Ескерту. Шешімнің қолданылу мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты күші жойылды - Қызылорда облыстық әкім аппаратының 09.12.2004 ж. N 13-15/3725 хатымен
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 сәуірдегі № 3446 "Зейнетақылар мен еңбекақыны уақытылы төлеуді қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" Жарлығына сәйкес және зейнетақыларды және мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын қызметкерлердің еңбекақысын уақытылы төлеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ, барлық деңгейдегі бюджеттердің қаражатын нысаналы, әрі тиімді жұмсау мақсатында ШЕШІМ етемін:
1. Облыс әкімінің орынбасары Қ.Ә. Әжібеков қала, аудан әкімдерімен, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бас басқармасы, салық және қаржы басқармалары, мемлекеттік мүлікті басқаружәне жекешелендіру аймақтық комитеттерімен бірлесіп әзірлесін және осы жылғы 25 сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Үкіметіне:
- акциялардың мемлекеттік пакетін басқаруға берген немесе сатқан кезде осындау берешектері болған акционерлік қоғамдарға мемлекеттік бюджет пен зейнетақы қоры алдындағы берешектері бойынша мерзімін ұзарту тәртібі туралы;
- зейнетақы қорына түсетін жарналарды жоспарлаумен есепке алудың әдістемесін бекіту, сондай-ақ жарна төлеушілердің аталған қорлардың алдындағы берешегін өтеу кестесін нақтылап, ұсыныстар енгізсін.
2. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бас басқармасы /М.Мәселеева/, салық /Д.Ысқақов/ және қаржы /К.Шөкенов/ басқармалары әр ай сайын облыс әкімі жанындағы алқа мәжілісіне, облыстық оперативтік топқа бюджетке салық және сақтандыру жарналарын жинау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы қала, аудан әкімдерінің, ведомстволары мен шаруашылық субъектілері басшыларының есептерін ұсынсын.
Қала, аудан әкімдері жергілікті жерлерде осы сияқты жұмыстары жүйелі түрде жүргізсін.
Есептерді қарау қорытындылары бойынша салық және зейнетақы қорына сақтандыру жарналарын жинауды қамтамасыз етпегені үшін лауазымды адамдар жауапкершілікке тартылсын.
3. Қала, аудан әкімдері жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қызметкерлерге еңбекақы және зейнетақыларды төлеуді қамтамасыз етудің, Қазақстан Республикасы зейнетақы қорының орталықтандырған есеп шотына сақтандыру жарнасын аудару жөніндегі нормативтері орындаудың қосымша шаралары қабылдасын.
Осы мақсатта:
- салық, әділет және статистика басқармаларымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес облыс аумағындағы барлық заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуі және қайта тіркелуі жүзеге асырылсын;
- қаржы-валюталық бақылау комитетінің басқармасымен, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бас басқармасымен бірлесіп, бір ай мерзімде зейнетақы қоры бойынша барлық сақтандырушылардың есеп беріліп отырған мәліметтердің дұрыстығына тексеріс жүргізсін;
- салық инспекциясы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бас басқармасымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 2 сәуірдегі № 465 Қаулысына сәйкес кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалардың әрбір қызметкерлері үшін бір айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде ай сайын міндетті әлеуметтік сақтандыру жарнасын төлеуді қамтамасыз етсін.
4. Қаржы, қаржы-валюталық бақылау басқармалары, қала аудан әкімдері бюжеттік қаражаттардың тиімді жұмсалуына бақылауды күшейтсін.
5. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 сәуірдегі № 3446 "Зейнетақылар мен еңбекақыны уақытылы төлеуді қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы" Жарлығымен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Мемлекеттік тергеу комитетіне, Мемлекеттік Кеден комитеті және Қаржы Министрлігінің салық комитетіне мұнай өнімдерінің, түсті және қара металлдардың, астықтың, алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерінің экспорты мен импортының, сондай-ақ барлық деңгейдегі бюджеттерге салық түсімдерінің көлеміне ықпал ететін басқа да тауарлардың экспортымен импортының белгіленген тәртібінің сақталуына бақылауды күшейтуді тапсырғаны еске алынсын.
6. Осы шешімнің орындалуына баылау жасау облыс әкімі аппаратының экономика және нарықтық қатынас бөліміне жүктелсін.
ӘКІМІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ | С. НҰРГИСАЕВ |