Инвестициялық бағдарламалар Департаменті шығарған инвестициялық жоба бағалау және баға реттеу мәселелері жөніндегі комиссияның 1997 жылғы 30 маусымдағы N 3 жазба шешіміне сүйене отырып "Кеден органдарын автоматтандыру және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кеден Комитетіне арналған Мәліметтер Айырбастау Республикалық Жүйесін құру туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1997 жылғы 4 наурыздағы N 294-а
P970294_
қаулысын орындау үшін бұйырамын:
1. "Корпорация "Акцепт" жабық түрдегі акционерлік қоғам ресімдейтін жүк кеден мәлімдемелерінің электрондық көшірмесіне арналған баға - қосылған құнға салынатын салықты ескере отырып бір көшірме үшін 56 АҚШ долларының көлемінде бекітілсін.
Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерінен ақы алу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызмет көрсетілген күнге белгілеген курсы бойынша теңгемен төленеді.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кеден Комитетіне арналған Біртұтас Автоматтандырылған Ақпараттық Жүйесін енгізу бағдарламасын іске асыру барысын тоқсан сайын бақылап отыру мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар Департаментіне тапсырылсын.
Баға бекіту кезінде көзделген нақты шығындардан ауытқып кеткен жағдайда баға реттеу мәселелері жөніндегі Комиссияға жүк кеден мәлімдемелерінің электрондық көшірмесіне арналған баға деңгейін өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізілсін.
Министр