"Этил спирті мен арақ импорты көлемін (квотасын) орналастыруға Конкурстар өткізудің тәртібі мен шарттары туралы Ережені бекіту туралы" Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі Комитет төрағасының 1998 жылғы 4 маусымдағы N 4 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті 1999 жылғы 18 маусым N 176. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 19 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 842. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен.

      Этил спиртi мен алкоголь өнiмдерi айналымына мемлекеттiк бақылауды күшейту мақсатында бұйырамын: 
      1. "Этил спиртi мен арақ импорты көлемiн (квотасын) орналастыруға Конкурстар өткiзудiң тәртiбi мен шарттары туралы Ереженi бекiту туралы" Алкоголь өнiмiн өндiру және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi Комитет төрағасының 1998 жылғы 4 маусымдағы N 4  V980531_ бұйрығына келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      тақырыбындағы: 
      "тәртiбi мен шарттары туралы Ережесi" деген сөздер "тәртiбi мен шарттары" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "арақ" сөзi "алкоголь өнiмi (сырадан басқа)" сөздерiмен ауыстырылсын; 
      мәтiнiндегi: 
      "арақ" сөзi "алкоголь өнiмi (сырадан басқа)" сөздерiмен ауыстырылсын; 
      "ұсынып отырған" деген сөздер "ұсынып отырған Тәртiбi мен шарттары" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң (сырадан басқа) импорты көлемiн (квотасын) конкурс бойынша орналастыру комиссиясы құрамына енгiзiлсiн: 
      1) Лепесбаев Айтбай Сатыбалдыұлы - нормативтiк реттеу бөлiмiнiң бастығы; 
      2) Мұқашев Асқар Амантайұлы - этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң импортын бақылау және лицензиялау бөлiмiнiң бастығы. 
      3. Аталған бұйрықпен бекiтiлген этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң импорты көлемiн (квотасын) орналастыру конкурсын өткiзу тәртiбi мен шарттары туралы Ережеге: 
      тақырыбындағы: 
      "тәртiбi мен шарттарының Ережесі" деген сөздер "тәртiбi мен шарттары" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "арақ" сөзi "алкоголь өнiмi (сырадан басқа)" сөздерiмен ауыстырылсын; 
      мәтiнiндегi: 
      "Осы тәртiбi мен шарттарының Ережесi", "осы Ережемен", "бұл Ережемен", "осы Ереже" деген сөздер "Осы тәртiбi мен шарттары", "осы Тәртiбiнде", "бұл Тәртiбiмен", "осы тәртiбi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      4 тармақтың бiрiншi тармақшасына: 
      "энергетика, индустрия және сауда" сөздерi "мемлекеттiк кiрiс" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      5 тармақ келесi редакцияда жазылсын: 
      "5. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының сыртқы экономикалық қызметтiң Тауарлар номенклатурасының (ТМД IЭҚ ТН) кодына сәйкес Өтiнiшкерлер арасында импортталатын этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң (сырадан басқа) көлемiн конкурстық орналастыруға мыналар жатады: 
      1) 2204 - табиғи жүзiм шарабы, күшейтiлгенiн қосқанда; жүзiм суслосы, 2009 тауар позициясындағы көрсетiлгендерден басқа; 
      2) 2205 - вермуттар және жүзiм, табиғи және басқа да өсiмдiктердiң немесе хош иiстi экстрактiсiн қосқан шараптар; 
      3) 2206 - басқа ашытудан алынатын сусындар, (алма сидры, перри (алмұрт сидры), бал сусыны); басқа жерде аталмаған, ашытылған сусындардың қоспасы және ашытылған сусындар мен алкогольсiз сусындардың қоспасы; 
      4) 2207 - этил спиртi; 
      5) 2208 - толық бабына келтiрiлмеген этил спиртi, құрамында кем дегенде 80% көлемiнде спирт концентраты бар; спирт тұнбалары, ликерлар және басқа да спирт сусындары.";
      6 тармақтағы "сату" сөзi "өндiрiсi" сөзiмен ауыстырылсын;
      12 тармаққа:
      үшiншi азат жолдағы "мәмлесiне" деген сөзден кейiн "онда тауар аты, шығарған ел, өндiрушінің аты, өндiру датасы және пайдалану мерзiмi, сақталу шарты, қолдану тәртiбi, азық құндылығынан тұратын тауарды алып жүру шарттарының ақпараты мемлекеттiк және орыс тiлiнде болуы керек" деген сөздермен толықтырылсын;";
      тоғызыншы азатжол алынып тасталсын;
      13 тармақ келесi редакцияда мазмұндалсын: "Конкурс жүлдегерлерi конкурстық алым төлейдi. Конкурстық алымның мөлшерiн оны өткiзуге жұмсалатын нақты шығынға сүйене отырып Конкурсты ұйымдастырушы белгiлейдi."; 
      17 тармаққа:
      "комиссия лауазымы" сөздерi "комиссия" сөздерiмен ауыстырылсын;
      19 тармақтағы "үштен екi" деген сөздер "үшеуi" сөзiмен ауыстырылсын;
      20 тармақ келесi редакцияда жазылсын:
      "20. Комиссия этил спиртi мен алкоголь өнiмiнің (сырадан басқа) импорты көлемiн (квотасын) орналастыру конкурсын өткiзгенде:
      1) конкурсқа қойылған этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң (сырадан басқа) импорты көлемiн (квотасын) анықтайды;
      2) конкурсты өткiзудi ұйымдастырады;
      3) конкурс жеңiмпаздарын жариялайды және олардың арасында импорттың тоқсандық көлемiн (квотасын) бөлудi жүзеге асырады.";
      24 тармаққа:
      бiрiншi азат жолдағы "бар" сөзi "берiлдi" сөзiмен
ауыстырылсын;
     "импорттаушылар" сөзi "импорттаушыларға" сөзiмен ауыстырылсын;
     "жоғары сапалы" деген сөзден кейiн "табиғи" деген сөзбен толықтырылсын;
     "этил спиртiнiң "люкс" немесе "экстра" сортын импорттаған жағдайда" сөздерi алып тасталсын;
     үшiншi азат жолдағы "өтiнiшкерлер" деген сөз "өтiнiшкерлерге" сөзiмен ауыстырылсын;
     төртiншi азат жолдағы "берешегi жоқтар" сөзiн "берешегi жоқтарға" сөзiмен ауыстырылсын;
     келесi азатжолмен толықтырылсын:
     "шарап өндiру үшiн шарап материалдары импортталғанда алкоголь өнiмiн өндiрушiлерге;
     Мемлекет алдында салық және басқа қаржы жауапкершiлiгi бойынша қарызы және шығыны жоқ этил спирті мен алкоголь өнімдері (сырадан басқа) импортына байланысты шығындарды төлеуге қабiлеттi өтiнiшкерлерге."
     Бесiншi азатжолдағы "этил спиртi" деген сөздерi "және шарап материалдары" деген сөздермен толықтырылсын;
     26 тармаққа:
     "төраға" сөзi "комиссия" сөзiмен толықтырылсын;
     "және Комитет Төрағасы бекiтедi" деген сөздер алып тасталсын.
     27 тармақтағы "Хаттамасы" сөзi "Шешiмдерi" сөзiмен ауыстырылсын;
     29 тармаққа: 
     "күнтiзбелiк жыл" сөздерi "тоқсандық" сөздерiмен ауыстырылсын;
     "жыл" сөзi "тоқсан" сөзiмен ауыстырылсын;
     30, 31 тармақтар алып тасталсын.
     4. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап қолданысқа енедi.      

     Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады