Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 20.12.2004 № 247 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 29 қазандағы № 3168 "Орталық атқарушы органдардың құрылымын жетілдіру және мемлекеттік органдардың санын қысқарту туралы" Жарлығына, облыс әкімінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы № 441 "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бас басқармасын құру туралы" шешіміне сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бас басқармасының Ережесі және оған қарасты ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
Әкімінің міндетін атқарушы | С.Нұрғисаев |
Қызылорда облысы әкімінің | |
1997 жылғы 24 сәуірдегі | |
№ 484 шешімімен бекітілді |
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бас басқармасы туралы
Е Р Е Ж Е
1. ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР.
1. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бас басқармасы облыс әкімінің атқарушы органы болып табылады. Өз қызметін Конституцияға, заңдарға, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құкықтық актілерге, сондай-ақ Ережеге сәйкес іске асырады.
2. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бас басқармасы қызметінің негізгі мақсаты еңбек, оны қорғау, жұмыспен қамту, көші-қон, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және облыс аумағында осы саладағы реформаның нақты жүзеге асуы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бас басқармасы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік ел таңбасы бейнеленген, қазақ және орыс тілдерінде аты жазылған мөрі болады.
2. НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТ ЕТУ АЯСЫ.
4. Негізгі міндеттері мен қызметтері:
4.1. Азаматтардың еңбек және басқа да әлеуметтік құқықтарын жүзеге асыру, оларды мемлекеттік зейнетақы мен жәрдемақы және басқа да заңдылықтарда қаралған әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету.
4.2. Мемлекеттік әлеуметтік саясатты, басқа да әлеуметтік бағдарлама жобаларын жүзеге асыру және олардың орындалуын үйлестіру әдістемесін қамтамасыз ету.
4.3. Халықтың тұрмыс деңгейін және табыстарын көтеруді, еңбекақы төлеуді, халықты мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз етуді және қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
4.4. Әлеуметтік серіктестік негізінде ұжымдық еңбек қатынастарын үйлестіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау және жүзеге асыру, еңбек таластары мен жанжалдарды шешуге қатысу.
4.5. Облыс халқы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, облыста халықтың көші-қоны, сондай-ақ еңбекке байланысты көші-қон мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру.
4.6. Облыстық жұмыспен қамту қызметі арқылы халықтың жұмыспен қамтылуы жене еңбек нарқын үйлестіру туралы шараларды іске асыру, сондай-ақ жұмыссыздардың кәсіби дайындықтан өтуін, біліктілігін көтеруін және қайта дайындалуын ұйымдастыру, олардың әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету.
4.7. Отбасын, аналықты, әкелікті, балаларды, мүгедектерді, әскери қызметтен босатылған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік қорғауға мұқтаж топтарын қолдау бойынша шараларды жүзеге асыру.
4.8. Дәрігерлік-әлеуметтік сараптама қызметін және мүгедектерді сауықтырудың мемлекеттік жүйесін, оларға протездік-ортопедиялық көмекті ұйымдастыру және дамыту шараларын іске асыру.
4.9. Әлеуметтік-еңбек саласында пайда болатын үдерістерді талдау, еңбек нарқының дамуын болжау, осы саланың жай-күйі туралы баяндамалар дайындау, әлеуметтік саясатты үйлестіру бойынша ұсыныстар енгізу.
4.10. Әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша бағдарламалар жобаларын дайындау, олардың орындалуын ұйымдастару.
4.11. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бас басқармасының төменгі органдарына әдістемелік көмек көрсету.
4.12. Халықтың әлеуметтік-демографиялық топтары бойынша күнкөрістің ең төменгі мөлшерін есептеу әдістемесі туралы ұсыныстар енгізу.
4.13. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қаржыларының нысаналы пайдаланылуына бақылау жасау.
4.14. Азаматтарға мемлекеттік зейнетақы төлеуді қамтамасыз ету, зейнетақы тағайындау және төлеу, соның ішінде жеңілдетілген зейнетақымен қамтамасыз ету тәртібіндегі өзгерістер бойынша ұсыныстар енгізу:
4.15. Мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етуді дамытуға көмек жасау.
4.16. Зейнетақы қоры бюджетінің жобасын зерттеп дайындауға қатысу.
4.17. Еңбекті қорғау мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіруді іске асыру.
4.18. Еңбек жағдайын жақсарту және еңбекті қорғау бойынша облыстық бағдарламаны зерттеп дайындау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігіне осы учаскедегі іс жағдайы туралы жыл сайынғы баяндама тапсырып отыру.
4.19. Жұмыс берушілердің еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне мемлекеттік қадағалау мен бақылауды іске асыру.
4.20. Облыс деңгейіндегі көш-қон үдерістерін зерттеу және болжау жасау, көшіп келушілерді есепке алу және тіркеу, халықтың көші-қонын реттеу бойынша шаралар туралы ұсыныстар дайындау.
4.21. Бағыныстағы мекемелерде кадрларды таңдау мен орналастыру, оларға жұмыс істеуі үшін тиісті жағдай жасау.
4.22. Қалалық, аудандық әкімдердің қатысуымен қарттарға, мүгедектерге, жасы толмаған балалары бар отбасыларына және басқа да мемлекеттік қолдауға мұқтаж халық топтарына әлеуметтік тұрмыстық қызмет жасауды ұйымдастыру.
