Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 20.12.2004 № 247 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 1365 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 29 сәуірдегі № 527 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Азаматтардың жекелеген санаттарына автобустарда тегін жол жүру жеңілдіктерін беру және оларға байланысты шығындарды өтеу тәртібі бекітілсін /қоса беріліп отыр/.
2. Аудан және Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық өнеркәсіп, көлік және сауда, қаржы басқармалары, облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ба басқармасы осы бекітілген тәртіптің сақталуына бақылау орнатуды қамтамасыз етсін.
Әкім | Б. Сапарбаев |