Бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтiң субъектiсi ретiнде инвестициялық қорлардың қызметiн лицензиялау қағидалары

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының қаулысымен бекітілген 1998 жылғы 12 маусым N 7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 29.06.1998 ж. тіркелді. Тіркеу N 529. Күші жойылды -  ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 256 (V043098) қаулысымен.

      Ескерту. Қағиданың атауы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 82  V001254_  қаулысымен. 

      Осы Ережелер "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 06 наурыздағы  Z970082_  заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 көкектегі "Лицензиялау туралы" заң күші бар  Z952200_  жарлығына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтiң субъектiсi ретiнде инвестициялық қорлардың қызметін лицензиялаудың және олардың қызметіне бақылау жасаудың тәртібін белгілейді. <*> 
      Ескерту. Кіріспе толықтырылды және өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 
2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 82  V001254_  қаулысымен. 

                             1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР  

      1. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталатын) инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтiң субъектiсi ретiнде инвестициялық қорлардың қызметіне бақылау жасау мақсатында инвестициялық қорлардың қызметін лицензиялауды жүзеге асырады. <*> 
      Ескерту. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 82  V001254_  қаулысымен.
      2. Инвестициялық қор бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтің субъектісі ретінде қызметін жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі "Лицензия" деп аталатын) алу үшін тек оның акцияларының эмиссиялары мемлекеттік тіркелгеннен және жарғылық капиталы инвестициялық қордың белгілі бір түрі үшін қолданылып жүрген заңмен белгіленген ең аз мөлшерде қалыптасқаннан кейін ғана өтінуге құқылы. 
      3. Лицензия тұрақты болып табылады және шектелмеген мерзімге беріледі. 
      4. Лицензияның аумақтық қолданылуы лицензиаттың және оның филиалының орналасқан жері - елді мекендердің аумақтарымен шектеледі. 
      Осы тармақпен белгіленген шектеу қолданылып жүрген заңға сәйкес аударымдар операцияларын жүзеге асыруға уәкілетті ұйымдар (екінші деңгейдегі банктерді қоса) арқылы, олармен жасалынған келісімдердің негізінде лицензиаттың ақша тартқан жағдайларға қолданылмайды. 

                  2. ЛИЦЕНЗИАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР  

      5. Лицензиат қызметі жүзеге аса бастаған барлық кезең ішінде Ұлттық комиссия белгілеген және: 
      1) лицензиаттың және оның әрбір филиалында қолданылып жүрген 1-ші санатты біліктілік куәліктерін иеленген (өзара қор үшін - қолданылып жүрген 1-ші және 2-ші санатты біліктілік куәліктерін иеленген), ең кемі үш маманның болу талабы. 
      Жоғарыда аталған біліктілік куәліктерін: 
      - лицензиаттың бірінші басшысы немесе оның бағалы қағаздар рыногының субъектілерімен (лицензиаттың акционерлерін қоса) өзара әрекеттестікті жүзеге асыруға жауапты орынбасары; 
      - лицензиат филиалдарының басшылары немесе оның бағалы қағаздар рыногының субъектілерімен (лицензиаттың акционерлерін қоса) өзара әрекеттестікті жүзеге асыруға жауапты орынбасары; 
      - лицензиаттың бағалы қағаздар рыногының субъектілерімен (лицензиаттың акционерлерін қоса) өзара әрекеттестікті жүзеге асыратын бөлімшелерінің басшылары; 
      - лицензиаттың (лицензиат филиалының) бағалы қағаздар рыногындағы қызметі жөніндегі шешімдерді қабылдауға және орындауға қатысатын өзге де қызметкерлері міндетті түрде иеленулері керек; 
      2) лицензиаттың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшеріне және лицензиат үшін белгіленген пруденциялық нормативтерді сақтауға қойылатын талап; 
      3) лицензиаттың жарғылық капиталын тек ақшалай ғана төлеу талабы (инвестициялық жекешелендіру қорларын қайта құру нәтижесінде құрылған, оларға қатысты Ұлттық комиссия белгілеген нормалар қолданылатын инвестициялық қорларды қоспағанда); 
      4) лицензиаттың қызметін тиісті жағдайлармен қамтамасыз ететін (оның акционерлеріне қызмет көрсетуді қоса) үй-жайдың болу талабы; 
      5) лицензиатта лицензиаттың бағалы қағаздар рыногының субъектілерімен тиісті өзара әрекеттестіктерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті бағдарламалық-техникалық құралдардың, кеңселік және телекоммуникациялық құрал-жабдықтардың болу талабы; 
      6) лицензиаттың қызметін ұйымдастыруды айқындайтын және оның ішінде қолданылып жүрген заңға сәйкес келетін фирмаішілік қаржылық және тәртіптік бақылау жүйесі жазылған лицензиат қызметінің регламентінің болу талабы; 
      7) лицензиат акцияларының эмиссияларын мемлекеттік тіркеу талабы; 
      8) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бекітілген, лицензиат акцияларының шығарылым және орналастыру қорытындылары туралы бекітілген есептің болу талабы енгізілген талаптарға сәйкес болуы керек. 

                 3. ЛИЦЕНЗИЯ АЛУ ҮШІН ҰСЫНЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАР  

      6. Инвестициялық қор лицензия алу үшін Ұлттық комиссияға мынадай құжаттарды ұсыну керек: 
      1) белгіленген үлгідегі өтініш; 
      2) өтінушінің заңды тұлға ретіндегі қолданылып жүрген мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 
      3) өтінушінің статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшірмесі; 
      4) өтінушінің құрылтай құжаттарының оларға енгізілген барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге нотариалды куәландырылған көшірмелері; 
      5) инвестициялық декларацияның оларға енгізілген барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге нотариалды куәландырылған көшірмесі; 
      6) өтінушінің бірінші басшысы және бас бухгалтері қол қойған және оның мөрімен куәландырылған аяқталған соңғы қаржы жылының және Лицензия алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның қаржылық есебінің құжаттары; 
      7) өтінушінің аяқталған соңғы қаржы жылының және Лицензия алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның қаржылық есеп берушiлiкке КСА/МСА13 нысаны бойынша аудиторлық есеп;<*> 
      8) өтінушінің құқықтарды тіркеудің тәртібі заңмен арнаулы белгіленген мүлікке (бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік, автомобильдер және басқалар) құқықтарын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; 
      9) өтінушінің органдары туралы ақпарат және оның бөлімшелері туралы ережелер енгізілген өтінушінің ұйымдық құрылымы туралы мәліметтер; 
      10) өтінуші қызметінің оның инвестициялық қор басқарушысымен (бұдан әрі "Басқарушы компания" деп аталатын) бірлесіп әзірленген, тиісті жоспарлық-қаржылық құжаттар қоса берілген экономикалық негіздемесі (бизнес-жоспар); 
      11) өтінуші қызметкерлерінің аты-жөндері, сондай-ақ оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың күндері және нөмірлері көрсетілген штаттық кесте; 
      12) өтінушінің осы Ережелердің 5-тармағының 1-тармақшасында аталған қызметкерлерінің біліктілік куәліктерінің көшірмелері; 
      13) өтінушінің осы Ережелердің 5-тармағының 1-тармақшасында аталған қызметкерлерінің еңбек кітапшаларының көшірмелері (олар бар болса) немесе жеке еңбек шарттарының не жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың үзiндi-көшiрмелерiн; <*> 
      14) Компания басқарушысының, өтінуші кастодианының және тіркеушісінің қызметіне бақылау жасаудың тәртібі сондай-ақ фирмаішілік қаржылық және тәртіптік бақылау жасаудың тәртібі туралы ережелер; 
      15) өтінушінің осы Ережелердің 5-тармағының 1-тармақшасында аталған қызметкерлерінің, олардың өкілеттіктері және міндеттері толық жазылған лауазымдық нұсқаулықтары; 
      16) үй-жайдың, бағдарламалық-техникалық құралдардың, кеңселік және телекоммуникациялық құрал-жабдықтардың бар болуы және олардың осы Ережелердің 5-тармағының 4 және 5-тармақшаларымен айқындалған талаптарға сәйкес екендiгi расталатын аудиторлық есеп; <*> 
      17) өтінушінің филиалдарының орналасқан жерлерін көрсетіп филиалдары және қызметкерлердің аты-жөндерін және оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың күндерін және нөмірлерін көрсетіп филиалдың штаттық кестесін қоса беріп филиалдардың тізбесін; 
      18) өтінушінің филиалдарын есепке алуды тіркеу туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері; 
      19) өтінушінің акцияларының эмиссияларын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері; 
      20) қолданылып жүрген заңға сәйкес бекітілген, өтінушінің акциялар эмиссияларының шығарылымдарының және орналастырудың қорытындылары туралы есептің көшірмесі; 
      21) өтінушінің лицензиялық алымды төлегендігі туралы оның келіп түскендігі туралы белгімен төлем құжаттарының көшірмелері; 
      22) өтінушінің бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға соңғы берілген лицензиясын қоса берілген, Компания басқарушысымен жасасқан келісімінің көшірмесі; 
      23) өтінушінің бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға соңғы берілген лицензиясын қоса берілген, тіркеушімен жасасқан келісімінің көшірмесі; 
      24) өтінушінің кастодиандық жөніндегі қызметті жүзеге асыруға соңғы берілген лицензиясын қоса берілген, кастодианмен жасасқан келісімінің көшірмесі; 
      25) өтінушінің аудиторлық қызметті жүзеге асыруға соңғы берілген лицензияның көшірмесін қоса беріп, аудитормен жасасқан келісімінің көшірмесі. 
      Осы тармақтың (9), (10), (14), (15), (17) тармақшаларында аталған құжаттар екі данада ұсынылады және тігілуі және мөрмен және бірінші басшының қолымен куәландырылуы керек. 
      Осы тармақтың (12), (13), (22)-(25) тармақшаларында аталған құжаттар тігілуі және мөрмен және бірінші басшының қолымен куәландырылуы керек. 
      Ескерту. 6-тармақтың 13)-тармақшасы толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 62  V001074_  қаулысымен. 
      Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106  V011515_  қаулысымен. 
      7. Ұлттық комиссия өтінушіден ол және оның қызметі туралы мәліметтерді осы Ережелердің 6-тармағында аталғандардан басқа құжаттарды ұсыну жолымен қосымша мәліметтерді ашуды талап етуге құқылы. 
      8. Ұлттық комиссияға осы Ережелердің 6 және 7-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттарға қол қойған тұлғалар осы құжаттардағы деректердің нақтылығы үшін заңмен белгіленген жауапкершілікте болады. 

                4. ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАРАУ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИЯЛАР БЕРУ 

      9. Ұлттық комиссия осы Ережелердің 6-тармағында аталған барлық құжаттар болмаған жағдайда Лицензия беруге өтінішті қабылдамайды және қарамайды. 
      10. Лицензия алу үшін Ұлттық комиссия қабылдаған құжаттарды комиссия қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде қарайды. Осы Ережелердің 7-тармағына сәйкес қосымша құжаттар ұсынылған жағдайда қарау мерзімі жаңартылады. 
      11. Құжаттарды Ұлттық комиссияның ескертпелерімен пысықтап қайта ұсынған жағдайда өтінуші Ұлттық комиссияға соңғы өткен тоқсанның КСА/МАС13 үлгісі бойынша аудиторлық есеппен сәйкес қаржылық есеп беру құжаттарын ұсыну керек. <*> 
      Ескерту: 11-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106  V011515_  қаулысымен.
      12. Өтінушінің Лицензия алуға ұсынған құжаттары қолданылып жүрген заңның және осы Ережелердің талаптарына сәйкес келген жағдайда оған Лицензия және Ұлттық комиссияның қойған белгісімен осы Ережелердің 6-тармағының (9), (10), (14), (15), (17) тармақшаларында аталған құжаттар (бір данада) беріледі. Лицензияны алысымен лицензиат өзінің қызметін тек қана аталған құжаттарға сәйкес жүзеге асыруға құқылы. Аталған құжаттарға лицензиат енгізген өзгерістер және толықтырулар Лицензия алуға өтінішті қарау үшін белгіленген мерзімде Ұлттық комиссияның бекітілуіне жатады және 
тек оларды бекіткендік туралы Ұлттық комиссияның жазбаша ескертпесін алғаннан кейін ғана күшіне енгізіледі.     
     13. Лицензия және оған осы Ережелердің 12-тармағына сәйкес қоса берілген құжаттар өтінушінің бірінші басшысына немесе өтінушінің тиісті үлгімен ресімделген сенімхатының негізінде кез-келген өзге тұлғаға беріледі.     

                5. ЛИЦЕНЗИЯ БЕРГЕНДІК ҮШІН АЛЫМ 

      14. Лицензиялық алымның мөлшері және оны төлеудің тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.     

              6. ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУДЕН БАС ТАРТУ ЖӘНЕ ОЛ
                     ЖӨНІНДЕ ШАҒЫМ ЖАСАУ 

      15. Лицензия:
      1) өтінуші "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 6 наурыздағы заңымен айқындалған инвестициялық қор мәртебесіне сәйкес келмеген; 
      2) өтінуші жатқызылған ұйымдардың санатына бағалы қағаздар рыногында инвестициялық қызметті жүзеге асыруға заң түрінде тыйым салынған; 
      3) өтінуші осы Ережелердің 5-тармағымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеген; 
      4) егер өтінушіге қатысты оған соттың бағалы қағаздар рыногында инвестициялық қызметтің субъектісі ретінде қызметпен шұғылдануға тыйым салатын шешімі болған;
      5) Лицензия алу ұсынылған құжаттар тиісті үлгімен ресімделмесе не егер өтінуші Ұлттық комиссияға құжаттарды осы Ережелердің 7-тармағына сәйкес ұсынбаған;
      6) Лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарда нақты емес мәліметтер анықталған;
      7) өтінуші лицензиялық алымды төлемеген жағдайларда берілмейді.
      16. Лицензия беруден дәлелді жазбаша бас тарту өтінушіге Лицензия алу жөніндегі өтінішті қарау үшін белгіленген мерзімде берілуі керек.
      17. Лицензия алу жөніндегі өтінішті қарау үшін белгіленген мерзім ішінде өтінушіге Лицензия берілмеген не ол алған Лицензия беруден бас тарту өтінушіге негізсіз берілген жағдайда, ол Ұлттық комиссияның әрекеті жөнінде сотқа шағымдануға құқылы.

                    7. ЛИЦЕНЗИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫ ТОҚТАТУ 

      18. Лицензияны қолдану:
      а) лицензиаттың қызметі тоқтатылған;
      б) лицензия қайтарылып алынған жағдайларда тоқтатылады.
      19. Лицензияның күші лицензиатты заңды тұлға ретінде ол "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 6 наурыздағы заңымен айқындалған инвестициялық қор мәртебесіне сәйкес келуін жалғастыру шартымен мемлекеттік қайта тіркеген кезде сақталады.
      20. Лицензияны қолдануды тоқтатуға байланысты даулар сотпен шешілуге жатады.     

                   8. ЛИЦЕНЗИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫ ТОҚТАТА ТҰРУ
                        ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЙТАРЫП АЛУ  

      21. Лицензияны қолдану:
      а) Лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарда нақты емес мәліметтер анықталған;
      б) лицензиат инвестициялық қордың қызметін реттейді заңды бұзған;
      в) Лицензиат осы Ережелердің 5-тармағымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда тоқтатыла тұрады.
      22. Ұлттық комиссия тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып Лицензияны қолдануды алты ай мерзімге дейін тоқтата тұруға құқылы. 
      Ұлттық комиссия лицензияны қолдануды тоқтата тұрудың себептерін жоюдың шектеулі мерзімін белгілеуге құқылы. 
      23. Лицензияны қолдану тоқтатыла тұрылған жағдайда лицензиат осындай тоқтатыла тұрудың себептерін жоюға міндетті. 
      Лицензиаттың Лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы Ұлттық комиссияның жазбаша ескертпесін алғаннан кейінгі бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтің субъектісі ретіндегі қызметі заңсыз болып табылады және қолданылып жүрген заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады. 
      24. Лицензияны қолдануды тоқтата тұрудың себептері жойылғаннан кейін оны қолдану Ұлттық комиссияның жазбаша ескертпесінің негізінде жаңартылады. 
      25. Лицензия: 
      а) Ұлттық комиссия Лицензияны тоқтата тұру үшін негіз болған себептерді лицензиат жоймаған; 
      б) лицензиат қолданылып жүрген заңның талаптарына сәйкес келмеген; 
      в) егер лицензиатқа қатысты соттың оған бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтің субъектісі ретінде қызметпен шұғылдануға тыйым салатын шешімі болған жағдайларда қайтарылып алынуы мүмкін. 
      26. Лицензия қайтарылып алынған жағдайда лицензиат Ұлттық комиссияның ресми жазбаша ескертпесін алған күннен бастап он күн ішінде оған Лицензияның түпнұсқасын және Ұлттық комиссияның қойған белгісімен осы Ережелердің 6-тармағының (9), (10), (14), (15), (17) тармақшаларында аталған құжаттарды қайтаруға міндетті. 
      27. Лицензияны қолдану тоқтата тұрылғанда немесе оны қайтарып алғанда лицензиатқа өз акцияларын сатуға немесе өзге де тәсілмен орналастыруға тыйым салынады. 
      28. Ұлттық комиссияның Лицензияны қолдануды тоқтата тұру немесе оны қайтарып алу туралы шешімі жөнінде лицензиат сотқа шағымдануға құқылы. 
      Ұлттық комиссияның Лицензияны қолдануды тоқтата тұру немесе оны қайтарып алу туралы шешімі жөнінде сотқа шағымдану осындай шешімнің күшін тоқтатпайды. 

          9. ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ САҚТАЛЫСЫНА
                      БАҚЫЛАУ ЖАСАУ  

      29. Осы Ережелердің сақталысына бақылау жасауға: 
      а) инвестициялық қорлардың қызметін реттейтін қолданылып жүрген заңдардың талаптарына лицензиаттың сәйкестігін тексеру; 
      б) осы Ережелердің 5-тармағында белгіленген талаптарға лицензиаттың сәйкестігін тексеру; 
      в) Ұлттық комиссия бекіткен, осы Ережелердің 6-тармағының (9), (10), (14), (15), (17) тармақшаларында аталған құжаттардың шарттарына лицензиат қызметінің сәйкестігін тексеру енгізіледі.
      30. Ұлттық комиссия осы Ережелердің сақталысына бақылау жасауды лицензиаттарды тексерудің мерзімділігін және лицензиаттарды тексерістермен қамту белгіленетін жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. 
      31. Инвестициялық қорлардың қызметін реттейтін қолданылып жүрген заңдардың талаптарын лицензиаттың бұзуы туралы ақпарат келіп түскенде жоспардан тыс тексерістер жүргізілуі мүмкін. 
      32. Тексерістердің нәтижелері актімен ресімделеді. 
      33. Лицензиат Ұлттық комиссияға мерзімді және қолданылып жүрген заң талаптарына сәйкес өзге де есеп беруге міндетті. 
      34. Лицензиат Ұлттық комиссияны лицензия алуға ұсынылған құжаттардағы кез-келген өзгерістер туралы мәліметтердегі өзгерістер болған күннен бастап 10 күн ішінде (осы Ережелердің 5-тармағының (1) тармақшасында аталған қызметкерлердің құрамындағы өзгерістерге қатысты - екі күн ішінде) жазбаша ескертуге міндетті. 
      35. Осы тармақта белгіленген талаптар осы Ережелердің 6-тармағының (9), (10), (14), (15), (17) тармақшаларында аталған, оларға қатысты осы Ережелердің 12-тармағының шарттары қолданылатын құжаттардағы мәліметтерге қолданылмайды.
      36. Лицензиат Ұлттық комиссияға оның жазбаша талап ету бойынша осындай талап етуді алған күннен бастап он күн ішінде, егер Ұлттық комиссия талап етілген ақпаратты берудің аса ұзақ мерзімін белгілемесе, бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтің субъектісі ретінде өзінің қызметі туралы кез-келген ақпаратты беруге міндетті.

Правила лицензирования деятельности инвестиционных фондов в качестве субъектов инвестиционной деятельности на рынке ценных бумаг

Утверждены постановлением Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 12 июня 1998 года N 7. Зарегистрированы в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29.06.1998 г. N 529. Правила исключены - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 21 августа 2004 года N 256 (V043098)

                               Правила
            лицензирования деятельности инвестиционных фондов
            в качестве субъектов инвестиционной деятельности
                        на рынке ценных бумаг <*>
       Сноска. Заголовок в новой редакции согласно постановлению
НКЦБ РК от 30 сентября 2000 года N 82 V001254_ ; Правила исключены - постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 21 августа 2004 года N 256 .

     Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан Z970082_  "Об инвестиционных фондах в Республике Казахстан" от 6 марта 1997 года и Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, Z952200_  "О лицензировании" от 17 апреля 1995 года и иным законодательством Республики Казахстан и устанавливают порядок лицензирования деятельности инвестиционных фондов в качестве субъектов инвестиционной деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан и контроля за их деятельностью. <*>

      Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными постановлением НКЦБ РК от 30 сентября 2000 года N 82 V001254_  .

                         1. Общие положения

      1. Национальная комиссия Республики Казахстан по ценным бумагам (далее именуемая "Национальная комиссия") осуществляет лицензирование деятельности инвестиционных фондов в качестве субъектов инвестиционной деятельности на рынке ценных бумаг в целях защиты прав и охраняемых законом интересов инвесторов, а также контроля за деятельностью инвестиционных фондов. <*>

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением НКЦБ РК от 30 сентября 2000 года N 82 V001254_  .

      2. Инвестиционный фонд вправе обратиться в Национальную комиссию для получения лицензии на осуществление деятельности в качестве субъекта инвестиционной деятельности на рынке ценных бумаг (далее именуемой "Лицензия") только после государственной регистрации эмиссии его акций и формирования уставного капитала в минимальном размере, установленном действующим законодательством для определенного типа инвестиционного фонда.
      3. Лицензия является постоянной и выдается без ограничения срока действия.
      4. Территориальное действие Лицензии ограничивается территорией населенных пунктов - мест нахождения лицензиата и его филиалов. Перечень филиалов лицензиата подлежит утверждению Национальной комиссией.
      Ограничение, установленное настоящим пунктом, не распространяется на случаи привлечения денег лицензиатом через организации (включая банки второго уровня), уполномоченные в соответствии с действующим законодательством на осуществление переводных операций, на основании заключенных с ними договоров.

                   2. Требования к лицензиатам

      5. Лицензиат в течение всего периода своей деятельности должен соответствовать требованиям, устанавливаемым Национальной комиссией и включающим:
      1) требование к наличию в штате лицензиата и его каждого филиала не менее трех специалистов, обладающих действующими квалификационными свидетельствами 1-й категории (для взаимного фонда - обладающих действующими квалификационными свидетельствами 1-й и 2-й категорий).
      В обязательном порядке должны обладать вышеуказанными квалификационными свидетельствами:
      - первый руководитель лицензиата или его заместитель, ответственный за осуществление взаимодействия с субъектами рынка ценных бумаг (включая акционеров лицензиата);
      - руководители филиалов лицензиата и их заместители, ответственные за осуществление взаимодействия с субъектами рынка ценных бумаг (включая акционеров лицензиата);
       - руководители подразделений лицензиата (филиалов лицензиата), осуществляющие взаимодействие с субъектами рынка ценных бумаг (включая акционеров лицензиата);
      - любые иные работники лицензиата (филиалов лицензиата), участвующие в принятии и исполнении решений по деятельности лицензиата на рынке ценных бумаг;
      2) требование к минимальному размеру уставного капитала лицензиата и к соблюдению пруденциальных нормативов, установленных для лицензиатов;
      3) требование к оплате уставного капитала лицензиата исключительно деньгами (за исключением инвестиционных фондов, созданных в результате преобразования инвестиционных приватизационных фондов, по отношению к которым применяются отдельные нормы, устанавливаемые Национальной комиссией);
      4) требование к наличию помещений, обеспечивающих надлежащие условия деятельности лицензиата (включая обслуживание его акционеров);
      5) требование к наличию у лицензиата программно-технических средств, офисного и телекоммуникационного оборудования, достаточных для обеспечения надлежащего взаимодействия лицензиата с субъектами рынка ценных бумаг;
      6) требование к наличию регламента деятельности лицензиата, определяющего организацию его деятельности и включающего, в том числе, описания систем внутрифирменного финансового и дисциплинарного контроля, которые должны соответствовать действующему законодательству;
      7) требование государственной регистрации эмиссии акций лицензиата;
      8) требование к наличию отчета об итогах выпуска и размещения акций лицензиата, утвержденного в соответствии с действующим законодательством.

             3. Документы, представляемые для получения лицензии

      6. Для получения Лицензии инвестиционный фонд должен представить Национальной комиссии следующие документы:
      1) заявление установленного образца;
      2) нотариально удостоверенную копию действующего свидетельства о государственной регистрации (перерегистрации) заявителя в качестве юридического лица;
      3) нотариально удостоверенную копию статистической карточки заявителя;
      4) нотариально удостоверенные копии учредительных документов заявителя со всеми внесенными в них изменениями и дополнениями;
      5) нотариально удостоверенную копию инвестиционной декларации со всеми внесенными в нее изменениями и дополнениями;
      6) документы финансовой отчетности за последний завершенный финансовый год и за последний квартал, предшествующий подаче заявления на получение Лицензии, которые должны быть подписаны руководителем и главным бухгалтером заявителя и заверены его печатью;
      7) аудиторский отчет по форме КСА5/МСА13 к финансовой отчетности заявителя за последний завершенный финансовый год и за последний квартал, предшествующий подаче заявления на получение Лицензии;
      8) нотариально удостоверенные копии документов, подтверждающих права заявителя на имущество, на которое законодательством установлен специальный порядок регистрации прав (ценные бумаги, недвижимое имущество, автомобили и другое);
      9) сведения от организационной структуре заявителя, включающие информацию об органах заявителя и положения о его подразделениях;
      10) экономическое обоснование (бизнес-план) деятельности заявителя, разработанное им совместно с управляющим инвестиционным фондом (далее именуемым "Управляющая компания"), с приложением соответствующих планово- финансовых документов;
      11) штатное расписание заявителя с указанием имен работников заявителя, а также дат и номеров приказов об их приеме на работу;
      12) копии квалификационных свидетельств работников заявителя, перечисленных в подпункте (1) пункта 5 настоящих Правил;
      13) копии трудовых книжек (при их наличии) или индивидуальных трудовых договоров либо выписок из приказов о приеме на работу работников заявителя, перечисленных в подпункте (1) пункта 5 настоящих Правил;
      14) положения о порядке контроля за деятельностью Управляющей компании, кастодиана и регистратора заявителя, а также о порядке внутрифирменного финансового и дисциплинарного контроля;
      15) должностные инструкции работников заявителя, перечисленных в подпункте (1) пункта 5 настоящих Правил, с подробным описанием их полномочий и обязанностей;
      16) аудиторский отчет, подтверждающий наличие помещений, программно-технических средств, офисного и телекоммуникационного оборудования (в том числе по каждому филиалу заявителя) и их соответствии требованиям, определенным подпунктами (4) и (5) настоящих Правил;
      17) перечень филиалов заявителя с указанием их мест нахождения с приложением положений о филиалах и штатных расписаний филиалов с указанием имен работников и дат и номеров приказов об их приеме на работу;
      18) нотариально удостоверенные копии свидетельств об учетной регистрации филиалов заявителя;
      19) копию свидетельства о государственной регистрации эмиссии акций заявителя;
      20) копию отчета об итогах выпуска и размещения эмиссии акций заявителя, утвержденного в соответствии с действующим законодательством;
      21) копии платежных документов об уплате заявителем лицензионного сбора с отметкой о его поступлении;
      22) копию договора заявителя с Управляющей компанией с приложением копии выданной последней лицензии на осуществление деятельности по управлению портфелем ценных бумаг;
      23) копию договора заявителя с регистратором с приложением копии выданной последнему лицензии на осуществление деятельности по ведению реестра держателей ценных бумаг;
      24) копию договора заявителя с кастодианом с приложением копии выданной последнему лицензии на осуществление кастодиальной деятельности;
      25) копию договора заявителя с аудитором с приложением копии выданной последнему лицензии на осуществление аудиторской деятельности.
      Документы, перечисленные в подпунктах (9),(10),(14),(15),(17) настоящего пункта представляются в двух экземплярах и должны быть прошиты и заверены печатью и подписью первого руководителя заявителя.
      Документы, перечисленные в подпунктах (12),(13),(22-25) настоящего пункта должны быть прошиты и заверены печатью и подписью первого руководителя заявителя. <*>
      Сноска. Пункт 6 - с изменениями и дополнениями, внесенными постановлением НКЦБ РК от 26.02.2000 N 62 V001074_ ; постановлением НКЦБ РК от 20 апреля 2001 года N 106 V011515_  .
      7. Национальная комиссия вправе требовать от заявителя раскрытия дополнительных сведений о нем и его деятельности путем предоставления дополнительных документов, помимо перечисленных в пункте 6 настоящих Правил.
      8. Лица, подписавшие документы, которые были предоставлены Национальной комиссии в соответствии с пунктами 6 и 7 настоящих Правил, несут установленную законодательством ответственность за достоверность данных, содержащихся в этих документах.

              4. Рассмотрение документов и выдача лицензии

      9. Национальная комиссия не принимает и не рассматривает заявления на выдачу Лицензии при отсутствии всех документов, перечисленных в пункте 6 настоящих Правил.
      10. Принятые Национальной комиссией документы для получения Лицензии рассматриваются ею в течение одного месяца со дня приема. В случае представления дополнительных документов согласно пункту 7 настоящих Правил указанный срок рассмотрения возобновляется.
      11. При повторной подаче документов, в случае из доработки в соответствии с замечаниями Национальной комиссии, заявитель должен представить Национальной комиссии документы финансовой отчетности за последний истекший квартал с соответствующим аудиторским отчетом по форме КСА5/МСА13. <*>
      Сноска. Пункт 11 - с изменениями, внесенными постановлением НКЦБ РК от 20 апреля 2001 года N 106 V011515_  .
      12. При соответствии документов, представленных заявителем для получения Лицензии, требованиям действующего законодательства и настоящих Правил, ему выдается Лицензия и документы, перечисленные в подпунктах (9), (10),(14),(15),(17) пункта 6 настоящих Правил (по одному экземпляру) с отметкой Национальной комиссии. По получении лицензии лицензиат вправе осуществлять свою деятельность исключительно в соответствии с указанными документами. Изменения и дополнения, внесенные лицензиатом в указанные документы, подлежат утверждению Национальной комиссией в срок, установленный для рассмотрения заявления на выдачу Лицензии, и могут быть введены в действие только после получения письменного уведомления Национальной комиссии об их утверждении.
     13. Лицензия и прилагаемые к ней в соответствии с пунктом 12 настоящих Правил документы выдаются первому руководителю заявителя либо любому иному лицу на основании надлежащим образом оформленной доверенности заявителя.

                     5. Сбор за выдачу лицензии

     14. Размер лицензионного сбора и порядок его уплаты определяются законодательством Республики Казахстан.

             6. Отказ в выдаче лицензии и его обжалование

     15. Лицензия не выдается в случаях:
     1) несоответствие заявителя статусу инвестиционного фонда, определенного законом Республики Казахстан "Об инвестиционных фондах в Республике Казахстан" от 06 марта 1997 года;
      2) законодательного запрета на осуществление инвестиционной деятельности на рынке ценных бумаг для категорий организаций, к которым относится заявитель;
      3) несоответствия заявителя требованиям, установленным пунктом 5 настоящих Правил;
      4) если в отношении заявителя имеется решение суда, запрещающее ему занятие деятельности в качестве субъекта инвестиционной деятельности на рынке ценных бумаг;
      5) ненадлежащим образом оформлены документы, представленные для получения Лицензии, либо если заявитель не представил Национальной комиссии документы в соответствии с пунктом 7 настоящих Правил;
      6) выявления недостоверности данных, содержащихся в документах, которые были представлены для получения Лицензии;
      7) заявителем не уплачен лицензионный сбор.
      16. Письменный мотивированный отказ в выдаче Лицензии должен быть выдан заявителю в срок, установленный для рассмотрения заявления на выдачу лицензии.          
      17. В случае, если в течение срока, установленного для рассмотрения заявления на выдачу Лицензии, Лицензия заявителю не выдана либо полученный им отказ в выдаче Лицензии, представляется заявителю необоснованным, он вправе обжаловать действия Национальной комиссии в суде.

               7. Прекращение действия лицензии

     18. Действие лицензии прекращается в случаях:
     а) прекращение деятельности лицензиата;
     б) отзыва лицензии.
     19. Действие лицензии сохраняется при государственной перерегистрации лицензиата в качестве юридического лица при условии, что он продолжает соответствовать статусу инвестиционного фонда как он определен законом Республики Казахстан "Об инвестиционных фондах в Республике Казахстан" от 6 марта 1997 года.
     20. Споры, связанные с прекращением действия Лицензии, подлежат разрешению судом.         

              8. Приостановление действия лицензии и ее отзыв

     21. Действие Лицензии может быть приостановлено в следующих случаях:
     а) выявление недостоверности данных, содержащихся в документах, которые были представлены для получения Лицензии;
     б) нарушения лицензиатом законодательства, регулирующего деятельность инвестиционных фондов;
     в) несоответствия лицензиата требованиям, установленным пунктом
5 настоящих Правил.        
      22. Национальная комиссия вправе приостановить действие Лицензии на срок до шести месяцев с указанием причины приостановления.
      Национальная комиссия вправе установить предельный срок устранения причин приостановления действия Лицензии.
      23. В случае приостановления действия Лицензии лицензиат обязан устранить причины такового приостановления.
      Деятельность лицензиата в качестве субъекта инвестиционной деятельности на рынке ценных бумаг после получения письменного уведомления Национальной комиссии о приостановлении действия Лицензии является незаконной и влечет ответственность, установленную действующим законодательством.
      24. По устранении причин приостановления действия Лицензии, ее действие возобновляется на основании письменного уведомления Национальной комиссии.
      25. Лицензия может быть отозвана в следующих случаях:
      а) неустранения лицензиатом причин, по которым Национальная комиссия приостановила действие Лицензии;
      б) несоответствие лицензиата требованиям действующего законодательства;
      в) если в отношение лицензиата имеется решение суда, запрещающее ему занятие деятельностью в качестве субъекта инвестиционной деятельности на рынке ценных бумаг.
      26. В случае отзыва Лицензии лицензиат обязан в течение десяти дней с даты получения официального уведомления Национальной комиссии возвратить ей оригиналы Лицензии и документов, перечисленные в подпунктах (9),(10),(14), (15),(17) пункта 6 настоящих Правил с отметкой Национальной комиссии.
      27. При приостановлении действия Лицензии или при ее отзыве лицензиату запрещается продавать или иным способом размещать свои акции.
      28. Лицензиат вправе обжаловать решение Национальной комиссии о приостановлении действия Лицензии или ее отзыве в суде.
      Обжалование решения Национальной комиссии о приостановлении действия Лицензии или ее отзыве в суде не приостанавливает действие такового решения.

            9. Контроль за соблюдением правил лицензирования

      29. Контроль за соблюдением настоящих Правил включает:
      а) проверки соответствия лицензиата требованиям действующего законодательства, регулирующего деятельность инвестиционных фондов;
      б) проверки соответствия лицензиата требованиям, установленным пунктом 5 настоящих Правил;
      в) проверки соответствия деятельности лицензиата условиям утвержденных Национальной комиссией документов, перечисленных в подпунктах (9),(10),(14), (15),(17) пункта 6 настоящих Правил.
      30. Национальная комиссия осуществляет контроль за соблюдением настоящих Правил в соответствии с планом работ, устанавливающим периодичность проверок лицензиатов и охват лицензиатов проверками.
      31. При наличии информации о нарушении лицензиатом требований действующего законодательства, регулирующего деятельность инвестиционных фондов, возможно проведение внеплановых проверок.
      32. Результаты проверки оформляются актом.
      33. Лицензиат обязан представлять Национальной комиссии периодическую и иную отчетность в соответствии с действующим законодательством.
      34. Лицензиат обязан письменно уведомлять Национальную комиссию о любых изменениях в данных, содержащихся в документах, которые были представлены для получения Лицензии, в течение 10 дней (в отношении изменений в составе работников, перечисленных в подпункте (1) пункта 5 настоящих Правил - в течение двух дней) со дня изменения в данных.
      35. Требование, установленное настоящим пунктом, не распространяется на данные, которые содержатся в документах, перечисленных в подпунктах (9), (10),(14),(15),(17) пункта 6 настоящих Правил, в отношении которых применяются условия пункта 12 настоящих Правил.
      36. Лицензиат обязан предоставлять Национальной комиссии по ее письменному требованию любую информацию о своей деятельности в качестве субъекта инвестиционной деятельности на рынке ценных бумаг в течение десяти дней со дня получения такового требования, если только Национальной комиссией не установлен более длительный срок для предоставления затребованной информации.