Облыс әкiмiнiң резервтiк қорының қаражатын пайдаланудың тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы әкімінің 1997 жылғы 10 маусымдағы № 506 шешімі. Қызылорда облысының Әділет басқармасында 1997 жылғы 13 маусымда № 15 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 247 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 20.12.2004 № 247 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 сәуірдегі № 620 қаулысына сәйкес және резервтік қорының қаражатын тиімді және нысаналы пайдалану мақсатында, сондай-ақ пайда болған тосын жағдаяттарды жедел қаржыландыру үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған облыс әкімінің резервтік қорының қаражатын пайдаланудың тәртібі бекітілсін.

      2. Аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдеріне тиісті жергілікті бюджеттердің резервтік қорының қаражатын пайдаланудың тәртібін әзірлеу және оны бекіту ұсынылсын.

      Әкім Б. Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады