Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 18 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1515. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 373 (V043400) қаулысымен (Қолданысқа ену тәртібін қаулының 2-тармағынан қараңыз).

     Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) нормативтiк құқықтық актiлерiн "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы заңының 15-бабына сәйкес келтiру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 3) тармақшасының негiзiнде Ұлттық комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

     1. Ұлттық комиссияның мынадай нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгерiстер енгiзiлсiн:
     1) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1997 жылғы 13 қазанда 389-нөмiрмен тiркелген "Қазақстан Республикасында қор биржаларының, биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының, бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттеу ұйымдарының қызметiн лицензиялау тәртiбi туралы" Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 29 қыркүйектегі N 152 қаулысына (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегі нормативтiк актiлердiң жинағы, 1998 ж., II том, 118-бет):
     Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде 1997 жылғы 13 қазанда 390-нөмiрмен тiркелген және жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында қор биржаларының қызметiн лицензиялау тәртiбi туралы ережеде (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегі нормативтiк актiлердiң жинағы, 1998 ж., II том, 122-124-беттер; "Рынок и право". "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына қосымша, 1999 ж., N 7(8), 5-бет; 2000 ж., N 2(3) 12-бет):
     7-тармақта:
     г) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
     "г) өтiнушiнiң соңғы аяқталған қаржы жылындағы және лицензия алу үшiн БҚҰК-ға құжаттар ұсыну алдындағы тоқсандағы, өтiнушiнiң бiрiншi басшысы (өтiнушiнiң алқалы атқарушы органының басшысы немесе өтiнушiнiң алқалы атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және бас бухгалтерi қол қойған және оның мөрiнiң таңбасымен расталған қаржылық есеп берушiлігін және өтiнушiнiң соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есеп берушiлiгіне аудиторлық есептi;";
     Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде 1997 жылғы 13 қазанда 391-нөмiрмен тiркелген және жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымдарының қызметiн лицензиялау тәртiбi туралы ережеде (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк актiлердiң жинағы, 1998 ж., II том, 125-127-беттер; "Рынок и право". "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына қосымша, 1999 ж., N 7(8), 5-бет; 2000 ж., N 2(3), 12-бет):
     7-тармақта:
     г) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
     "г) өтiнушiнiң соңғы аяқталған қаржы жылындағы және лицензия алу үшiн БҚҰК-ға құжаттар ұсыну алдындағы тоқсандағы, өтiнушiнiң бiрiншi басшысы (өтiнушiнiң алқалы атқарушы органының басшысы немесе өтiнушiнiң алқалы атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын тұлға) және бас бухгалтерi қол қойған және оның мөрiнiң таңбасымен расталған қаржылық есеп берушiлігін және өтiнушiнiң соңғы аяқталған қаржы жылындағы қаржылық есеп берушілігiне аудиторлық есептi;";
     2) күші жойылды ;
     3) "Бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтiң субъектiсi ретiнде инвестициялық қорлардың қызметiн лицензиялау қағидаларын, Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегі қызметтi лицензиялау қағидаларын, Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциялық нормативтердi есептеудiң және қолданудың тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 12 маусымдағы N 7 қаулысына (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегі нормативтiк актiлердiң жинағы, 1998 ж., II том, 199-бет; "Рынок и право". "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына қосымша, 2000 ж., N 2(3), 12-бет):
     Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 29 маусымда 529-нөмiрмен тiркелген және жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген Бағалы қағаздар рыногындағы инвестициялық қызметтiң субъектiсi ретiнде инвестициялық қорлардың қызметiн лицензиялау   қағидаларына (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк актiлердiң жинағы, 1998 ж., II том, 200-204-беттер; "Рынок и право". "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына қосымша, 2000 ж., N 2(3), 12-13-бет):
     6-тармақта:
     7) тармақшадағы "есеп берудi тексеру туралы КСА/МСА13 нысаны бойынша аудиторлық қорытынды (есеп)" деген сөздер "есеп берушiлiкке КСА/МСА13 нысаны бойынша аудиторлық есеп" деген сөздермен ауыстырылсын;
     16) тармақшадағы "бар екендiгi туралы аудиторлық қорытынды" деген сөздер "бар екендiгi расталатын аудиторлық есеп" деген сөздермен ауыстырылсын;
     11) тармақтағы "аудиторлық қорытындымен (есеппен)" деген сөздер "аудиторлық есеппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
     Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1998 жылғы 29 маусымда 528-нөмiрмен тiркелген және жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау қағидаларына (Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы жөнiндегi нормативтiк актiлердiң жинағы, 1998 ж., ІІ том, 142-146-беттер; "Рынок и право". "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына қосымша, 2000 ж., N 2(3), 12-бет):
     5-тармақта:
     6) тармақшадағы "есеп берудi тексеру туралы КСА/МСА13 нысаны бойынша аудиторлық қорытынды (есеп)" деген сөздер "есеп берушiлiкке КСА/МСА13 нысаны бойынша аудиторлық есеп" деген сөздермен ауыстырылсын;
     16) тармақшадағы "бар екендiгi туралы аудиторлық қорытынды" деген сөздер "бар екендiгi расталатын аудиторлық есеп" деген сөздермен ауыстырылсын;
     10) тармақтағы "аудиторлық қорытындымен (есеппен)" деген сөздер "аудиторлық есеппен" деген сөздермен ауыстырылсын.
     Ескерту: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 177 қаулысымен .

     2. Осы Қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енетiндiгi белгіленсiн.

     3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау департаментi осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.

    Ұлттық комиссияның Төрағасы

     Комиссияның мүшелері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады