Инвесторлармен контракт жасасу кезiндегi жеңiлдiктер мен преференциялар жүйесi және оларды берудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1997 жылғы 5 сәуiр N 3445. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2000.03.06. N 349 жарлығымен. ~U000349

      "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан

Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы Заңының  

Z970075_

  7-бабының
3-тармағына сәйкес қаулы етемiн:
     1. Инвесторлармен контракт жасасу кезiндегi жеңiлдiктер мен
преференциялар жүйесi және оларды берудiң тәртiбi туралы қоса
берiлiп отырған ереже бекiтiлсiн.
     2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
                                    Қазақстан Республикасы
                                        Президентiнiң
                                    1997 жылғы 5 сәуiрдегi
                                       N 3445 Жарлығымен
                                           бекiтiлген

       Инвесторлармен контракт жасасу кезiндегi жеңiлдiктер
       мен преференциялар жүйесi және оларды берудiң тәртiбi
                              туралы
                               ЕРЕЖЕ



      Осы Ереже "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (бұдан былай - Комитет) мен инвесторлар арасында контракт жасасылған кезде жеңiлдiктер мен преференциялар беру мәселелерiн реттеу мақсатында әзiрлендi.

      I. Жеңiлдiктер мен преференциялар берудiң мақсаты және шарттары

      1. Жеңiлдiктер мен преференциялар инвесторларға инвестицияларды экономиканың басым секторларына тарту, инвестициялық тәуекелдi төмендету және инвестициялық жобаны iске асырудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында берiледi.
      Жеңiлдiктер мен преференциялар беру инвестициялық жоба өтiнiмiн және контракт жобасын кешендi сараптамадан өткiзу нәтижелерi бойынша "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы Заңына және осы Ережеге сәйкес мөлшерде, тәртiп пен мерзiмге Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң контрактiлер жасасуы жолымен жүзеге асырылады. <*>
      Тiкелей инвестициялардың көлемi Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiлеген шектi мөлшерден аспайтын контракт жасалған жағдайда жеңiлдiктер (кеден жеңiлдiктерiнен басқа) мен преференциялар Комитет белгiлеген стандарттарға сәйкес берiледi. <*>

     ЕСКЕРТУ. 1 бөлiмнiң атауы және 1-тармақ толықтырылды - ҚР
              Президентiнiң 1998.06.30. N 3988 жарлығымен.  

U983988_

 

     II. Жеңiлдiктер мен преференциялар берудiң өлшемдерi
               және олардың мөлшерiн айқындау

     2. Тiкелей инвестициялардың көлемi Қазақстан Республикасының
Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiлеген шектi
мөлшерден асатын контрактiлер жасалған кезде жеңiлдiктер мен
преференциялар беру үшiн негiзгi өлшемдер мыналар болып табылады:
<*>

     1) жобаның ортақ шарттары:
        жобаның экономиканың басым секторларына тиесiлiлiгi;
        тiкелей инвестициялардың жалпы көлемi;
        экспорттық өнiмнiң көлемi;
        импортты алмастырушы өнiмдердiң көлемi;
        құрылатын жұмыс орындарының саны;
        экологиялық қауiпсiздiк;
     2) техникалық шарттар;
        өнiмнiң жаңалылығы мен сапасы;
        енгiзiлетiн техника мен технология жаңалылығы;
        табиғи, шикiзат және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану;
     3) ұйымдастыру-басқару шарттары:
        осы заманғы менеджмент;
        маркетингтiң озық әдiстерi;
        менеджерлердi, инженер-техник қызметкерлер мен жұмысшыларды
        оқыту және қайта даярлау;
     4) қаржылық шарттар:
        инвестициялық жобаларды қаржыландырудың схемасы мен шарттары
        (мерзiмдерi, банктiк сыйақы мүдде ставкалары, кепiлдiктер және
        басқалары);
<*>

        алынып пайданы болжанып отырған пайдалану (өндiрiстi
        кеңейтуге қайта инвестициялау);
     5) экономикалық шарттар:
        жоба пайдасының iшкi нормасы;
        таза дисконтирленген кiрiс (интегралды тиiмдiлiк);
        инвестицияның өтелу мерзiмi;
        тәуекелдер;
        жобаның ұлттық экономиканы дамытуға тiкелей және жанама
        ықпалы;
     6) бюджеттiк тиiмдiлiк:
        берiлген жеңiлдiктер мен преференциялар нәтижесiнде алынбай
        қалған қаражаттың бюджетке түсуiн қамтамасыз ету.
     2-1. Комитет белгiлеген стандарттарға сәйкес жеңiлдiктер мен
преференциялар берiлетiн инвестициялық жобалар үшiн жеңiлдiктер мен
преференциялар берудiң өлшемдерi мыналар болып табылады:
     жобаның экономикалық басым секторларына тиесiлiлiгi;
     тiкелей инвестициялардың жалпы көлемi.
<*>

     2-2. Осы Ереженiң 2-тармағында белгiленген өлшемдердi
айқындаудың тәртiбiн Комитет реттейдi.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi және толықтырылды - ҚР Президентiнiң
              1998.06.30. N 3988 жарлығымен.  

U983988_

 

     III. Жеңiлдiктер мен преференциялар жүйесi

     3. Комитет беретiн жеңiлдiктер мен преференциялар жүйесiне
мыналар кiредi:
     жер салығы бойынша, мүлiкке салық бойынша және табыс салығы
бойынша жеңiлдiктер;
     кеден бажын төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер;
     заттық кепiлдiктер.

     IV. Салық жеңiлдiктерiнiң түрлерi мен оларды берудiң
                          шарттары

     4. Табыс салығы:


      1) инвесторға салық заңдарында белгiленген кезеңнiң шегiнде, Комитет пен инвестордың арасында жасасылған контрактiде белгiленген мөлшер мен мерзiмге табыс салығының ставкасы негiзгi ставканың 100 процентiне дейiн төмендетiледi; салықтан босату пайданың контрактiде айқындалған қызметтiң нәтижесiнде алынған бөлiгiне қатысты ғана қолданылады;
      2) инвесторға табыс салығының ставкасы Комитет берген басқа да жеңiлдiктер мен преференциялар ескерiле отырып, есептi тиiмдiлiгi инвесторға салымдардың қажеттi (жеткiлiктi) ұтымдылығын қамтамасыз етпейтiн жобалар бойынша төмендетiледi;
      3) табыс салығының ставкасы жаңа жұмыс орындарын құратын, шығарылатын өнiмдердiң көлемiн арттыратын, экспортты кеңейтетiн немесе импортты қысқартатын жобаларға шетелдiк инвестицияларды тарту үшiн негiзгi ставканың 100 процентiне дейiн төмендетiледi; мұндай жеңiлдiктердiң ауқымы мен қолданылу ұзақтығы жобаның экономикасына қарай болжамдалып отырған инвестициялардың басымдығымен айқындалады.
      5. Инвестор жаңа өндiрiс объектiлерiн салу кезiнде және ауыл шаруашылығына инвестициялар кезiнде Комитетпен жасасылған контрактiге сәйкес жер салығынан уақытша босатылады немесе оған салық ставкасы төмендетiледi; салықтан босату контракт шарттары бойынша қызметке пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша қолданылады.
      6. Инвестор капиталды көп қажетсiнуiмен, жабдықтар мен өндiрiстiк қуаттарға деген инвестициялармен сипатталатын жаңа өндiрiстiк объектiлер салу кезiнде және инвестициялық жобаны iске асырудың алғашқы жылдарында шығыстар кiрiстерден едәуiр артқан жағдайда мүлiкке салық төлеуден уақытша босатылады немесе оған салық ставкасы төмендетiледi; салықтан босату контракт шарттары бойынша қызметке пайдаланылатын мүлiк жөнiнде ғана қолданылады.
      6-1. Комитет белгiлеген стандарттарға сәйкес жеңiлдiктер мен преференциялар берiлген кезде осы Ереженiң 4, 5 және 6-тармақтары қолданылмайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 1998.06.30.
               N 3988 жарлығымен. U983988_

      V. Мемлекеттiк заттық кепiлдiктер

      7. Мыналар мемлекеттiк заттық кепiлдiктер болып табылады:
      1) негiзгi қорлар - үй-жайлар, ғимараттар, беру қондырғылары, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшеушi және реттеушi аспаптар мен қондырғылар, көлiк құралдары, құрал-саймандар, өндiрiстiк және шаруашылық мүкаммалдары, жұмыс және өсiмтал мал, ұзақ жылғы өсiмдiктер мен өзге де еңбек құралдары;
      2) материалдық емес активтер - үй-жайларды, ғимараттарды пайдалану құқықтары және өзге де мүлiктiк құқықтар;
      3) өндiрiстiк қорлар (шикiзат, материалдар, отын, қосалқы бөлшектер, сатып алынатын жартылай дайын өнiмдер мен жинақтаушы бұйымдар, ыдыстар мен тағы басқалары), аяқталмаған өндiрiс дайын өнiм мен басқа да қорлар;
      4) жер учаскелерi және жер пайдалану құқығы.
      8. Мемлекеттiк заттық кепiлдiктердiң құнын бағалауды тапсырыстарға сараптама жүргiзу кезеңiнде тиiстi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
      9. Мемлекеттiк заттық кепiлдiктердi беру тәртiбi:
      1) инвестор қызметiнiң түрiне, сондай-ақ мемлекеттiк заттық кепiлдiк берудiң экономикалық нысаналылығына қарай негiзгi құралдар, материалдық емес активтер, өндiрiстiк қорлар, аяқталмаған өндiрiс, дайын өнiм мен өзге де қорлар осы инвестордың меншiгiне өтеусiз берiледi;
      2) жаңа өндiрiстiк объектiлердiң құрылысына арналған жер учаскелерi инвесторларға мемлекет меншiгiндегi жерден өтеусiз берiледi;
      3) ауыл шаруашылығын инвестициялау кезiнде ауыл шаруашылығына арналған жер отандық инвесторларға жердi тұрақты пайдалану құқығымен және шетелдiк инвесторларға уақытша пайдалануға өтеусiз берiледi. Ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiру және ұқсату процесiнде жоғары тиiмдi агротехника мен озық технологияларды қолдану мұнай кепiлдiктердi берудiң негiзгi өлшемдерi болып табылады.
      9-1. Комитет белгiлеген стандарттарға сәйкес жеңiлдiктер мен преференциялар берiлген кезде осы Ереженiң 7, 8 және 9-тармақтары қолданылмайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 1998.06.30.
               N 3988 жарлығымен. U983988_

      VI. Кедендiк жеңiлдiктер

      10. Инвестор жобаны жүзеге асыру үшiн қажет сырттан әкелiнетiн тауарларға кеден бажын төлеуден босатылады. Мұндай босату инвесторға сырттан әкелiнетiн тауардың белгiлi бiр көлемiне және Комитетпен жасалған контрактiде белгiленген мерзiмге берiледi. <*>
      11. Комитет белгiлеген стандарттарға сәйкес жеңiлдiктер мен преференциялар берiлген кезде осы Ереженiң 10-тармағы қолданылмайды. <*>
      ЕСКЕРТУ. 10-11-тармақтар жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң
               1998.06.30. N 3988 жарлығымен. U983988_

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады