Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 18 қазандағы N 534, ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 20 қазандағы N 3 бірлескен бұйрығымен
(Бұйрықтан үзіндіні ресми тілде қараңыз).
___________________________
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Дәрi-дәрмектер туралы" жарлығына және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң 1997 жылдың 14 тамызындағы N 3/4300-ыншы түсiндiрмелерiне сәйкес
БҰЙЫРАМЫЗ
:
1. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлiгi дәрi-дәрмектер сертификаттау органдары мен сынақтан өткiзу лабораторияларын (орталықтарын) жүйесiн айқындасын.
2. Қазақстан Республикасы Мемстандарты дәрi-дәрмектердi сертификаттау органдары мен сынақтан өткiзу лабораторияларын (орталықтарын) аккредитациялау мәселесiн Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлiгiмен келiскеннен кейiн iске асыратын болсын.
ҚР Мемстандартының ҚР денсаулық сақтау
директоры министрi