Ескерту. Тақырыбындағы және мәтініндегі сөздері ауыстырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің 1999.06.18. N 176 V990842_ бұйрығымен .
Қазақстан Республикасы Энергетика,
индустрия және Сауда министрлігінің
алкогольді өнімдерін өндіруге және
олардың айналымына мемлекеттік
бақылау жасау жөніндегі комитеті
Төрағасының
1998 ж. N
бұйрығымен бекітілген
1. Жалпы ережелер
1. Этил спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) импорты көлемін орналастыруға конкурстар өткізудің тәртібі және шарттары туралы осы тәртібі (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасында этил спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) импортын лицензиялау туралы" 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031
P971031_
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес әзірленді. <*>
Ескерту. 1-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің 1999.06.18. N 176
V990842_
бұйрығымен
.
2. Ереже өтінішкерлер арасында этил спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) импорты көлемін орналастыруға конкурстар өткізудің тәртібі және шарттарын айқындайды. <*>
Ескерту. 2-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің 1999.06.18. N 176
V990842_
бұйрығымен
.
3. Конкурс жеңімпаздары өздеріне бөлінген көлем шегінде этил спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) импортына лицензиялар алуға құқығы бар. <*>
Ескерту. 3-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің 1999.06.18. N 176
V990842_
бұйрығымен
.
2. Айқындамалар
4. Осы Тәртібінде пайдаланылған ұғымдар мынаны білдіреді: <*>
1) "Конкурсты ұйымдастырушы", "Комитет" - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті; <*>
2) "Өтінішкер" - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға, немесе осы Тәртібінде белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматы - жеке тұлға, шетелдік жеке және заңды тұлғалар;
3) "Квота" - күнтізбелік жылға заттай түрдегі этил спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) импортының шекті нормасы;
4) "Конкурс" - этил спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) импорты көлемін орналастыру тәртібі;
5) "Күнтізбелік жыл" - 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда күнтізбелік кезең.
Ескерту. 4-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің 1999.06.18. N 176
V990842_
бұйрығымен
.
3. Конкурстың мән-мағынасы
5. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының сыртқы экономикалық қызметтiң Тауарлар номенклатурасының (ТМД IЭҚ ТН) кодына сәйкес Өтiнiшкерлер арасында импортталатын этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң (сырадан басқа) көлемiн конкурстық орналастыруға мыналар жатады: <*>
1) 2204 - табиғи жүзiм шарабы, күшейтiлгенiн қосқанда; жүзiм суслосы, 2009 тауар позициясындағы көрсетiлгендерден басқа;
2) 2205 - вермуттар және жүзiм, табиғи және басқа да өсiмдiктердiң немесе хош иiстi экстрактiсiн қосқан шараптар;
3) 2206 - басқа ашытудан алынатын сусындар, (алма сидры, перри (алмұрт сидры), бал сусыны); басқа жерде аталмаған, ашытылған сусындардың қоспасы және ашытылған сусындар мен алкогольсiз сусындардың қоспасы;
4) 2207 - этил спиртi;
5) 2208 - толық бабына келтiрiлмеген этил спиртi, құрамында кем дегенде 80% көлемiнде спирт концентраты бар; спирт тұнбалары, ликерлар және басқа да спирт сусындары.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің 1999.06.18. N 176
V990842_
бұйрығымен
.
4. Конкурсты өткізу шарттары
6. Күнтізбелік жылдың ішінде конкурстық орналастыруға Қазақстан Республикасы кеден аумағында этиль спирті мен алкоголь өнімін (сырадан басқа) өндірісінің жылдық көлемін 20% аспауы тиіс.
Ескерту. 6-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің 1999.06.18. N 176
V990842_
бұйрығымен.
7. Конкурстық орналастыруға жататын этил спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) импортының көлемі мына формула бойынша анықталады: <*>
(П + И + Э) х 0,2
О = -------------------- х К
3
мұнда: О - орналастырылатын импорт көлемі;
П - өткен 3 жылдағы Қазақстан Республикасы аумағындағы өндіріс көлемі;
И - өткен 3 жылдағы Қазақстан Республикасы кеден аумағына әкелінген импорт көлемі;
Э - өткен 3 жылдағы Қазақстан Республикасынан шығарылған экспорт көлемі;
К - Конкурсты ұйымдастырушы белгілейтін коэффициент.
Ескерту. 7-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің 1999.06.18. N 176
V990842_
бұйрығымен
.
8. Импорт көлемін анықтаған кезде қолданылатын коэффициент Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғау мақсаттарын негізге ала отырып конкурсты ұйымдастырушы өз бетінше белгілейді.
9. Этил спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) импортының көлемін анықтауға арналған ақпарат көзі Ұлттық статистика агенттігі жариялаған мәліметтер болып табылады: <*>
1) өндіріс көлемі - "Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі" статистикалық нысаны негізінде;
2) экспорт және импорт көлемі - жүк кеден декларациялары негізінде жасалған статистикалық нысан негізінде анықталады.
Ескерту. 9-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің 1999.06.18. N 176
V990842_
бұйрығымен
.
4. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу
10. Конкурсты ұйымдастырушы алдағы конкурсты өткізу туралы
хабарламаны конкурсты өткізу басталғанға дейін кем дегенде 15 күн бұрын ресми баспасөзде жариялайды.
11. Конкурс өткізу туралы хабарлама мыналарды қамтуы тиіс:
- конкурсты өткізу күні, уақыты және орны;
- өтінім қабылдаудың орны және мерзімі;
- конкурс өткізудің негізгі шарттары және тәртібі.
12. Өтінішкерлер конкурсқа қатысу үшін Конкурсты ұйымдастырушыға мынадай құжаттарды тапсырады: <*>
- еркін нысанда бірінші басшының қолымен және өтінішкердің мөрімен куәландырылған этил спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) импорты (квотасы) көлемін алуға өтініш;
- сыртқы сауда мәмлесіне онда тауар аты, шығарған ел, өндiрушінің аты, өндiру датасы және пайдалану мерзiмi, сақталу шарты, қолдану тәртiбi, азық құндылығынан тұратын тауарды алып жүру шарттарының ақпараты мемлекеттiк және орыс тiлiнде болуы керек қатысушылар арасында сатып алу-сату келісім шартының (шарттың) көшірмесі; <*>
- этил спиртін сақтауға және сатуға арналған лицензияның көшірмесі (этиль спирті импорты кезінде);
- алкогольді өнімді сақтауға және көтерме сатуға арналған лицензияның көшірмесі (алкоголь өнімі (сырадан басқа) импорты кезінде);
- бірінші басшымен және өтінішкердің мөрімен куәландырылған қазақ және орыс тілдеріндегі мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
- нотариалды куәландырылған жеке кәсіпкер (жеке тұлғалар үшін) ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
- конкурстық алымды төлегенін растайтын төлем құжаттарының көшірмесі.
Ескерту. 12-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің 1999.06.18. N 176
V990842_
бұйрығымен
.
13. Конкурс жүлдегерлерi конкурстық алым төлейдi. Конкурстық алымның мөлшерiн оны өткiзуге жұмсалатын нақты шығынға сүйене отырып Конкурсты ұйымдастырушы белгiлейдi. <*>
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің 1999.06.18. N 176
V990842_
бұйрығымен
.
14. Этил спирті мен алкоголь өнімінің (сырадан басқа) импорты көлемін (квотасын) конкурс бойынша орналастыру комиссиясы Комитеттің қарауымен өткізіледі, бірақ, тоқсандықта бір реттен кем емес. <*>
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік Кіріс министрлігі Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет 1999 жылғы 26 тамыз N 215
V990882_
бұйрығымен.
15. Белгіленген мерзімнен кешігіп түскен өтініштер немесе оған осы Ереженің 12-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар тіркелмесе, конкурсқа қатысуға жіберілмейді. Бұл жөнінде өтінішкерге хабарланады.
16. Конкурсты ұйымдастыру мен өткізуді этиль спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) импорты (квотасы) көлемін орналастыру жөніндегі комиссия жүзеге асырады (бұдан әрі - Комиссия). <*>
Ескерту. 16-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің 1999.06.18. N 176
V990842_
бұйрығымен
.
17. Комиссия Комиссияның төрағасынан және Комитет қызметкерлерінің ішіндегі төрт мүшесінен тұрады. Комиссияның құрамын Комиссияның Төрағасы бекітеді. Комиссияның Төрағасы лауазымы бойынша Комитет төрағасының орынбасары болып табылады. <*>
Ескерту. 17-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің 1999.06.18. N 176
V990842_
бұйрығымен
.
18. Комиссия Төрағасы болмаған жағдайда, оның міндеттерін Комитет Төрағасы тағайындайтын Комиссия мүшелерінің бірі атқарады.
19. Комиссия оның мүшелері кем дегенде үшеуі оның ішінде Комиссия Төрағасы болған жағдайда шешім қабылдауға құқылы.
20. Комиссия этил спиртi мен алкоголь өнiмiнің (сырадан басқа) импорты көлемiн (квотасын) орналастыру конкурсын өткiзгенде:
1) конкурсқа қойылған этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң (сырадан басқа) импорты көлемiн (квотасын) анықтайды;
2) конкурсты өткiзудi ұйымдастырады;
3) конкурс жеңiмпаздарын жариялайды және олардың арасында импорттың бөлінген көлемiн (квотасын) бөлудi жүзеге асырады. <*>
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің 1999.06.18. N 176
V990842_
бұйрығымен
.
Ескерту. 20-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік Кіріс министрлігі Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет 1999 жылғы 26 тамыз N 215
V990882_
бұйрығымен
.
21. Комитеттің қалауы бойынша конкурсты өткізу құжаттарды тапсыру негізінде өтінішкерлердің өкілдері қатыспай-ақ өтуі мүмкін.
22. Комиссия шешімді Комиссия мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылдайды. Дауыстар тең болған кезде Комиссия Төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
23. Этиль спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) импорты көлемін бөлу туралы Комиссияның шешімі импортқа арналған лицензияны белгілі тәртіппен ресімдеу үшін негіз болып табылады.<*>
Ескерту. 23-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің 1999.06.18. N 176
V990842_
бұйрығымен
.
24. Этиль спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) импорты көлемін конкурсқа қатысушылардың арасында бөлген кезде мыналардың артықшылығы берілді: <*>
- жоғары сапалы табиғи өнім импорттаушыларға; <*>
- Қазақстан Республикасының экономикасына немесе әлеуметтік саласына инвестициялар жүзеге асырушы өтінішкерлерге; <*>
- бюджет алдында берешегі жоқтарға; <*>
- шарап өндiру үшiн шарап материалдары импортталғанда алкоголь өнiмiн өндiрушiлерге;
- Мемлекет алдында салық және басқа қаржы жауапкершiлiгi бойынша қарызы және шығыны жоқ этил спирті мен алкоголь өнімдері (сырадан басқа) импортына байланысты шығындарды төлеуге қабiлеттi өтiнiшкерлерге. <*>
Этиль спиртінің және шарап материалдары импорты көлемін бөлген кезде жұмыс істеп жатқан өндірістік қуаттар және кәсіпорынның техникалық жай-күйі есептеледі.
Ескерту. 24-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің 1999.06.18. N 176
V990842_
бұйрығымен
.
25. Комиссия қажет болған жағдайда өтінішкерлерден қосымша материалдар сұратып алуға құқылы.
26. Комиссия мәжілісінің хаттамасына Төраға комиссия және мәжіліске қатысушы барлық Комиссия мүшелері қол қояды .<*>
Ескерту. 26-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің 1999.06.18. N 176
V990842_
бұйрығымен
.
27. Конкурс Комиссиясының шешімдері ағымдағы күнтізбелік жылдың шегінде этиль спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) импортына лицензия берудің негізі болып табылады. <*>
Ескерту. 27-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің 1999.06.18. N 176
V990842_
бұйрығымен
.
28. Конкурс жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1031 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында этиль спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) импортын лицензиялау тәртібі туралы ережеде көзделген тәртіппен этиль спирті немесе арақтың өздеріне бөлінген көлемі импортына лицензия алуға өтініш береді.<*>
Ескерту. 28-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің 1999.06.18. N 176
V990842_
бұйрығымен
.
29. Этиль спиртінің немесе алкоголь өнімінің (сырадан басқа) бөлінген көлеміне лицензия алу құқығы ағымдағы тоқсандық шегіне күшінде болады және келесі тоқсанға көшірілмейді. Бұл жағдайда лицензияны мерзімінде ресімделмеген конкурс жеңімпазы оны алу құқығынан айырылады. <*>
Ескерту. 29-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің 1999.06.18. N 176
V990842_
бұйрығымен
.
30. 31. <*>
Ескерту. 30, 31-тармақтар алып тасталды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің 1999.06.18. N 176
V990842_
бұйрығымен
.
32. Өтінішкерлер Комиссияның шешімін Комитет Төрағасына шағымдануға құқылы.
33. Өтінішкер өзіне бөлінген этиль спирті мен алкоголь өнімінің (сырадан басқа) импорт көлемін үшінші адамға беруге құқығы жоқ. <*>
Ескерту. 33-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің 1999.06.18. N 176
V990842_
бұйрығымен
.