Екінші деңгейдегі банктер қызметінің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1997 жылғы 11 қыркүйектегі N 325
V970373_
қаулысымен бекітілген Банкте уақытша әкімшілік (уақытша әкім) тағайындау тәртібі және өкілеттігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін.
2. Заң департаменті (Сизова С.И.) Банктік қадағалау департаментімен (Жұмағұлов Б.Қ.) бірлесіп осы қаулыны және Банкте уақытша әкімшілік (уақытша әкім) тағайындау тәртібі және өкілеттігі туралы ережеге бекітілген өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өткізсін.
3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) осы қаулыны және Банкте уақытша әкімшілік (уақытша әкім) тағайындау тәртібі және өкілеттігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
1998 жылғы 31 желтоқсандағы
N 330 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
1997 жылғы 11 қыркүйектегі N 325 қаулысымен бекітілген
Банкте уақытша әкімшілік тағайындау тәртібі және
өкілеттігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар
1. Нормативтік құқықтық актінің атауындағы "ереже" деген сөз "нұсқаулық" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Кіріспедегі "Осы Ереже" деген сөз "осы Нұсқаулық" деген сөзбен ауыстырылсын.
3. "І", "ІІ" деген сандар тиісінше "1-тарау", "2-тарау" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 7-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолдармен толықтырылсын:
- "Банктің, оның айырбастау пункттерінің кассасындағы ақша қалдығы банктің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотына аударылсын;
- банк операцияларын жүргізуге берілген лицензияны жою және банк клиенттерінің уақытша әкімшілік (уақытша әкім) тағайындау туралы шешімінің көшірмесі орналастырылсын;
- ай сайын банктің белгіленген есебін жасасын және оған қоса Ұлттық Банкке N 1, 2 қосымшаларымен бірге банк балансының ұсынымын, пруденциалдық нормативтердің және басқа да сақталуға міндетті нормалар мен лимиттердің орындалуы туралы, активтер мен шартты міндеттемелерді жіктеу туралы, ең аз резервтік талаптар туралы есебін және басқа мәліметтерді тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберсін.".
5. Мынадай мазмұндағы 3-тараумен толықтырылсын:
"3-тарау." Қорытынды ережелер
6. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес шешілуі тиіс.
Ұлттық Банк
Төрағасы