Жүк кеден мәлімдеменің электрондық көшірмесін ресімдеу бағасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі 1997 жылғы 30 маусымдағы N 113б бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 24 маусым N 525 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2004 жылғы 27 қазандағы N 429-НҚ бұйрығымен.

      Инвестициялық бағдарламалар Департаменті шығарған инвестициялық жоба бағалау және баға реттеу мәселелері жөніндегі комиссияның 1997 жылғы 30 маусымдағы N 3 жазба шешіміне сүйене отырып "Кеден органдарын автоматтандыру және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кеден Комитетіне арналған Мәліметтер Айырбастау Республикалық Жүйесін құру туралы" Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1997 жылғы 4 наурыздағы N 294-а  P970294_  қаулысын орындау үшін бұйырамын: 
      1. "Корпорация "Акцепт" жабық түрдегі акционерлік қоғам ресімдейтін жүк кеден мәлімдемелерінің электрондық көшірмесіне арналған баға - қосылған құнға салынатын салықты ескере отырып бір көшірме үшін 56 АҚШ долларының көлемінде бекітілсін. 
      Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерінен ақы алу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызмет көрсетілген күнге белгілеген курсы бойынша теңгемен төленеді. 
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кеден Комитетіне арналған Біртұтас Автоматтандырылған Ақпараттық Жүйесін енгізу бағдарламасын іске асыру барысын тоқсан сайын бақылап отыру мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар Департаментіне тапсырылсын.
      Баға бекіту кезінде көзделген нақты шығындардан ауытқып кеткен жағдайда баға реттеу мәселелері жөніндегі Комиссияға жүк кеден мәлімдемелерінің электрондық көшірмесіне арналған баға деңгейін өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізілсін.

      Министр

Об утверждении цены за оформление электронной копии грузовой таможенной декларации

Приказ Министра экономики и торговли Республики Казахстан от 30 июня 1997г. № 113б. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24.06.1998 г. № 525. Утратил силу - приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 27 октября 2004 года № 429-ОД

      Во исполнение постановления Правительства Республики Казахстан от 4 марта 1997 г. № 294-а P970294_  "О мерах по автоматизации таможенных органов и созданию республиканской сети обмена данными для Государственного таможенного комитета Республики Казахстан" на основании оценки инвестиционного проекта, произведенного Департаментом инвестиционных программ, и протокольного решения Комиссии по вопросам регулирования цен от 30 июня 1997г. № 3 приказываю:

      1. Утвердить цену на электронную копию грузовой таможенной декларации, оформление которой осуществляется акционерным обществом закрытого типа Корпорация "Акцепт", в размере 56 долларов США за одну копию с учетом налога на добавленную стоимость.
      Взимание платы с субъектов внешнеэкономической деятельности производится в тенге по курсу, установленному Национальным банком Республики Казахстан на дату оказания услуги.
      2. Поручить Департаменту государственных инвестиционных программ ежеквартально отслеживать ход реализации программы внедрения Единой автоматизированной информационной системы для Государственного таможенного комитета Республики Казахстан. В случае отклонения фактических затрат от предусмотренных при утверждении цены, вносить в Комиссию по вопросам регулирования цен предложения по изменению уровня цен на электронную копию грузовой таможенной декларации.

     Министр