Дәрi-дәрмектерді сертификаттау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлiгi 1997 жылғы 27 тамыздағы N 426, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі агенттігінің 1997 жылғы 25 тамыздағы N 410 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 25 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 377. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 18 қазандағы N 534, ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 20 қазандағы N 3 бірлескен бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 18 қазандағы N 534, ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 20 қазандағы N 3 бірлескен бұйрығымен   (Бұйрықтан үзіндіні ресми тілде қараңыз).
___________________________

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар "Дәрi-дәрмектер туралы" жарлығына және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң 1997 жылдың 14 тамызындағы N 3/4300-ыншы түсiндiрмелерiне сәйкес  БҰЙЫРАМЫЗ :
      1. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлiгi дәрi-дәрмектер сертификаттау органдары мен сынақтан өткiзу лабораторияларын (орталықтарын) жүйесiн айқындасын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемстандарты дәрi-дәрмектердi сертификаттау органдары мен сынақтан өткiзу лабораторияларын (орталықтарын) аккредитациялау мәселесiн Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлiгiмен келiскеннен кейiн iске асыратын болсын.

      ҚР Мемстандартының                ҚР денсаулық сақтау
      директоры                         министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады