Әскери мiндеттiлердi оқу жиындарына шақыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жыл 4 наурыздағы N 294

      "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. 1997 жылы даярлау, қайта даярлау және әскери бiлiмдерiн жетiлдiру жөнiндегi оқу жиындарына запастағы солдаттар мен сержанттар 3500 адам санында шақырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiмен оқу жиындарын өткiзудiң мерзiмдерi мен уақытын келiссiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi оқу жиындарын өткiзу шығыстарын 1997 жылы қорғанысқа көзделген бюджеттiк қаражат шегiнде қарастырсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады