструкция разработана в соответствии с действующим банковским законодательством и определяет порядок назначения и полномочия временной администрации (временного администратора), а также порядок работы банка, у которого аннулированы лицензии на проведение банковских операций, в период до возбуждения судом дела о прекращении его деятельности. <*>
      Сноска. Преамбула - с изменениями, внесенными постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года № 330 V980705_  .
 
                     

Глава 1. ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ

      1. Аннулирование лицензий на проведение банковских операций (далее аннулирование лицензий) производится Национальным Банком Республики Казахстан (далее Национальный Банк) по основаниям, предусмотренным Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан" Z952444_  и в порядке, определенном нормативными правовыми актами Национального Банка.
      2. Временная администрация (временный администратор) банка осуществляет свою деятельность с даты принятия решения об аннулировании лицензий и в период до возбуждения судом дела по заявлению Национального Банка о прекращении деятельности банка, если иное не установлено Постановлением Правления об аннулировании лицензий.
      3. Банк, у которого аннулированы лицензии, не вправе осуществлять банковскую или иную деятельность, обязан прекратить все операции по имеющимся банковским счетам, за исключением случаев, связанных с текущими расходами на содержание банка и зачислением поступающих в банк денег.

                  Глава 2. ПОРЯДОК ПРИНЯТИЯ РЕШЕНИЯ
                 О НАЗНАЧЕНИИ ВРЕМЕННОЙ АДМИНИСТРАЦИИ
               (ВРЕМЕННОГО АДМИНИСТРАТОРА). ПОЛНОМОЧИЯ
         ВРЕМЕННОЙ АДМИНИСТРАЦИИ (ВРЕМЕННОГО АДМИНИСТРАТОРА)

      4. Решение о назначении и порядке создания временной администрации (временного администратора) в банке принимается Правлением Национального Банка в связи с аннулированием его лицензий на проведение банковских операций по представлению Департамента банковского надзора Национального Банка (далее Департамент банковского надзора).
      5. Решения об аннулировании лицензий и назначении временной администрации (временного администратора) вместе с заявлением о возбуждении дела о прекращении деятельности банка направляются в суд в 10-дневный срок.
      Копия решений об аннулировании лицензий и назначении временной администрации (временного администратора) вручаются руководству банка под расписку.
      В случае невозможности вручения решения под расписку руководитель временной администрации (временный администратор) уведомляет об этом Национальный Банк.
      6. Руководство банка обязано передать руководителю временной администрации (временному администратору) по акту приема-передачи лицензию на проведение банковских операций, документы по регистрации банка, печати, штампы и бланки банка и все другие документы и ценности.
      7. Руководитель временной администрации (временный администратор) обязан обеспечить сохранность имущества банка путем незамедлительного выполнения следующих действий:
      - произвести сверку корреспондентских счетов банка и провести ревизию его кассы;
      - представить в банки-корреспонденты и областные (территориальные) управления (филиалы) Национального Банка по месту ведения корреспондентских счетов новые карточки с образцами подписей должностных лиц, имеющих право подписи документов от имени банка;
      - проведение инвентаризации основных средств и материалов, а также сверку всех остатков балансовых и забалансовых счетов;
      - выполнить другие необходимые мероприятия по обеспечению управления банком;
      - зачислить остатки денег в кассе банка, его обменных пунктах на корреспондентский счет банка в Национальном Банке;
      - разместить копии решения об аннулировании лицензии банка на проведение банковских операций и назначении временной администрации (временного администратора) в месте, доступном для обозрения клиентами банка;
      - ежемесячно составлять и направлять в соответствующие уполномоченные государственные органы установленную отчетность банка, включая представление в Национальный Банк баланса банка с приложениями № 1, 2, отчета о выполнении пруденциальных нормативов и других обязательных к соблюдению норм и лимитов, о классификации активов и условных обязательств, о минимальных резервных требованиях и другие сведения. <*>
      Сноска. Пункт 7 - с дополнениями, внесенными постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года № 330 V980705_  .
      8. В период своей деятельности временная администрация (временный администратор) банка не вправе осуществлять расходные операции, за исключением случаев, предусмотренных пунктом 3 настоящей Инструкции, и изменять условия заключенных ранее банком договоров.
      9. В трехдневный срок с даты возбуждения судом дела по заявлению Национального Банка временная администрация (временный администратор) обязана составить отчет о проведенной работе, который представляется в Национальный Банк и суд, рассматривающий заявление о прекращении деятельности банка.
      10. Временная администрация (временный администратор) банка складывает свои полномочия и передает документы и имущество банка специальному управляющему банка в срок не более 10 дней после возбуждения дела о прекращении деятельности банка.
      11. Прием-передача документов и имущества банка от временной администрации (временного администратора) банка его специальному управляющему, назначенному судом, оформляется актом, который составляется в 4 экземплярах и утверждается судом. Один экземпляр утвержденного судом акта суд направляет в Национальный Банк.

                  Глава 3. Заключительные положения <*>

      Сноска. Инструкция дополнена новой Главой 3 согласно постановлению Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года № 330 V980705_  .

      12. Вопросы, неурегулированные настоящей Инструкцией, подлежат разрешению в соответствии с законодательством Республики Казахстан".

      Председатель