4.23. Отан соғысының мүгедектеріне және қаза болған әскери . қызметкерлердің отбасыларына, басқа да мүгедектерге және асыраушысынан айырылған отбасы мүшелеріне, егде тартқан азаматтарға, көп балалы аналарға жеңілдіктер беру, артықшылық жасауға бақылауды іске асырады.
4.24. Азаматтардың ұсыныстарын, арыз-шағымдарын қарау, олар бойынша тиісті шаралар қабылдау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы құзырына жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдап, түсініктер беру.
3. ҚҰҚЫҚТАРЫ
5. Міндеттер мен қызметтерді орындау үшін басқарманың төмедегідей құқықтары бар:
5.1. Белгіленген тәртіп бойынша облыстық және аудандық атқарушы органдардан еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы қызметін атқару үшін қажетті құжаттарды, қорытындыларды, анықтама және басқа да материалдарды сұратады және алады.
5.2. Басқарма құзырына кіретін мәселелер бойынша аудандық әлеуметтік қорғау бөлімшелері қызметіне әдістемелік басшылықты іске асырады, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласы бойынша заңдарды пайдалану туралы түсініктер береді.
5.3. Өз құзыры шегінде еңбекті қорғау бойынша ереже мен нормаларды бекітіп, еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды атқарудың ұйымдық-әдістемелік және жалпы техникалық талаптарын қалыптастырды.
5.4. Зейнетақы қорына мемлекеттік сақтандыру және мемлекеттік халықтың жұмыспен қамтылуына көмектесу қорларына сақтандыру жарналарының дұрыс есептелуіне, толық және уақытылы аударылуына тексеру жүргізеді, белгіленген тәртіп бойынша анықталған заңсыздықтарды жою бойынша шаралар қабылдайды.
5.5. Мекемелік бағыныштылығына және меншік түріне қарамастан ұйымдарда еңбек және еңбекті қорғау Ережелері бойынша заңдылықтардың сақталуын бақылауды іске асырады.
5.6. Белгіленген заңдылықтарға сәйкес бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта құру және тарату мәселелерін, олардың қызметіне қатысты өзге де сұрақтарды шешеді.
5.7. Бағыныстағы ұйымдардың қызметіне басшылық жасайды.
5.8. Бюллетеньдер, журналдар, өзге де басылымдар шығарады.
5.9. Заңдылықтарда қарастырылған өзге де өкілеттіктерді іске асырады.
4. ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ.
6.1. Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бас басқармасын облыс әкімі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келісіп, тағайындайтын және қызметінен босататын бастық басқарады.
6.2. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бас басқармасының бастығы:
- басқарма қызметіне басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуына жеке; жауап береді;
- облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарларымен келісіп тағайындайтын және қызметінен босататын орынбасарлары болады;
- бөлім Ережелерін бекітеді, бұйрық және өкімдер шығарады, орындалуы міндетті нұсқаулар береді;
- қаржы басқармасымен келісіп, белгіленген еңбекақы. төлеу қоры және қызметкерлер саны көлемінде шығындар сметасын, штат кестесін бекітеді;
- басқарманың, бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
- белгіленген тәртіп бойынша мадақтау, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза беру мәселелерін шешеді;
- заңдылықтармен қаралған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
- азаматтарды қабылдайды, олардың ұсыныстарын, арыз және шағымдарын қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды.
Басқарма бастығы болмаған жағдайда, оның қызметін бірінші орынбасары, болмаса басқа орынбасарының бірі атқарады.
6.3. Аймақтық және салалық проблемаларды талқылап шешу үшін басқарма жанынан алқа құрылады, оның құрамына бастық /төраға/, қызметі бойынша оның орынбасарлары және басшы қызметкерлер кіреді. Алқаның жеке құрамын бастық бекітеді.
ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАС БАСҚАРМАСЫНА ҚАРАСТЫ ҰЙЫМДАРДЫҢ
Т I 3 Б Е С I
1. Облыстық дәрігерлік-әлеуметтік сараптау комиссиясы /ОДӘСК/;
2. Қалалық, қалаауданаралық дәрігерлік-әлеуметтік сараптау комиссиясы /ДӘСК/;
3. Арнаулы дәрігерлік-әлеуметтік сараптау комиссиясы /ДӘСК/;
4. Арал дәрігерлік-әлеуметтік сараптау комиссиясы /ДӘСК/;
5. Қазалы дәрігерлік-әлеуметтік сараптау комиссиясы /ДӘСК/;
6. Қызылорда облыстық жалпы типтегі қарттар мен мүгедектер үйі;
7. Қызылорда облыстық психоневрологиялық интернат үйі;
8. Қызылорда облыстық ақыл-есі кем балалар интернат үйі;
9. Қызылорда қалалық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы;
10. Арал аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі;
11. Қазалы аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі;
12. Қармақшы аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі;
13. Жалағаш аудандық еңбек және халықты әлеуметтік корғау бөлімі;
14.Тереңөзек аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі;
15. Сырдария аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі;
16. Шиелі аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі;
17. Жаңақорған аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі;
18. Облыстық жұмыспен қамту орталығы - еңбек биржасы;
19. Қызылорда қалалық жұмыспен қамтудың модельдік орталығы.