"Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы Заңның Z970075_ 7-бабына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 5 сәуiрдегi N 3445 U973445_ Жарлығымен бекiтiлген "Жеңiлдiктер мен преференциялар жүйесi және инвесторлармен келiсiм-шарттарды жасау кезiнде оларды берудiң тәртiбi туралы ережеге" сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi:
Қоса берiлiп отырған "Жеңiлдiктер мен преференцияларды берудiң, олардың мөлшерлерi мен мерзiмдерiн айқындаудың тәртiбi жөнiндегi әдiстемелiк нұсқаулықтар" бекiтiлсiн.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң
1997 жылғы 13 маусымдағы
N 20 қаулысымен
бекiтiлген
Жеңiлдiктер мен преференцияларды берудiң, олардың
мөлшерлерi мен мерзiмдерiн айқындаудың тәртiбi
жөнiндегi әдiстемелiк нұсқаулықтар
Осы әдiстемелiк нұсқаулықтар "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Z970075_ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы Заңының 7-бабына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 5 сәуiрдегi N 3445 U973445_ Жарлығымен бекiтiлген "Жеңiлдiктер мен преференциялар жүйесi және инвесторлармен келiсiм-шарттарды жасау кезiнде оларды берудiң тәртiбi туралы ережеге" сәйкес әзiрлендi. Осы әдiстемелiк нұсқаулықтардың мақсаты Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң (бұдан әрi Комитет) жеңiлдiктер мен преференцияларды беруiнiң тәртiбiн, олардың мөлшерлерi мен мерзiмдерiн айқындау болып табылады.
1. Жеңiлдiктер мен преференцияларды берудiң тәртiбi
Жеңiлдiктер мен преференциялар инвестициялық жоба "Жеңiлдiктер мен
преференциялар жүйесi және инвесторлармен келiсiм-шарттарды жасау кезiнде
оларды берудiң тәртiбi туралы ережемен" айқындалған өлшемдер мен шарттарға
сәйкес болған жағдайда берiледi.
Жеңiлдiктер мен преференциялар инвесторға мынадай кезектiлiкте
берiледi:
мемлекеттiк заттық гранттар
кедендiк жеңiлдiктер
жер салығы бойынша жеңiлдiк
мүлiк салығы бойынша жеңiлдiк
табыс салығы бойынша жеңiлдiк
Комитет жоғарыда көрсетiлген кезектiлiктегi әрбiр жеңiлдiктi берген соң жоба экономикасының көрсеткiштерiн талдайды және келесi жеңiлдiктi берудiң орындылығын айқындайды.
2. Мемлекеттiк заттық гранттарды берудiң
тәртiбi және олардың мөлшерлерi
Мемлекеттiк заттық гранттар түрiнде беру үшiн көзделген жер учаскелерi, негiзгi құралдар, өндiрiстiк запастар түрiндегi мемлекеттiк мүлiктiң белгiленген тiзбесiне сүйене отырып әлеуеттi инвесторға экономикалық орындылығын ескере отырып экономиканың басым секторында қызметiн жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк заттық грант (бұдан әрi грант) түрiнде нақты мүлiк немесе мүлiктiк құқықтар (материалдық емес активтер) берiлуi мүмкiн.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер ауыл шаруашылығына инвестицияларды жүзеге асыратын инвесторларға ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру мен өңдеу процесiнде олар жоғары тиiмдi агротехника мен озық технологияны қолдану шартында жердi тұрақты пайдалануға немесе жердi
уақытша тегiн пайдалануға мемлекеттiк заттық грант түрiнде берiледi.
Мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiн тегiн беру, сондай-ақ жаңа
өндiрiстiк жобалардың құрылысын жүзеге асыру үшiн де жүргiзiледi.
Инвесторларға берiлетiн гранттардың мөлшерi мынадай көрсеткiш бойынша
тiкелей инвестициялардың көлемiне тiкелей байланысты болады:
_________________________________________________________________
N | Тiкелей инвестициялардың | Гранттың проценттегi барынша
| көлемi (миллион АҚШ доллары)| көп жол берiлетiн (тiкелей
| | инвестициялардың көлемiнен)
| | мөлшерi
_________________________________________________________________
1 | 1-ден аз | 50
_________________________________________________________________
2 | 1-ден 5-ке дейiн | 75
_________________________________________________________________
3 | 5-тен жоғары | 100
_________________________________________________________________
Жекелеген капиталды көп қажет ететiн жобалар бойынша грантты беру кезiнде көрсетiлген шектеулердi қолданбау туралы шешiм қабылдануы мүмкiн.
Грант ретiнде беру үшiн нақты мемлекеттiк мүлiктi айқындаған соң құзыреттi мемлекеттiк орган берiлетiн мемлекеттiк мүлiкке бағалау жүргiзедi. Грантқа жүргiзiлген бағалаудың нәтижелерi Комитетке оның белгiленген мерзiмiнде берiледi.
3. Импорттық кеден бажынан босатудың тәртiбi
Жаңа өндiрiстi ұйымдастыруды жүзеге асырушы және дайын өнiмдi экспорттаушы инвестор әкелiнетiн жабдыққа, шикiзатқа, материалдар мен жинақтаушы бұйымдарға кеден бажын төлеуден толық босатылады.
Басқа жағдайларда кеден бажын төлеуден толық босату инвесторға халықаралық экологиялық және технологиялық стандарттарға сәйкес келетiн қазiргi заманғы жабдықтар әкелген және инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшiн қажеттi жоғары сапалы шикiзат пен материалдар әкелген жағдайда берiледi.
Белгiленген кеден бажының ставкасын 50% дейiн төмендету түрiндегi кеден бажын төлеуден iшiнара босату Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн жабдықтарды, шикiзат пен материалдарды әкелу кезiнде берiледi.
4. Салық жеңiлдiктерiн берудiң және олардың
мөлшерлерi мен мерзiмдерiн айқындаудың тәртiбi
Жер салығын төлеуден уақытша босату немесе салық ставкасын төмендету туралы шешiм жаңа өндiрiстiк объектiлердiң құрылысын салу және ауыл шаруашылығын инвестициялау жағдайында қабылданады.
Мүлiк салығын төлеуден уақытша босату немесе салық ставкасын төмендету туралы шешiм жоғары капиталды көп қажет етуiмен, жабдыққа және өндiрiстiк қуаттарға инвестициялармен және инвестициялық жобаны жүзеге асырудың алғашқы жылдарында шығыстары кiрiстерiнен елеулi түрде асуымен сипатталатын жаңа өндiрiстiк объектiлердiң құрылысын салу жағдайында қабылданады.
Табыс салығын төлеуден уақытша босату немесе салық ставкасын төмендету туралы шешiм жаңа жұмыс орындарын құратын, шығарылатын өнiмнiң көлемiн өсiретiн, экспортты ұлғайтатын немесе импортты қысқартатын жобалар бойынша қабылданады. Табыс салығы бойынша жеңiлдiк басқа жеңiлдiктер мен преференциялардың берiлуi ескерiлiп есептiк тиiмдiлiгi инвесторға салымдарының қажеттi ұтымдығын қамтамасыз етпейтiн жобалар бойынша берiледi.
Инвестициялық жобаның өлшемдер мен шарттарға сәйкестiлiгi Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң тиiсiнше 1997 жылғы 17 сәуiрдегi және 1997 жылғы 28 наурыздағы N 12 және 14 қаулыларымен бекiтiлген "Инвестициялық жобаға сараптама ұйымдастыру мен жүргiзудiң тәртiбi туралы" және "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен инвестордың арасындағы келiсiм-шартқа сараптама ұйымдастыру мен оны жүргiзудiң тәртiбi туралы" ережелерде белгiленген тәртiпте кешендi сараптамамен айқындалады.
Жобаның негiзгi өлшемдер мен шарттарға сәйкестiлiгiне жоғарыда
көрсетiлген кешендi сараптаманың нәтижелерi бойынша оң қорытынды болған
кезде бекiтiлген инвесторға мынадай шектi мөлшерлерде тiкелей
инвестициялардың көлемiне байланысты жер салығы, мүлiк салығы және табыс
салығы бойынша жеңiлдiктер берiлуi мүмкiн:
___________________________________________________________________
| Тiкелей инвестициялардың көлемiне байланысты
| жер салығының, мүлiк салығының және табыс
| салығының ставкаларын төмендетудiң шектi
| мөлшерлерi (проценттер)
___________________________________________________________________
Тiкелей инвестиция. | 5 жылға дейiн | 5 жылға дейiн
лардың көлемi | бiрiншi кезең | екiншi кезең
(миллион АҚШ доллары) |
___________________________________________________________________
1-ден аз | 50 | 25
___________________________________________________________________
1-ден 3-ке дейiн | 70 | 35
___________________________________________________________________
3-тен 5-ке дейiн | 90 | 45
___________________________________________________________________
5-тен жоғары | 100 | 50
___________________________________________________________________
Салық ставкаларын оларды шектi проценттер мөлшерiнде төмендету туралы шешiм жоба барлық белгiленген өлшемдерге толық сәйкес келген жағдайда қабылданады. Жекелеген өлшемдерге толықтай емес сәйкес келген кезде шектi проценттер төмендетуге ұшырайды, бiрақ бұл 50%-тен аспайды. Аталған төмендету: енгiзiлетiн техниканың және технологияның жаңалығы, қазiргi заманғы менеджмент, маркетингтiк озық әдiстерi, менеджерлердi, инженерлiк-техникалық қызметкерлер мен жұмысшыларды оқыту мен қайта даярлау секiлдi өлшемдерге толық сәйкес келмеген кезде жүргiзiледi.
Салық жеңiлдiктерiн берудiң мерзiмдерiн Комитет әрбiр инвестициялық
жоба бойынша жоба экономикасын талдау негiзiнде, бiрақ жоба сараптамасы
бойынша айқындалған өзiн ақтайтын мерзiмiнен аспайтын уақытта айқындайды.
5. Бюджеттiк тиiмдiлiктi есептеудiң тәртiбi
Салық және кеден жеңiлдiктерiн беру туралы шешiмдi Директорлар кеңесi
кiрiстерi инвестициялық жобаны жүзеге асыру кезiнде бекiтiлген инвесторға
салық және кеден жеңiлдiктерiн беру кезiнде туындайтын шығыстардан артуы
ретiнде айқындалған жоба бойынша бюджеттiк тиiмдiлiк болған кезде ғана
қабылдайды.
Кiрiстер құрамына мыналар кiредi:
- қосылған құнға салынатын салық;
- жеңiлдiктер мен преференциялар жүйесiне кiрмеген бюджетке
түсетiн кеден баждары және жобаға сәйкес өндiрiлген өнiмдер
(ресурстар) бойынша акциздер;
- жеңiлдiктер мен преференциялар жүйесiне кiрмеген немесе
берiлген жеңiлдiктердiң қолданылу мерзiмi аяқталған соң
төленген жер салығы, мүлiк салығы және табыс салығы;
- жобада көзделген жұмыстарды орындағаны үшiн есептелген,
қазақстандық және шетелдiк қызметкерлердiң еңбек ақысынан
бюджетке табыс салығынан түсiмдер;
- салық заңдарында көзделген басқа да салықтар;
- Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, жұмыспен қамту
қорына және жол қорына төлемдер.
Шығыстар құрамына мыналар кiредi:
- жер салығы, мүлiк салығы және табыс салығы бойынша
жеңiлдiктер;
- кеден бажын төлеуден босату.
Бюджеттiк тиiмдiлiктi айқындау үшiн мынадай көрсеткiштер
талдауға салынады:
- қосылған құнға салынатын салықтың сомасын айқындау үшiн
сатып алу және жүзеге асыру бойынша айналымдардың
көзделген көлемi;
- ауыл шаруашылығы учаскесiнiң алаңы, ал ауыл шаруашылығының
инвестициялық жобасы үшiн бонитет баллдарындағы жердiң
өнiмдiлiгi;
- барлық негiзгi құралдардың құны;
еңбек ақының жалпы қоры және бiр қызметкерге шаққандағы
орташа еңбек ақы;
- басқа да көрсеткiштер.
6. Жеңiлдiктер мен преференциялардың күшiн
жоюдың тәртiбi
Инвесторға келiсiм-шарт бойынша берiлген жеңiлдiктер мен преференциялардың күшiн жою туралы шешiм Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997 жылғы 9 сәуiрдегi N 8 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларында инвестициялық қызметтi жүзеге асыруға арналған келiсiм-шарт туралы ережеде" айқындалған қағидаларға сәйкес инвестормен келiсiм-шарт бұзылған жағдайда ғана қабылданады.
Бұл ретте инвестор келiсiм-шартқа сәйкес берiлген жеңiлдiк бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында және келiсiм-шарттың ережелерiнде көзделген тиiстi айыппұл санкциялары ескерiле отырып, қызметiнiң бүкiл кезеңiндегi барлық салықтар мен баждарды толық көлемде төлейдi, сондай-ақ инвесторға заттық грант түрiнде берiлген мүлiктi немесе заттық гранттың құнын және келiсiм-шарттың ережелерiнде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тиiстi айыппұл санкциялары ескерiле отырып ақшалай нысанда осындай қайтаруды жүзеге асырады.