Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 20.12.2004 № 247 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 620 қаулысына сәйкес және резервтік қорының қаражатын тиімді және нысаналы пайдалану мақсатында, сондай-ақ пайда болған тосын жағдаяттарды жедел қаржыландыру үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған облыс әкімінің резервтік қорының қаражатын пайдаланудың тәртібі бекітілсін.
2. Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдеріне тиісті жергілікті бюджеттердің резервтік қорының қаражатын пайдаланудың тәртібін әзірлеу және оны бекіту ұсынылсын.
Әкім | Б. Сапарбаев |