"Этил спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) импорты көлемін (квотасын) орналастыруға конкурстар өткізудің тәртібі мен шарттарын бекіту туралы" Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі Комитет төрағасының 1998 жылғы 4 маусымдағы N 4 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс министрлігі Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитет 1999 жылғы 26 тамыз N 215. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен.

      Этил спирті мен алкоголь өнімдері айналымына мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында, этил спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) импорты көлемін (квотасын) орналастыруға конкурстар өткізуді ұйымдастыру және ары қарай тәртібін жетілдіру мен этил спирті мен алкоголь өнімі импортшыларының ынтасын қорғау мақсатында бұйырамын: 
      1. "Этил спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) импорты көлемін (квотасын) орналастыруға конкурстар өткізудің тәртібі мен шарттарын бекіту туралы" Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі Комитет төрағасының 1998 жылғы 4 маусымдағы N 4  V980531_ бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін: 
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, этил спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) импорты көлемін (квотасын) орналастыруға конкурстар өткізудің тәртібі мен шарттарына:
      1) 14 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "Этил спирті мен алкоголь өнімінің (сырадан басқа) импорты көлемін (квотасын) конкурс бойынша орналастыру комиссиясы Комитеттің қарауымен өткізіледі, бірақ, тоқсандықта бір реттен кем емес.";
      2) 20 тармақтың 3 тармақшасындағы "тоқсандық" сөзі "бөлінген" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енеді.     

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады