Зейнетақы жиналымдары бойынша инвестициялық табыстан ЗАБК-ға және ЗЖҚ-на комиссиялық сыйақылар төлеу үшін инвестициялық табыс сомаларын есептеудің тәртібі туралы

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 10 сәуір N 4 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 21 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 541. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 116 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  48-бабы 1-тармағын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы қаулы етеді:
      1. Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияларға және
зейнетақы жинақтау қорларына комиссиялық сыйақылар төлеу үшін инвестициялық табыс сомаларын есептеу тәртібі бекітілсін (қоса берілді).
      2. Осы Тәртіп оның Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.
      3. Осы Тәртіптің орындалысына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасына жүктелсін.

      Төраға

     Қазақстан Республикасы Еңбек және    Қазақстан Республикасының
     тұрғындарды әлеуметтік қорғау        Бағалы қағаздар жөніндегі
     министрлігінің Ұлттық зейнетақы      ұлттық комиссиясының
     агенттігімен                         1998 жылғы 10 сәуірдегі
     1998 жылғы 7 сәуірде                 N 4 қаулысымен бекітілді
     келісілді    

Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияларға
және зейнетақы жинақтау қорларына комиссиялық сыйақылар
төлеу үшін инвестициялық кіріс сомаларын есептеудің
ТӘРТІБІ

      1. Басқаруға қабылданған зейнетақы активтері бойынша кірістер мен шығыстарды салыстыру (айырмалар) жолымен есептеу әдісі бойынша айқындалатын таза табыстың сомасы белгілі бір кезеңдегі зейнетақы жиналымдары бойынша инвестициялық кіріс болып танылады.
      2. Басқаруға қабылданған зейнетақы активтері бойынша кірістерге мыналар кіреді:
      - бағалы қағаздарды сатудан түскен кірістер;
      - акциялар бойынша дивидендтер түріндегі кірістер;
      - сыйақылар (қызығушылық) түріндегі кірістер;
      - белгіленген табысы бар бағалы қағаздарды олардың бастапқы құнынан төмен баға бойынша сатып алудан түскен кірістер;
      - валюталық бағамның өзгеруі нәтижесінде туындайтын оң бағамдық айырма;
      - бағалы қағаздардың ағымдағы құнының өзгеруінен түскен кірістер.
      3. Басқаруға қабылданған зейнетақы активтері бойынша шығыстарға мыналар кіреді:
      - бағалы қағаздарды сатудан келген шығыстар;
      - белгіленген табысы бар бағалы қағаздардың сатып алу құнының бастапқы құнынан асып кетуінен келген залалдар;
      - валюталық бағамның өзгеруі нәтижесінде туындайтын кері бағамдық айырма;
      - бағалы қағаздардың ағымдағы құнының өзгеруінен келтірілген залалдар.
      4. Комиссиялық сыйақылар осы Тәртіптің 1-тармағына сәйкес есептелген инвестициялық кірістің сомасынан ұсталып қалады.

О порядке исчисления суммы инвестиционного дохода для расчета комиссионных вознаграждений КУПА и НПФ от инвестиционного дохода по пенсионным накоплениям

Постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 10 апреля 1998 года N 4. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21.07.1998 г. за N 541. Утратило силу - постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 16 апреля 2003 года N 116

      Извлечение из постановлением Правления Национального
     Банка Республики Казахстан от 16 апреля 2003 года N 116
     
      В соответствии с требованиями Закона Республики Казахстан от 26 декабря 1995 года "Об бухгалтерском учете и финансовой отчетности" и в связи с переходом накопительных пенсионных фондов и организаций, осуществляющих инвестиционное управление пенсионными активами на международные стандарты бухгалтерского учета Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:
      1. Признать утратившими силу:
      1) постановление Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 10 апреля 1998 года N 4 "О порядке исчисления суммы инвестиционного дохода для расчета комиссионных вознаграждений КУПА и НПФ от инвестиционного дохода по пенсионным накоплениям"...
 
      Председатель
  Национального Банка"
------------------------------------------------------------------
 
     Национальная комиссия Республики Казахстан по ценным бумагам во исполнение пункта 1 статьи 48 закона Республики Казахстан Z970136_  "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан" и по согласованию с Национальным пенсионным агентством Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить Порядок исчисления суммы инвестиционного дохода для расчета комиссионных вознаграждений компаний по управлению пенсионными активами и накопительных пенсионных фондов (прилагается).
      2. Настоящий Порядок вступает в силу с момента его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением данного Порядка компаниями по управлению пенсионными активами возложить на управление лицензирования и надзора центрального аппарата Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам.             

     Председатель

                              Порядок
               исчисления суммы инвестиционного дохода
               для расчета комиссионных вознаграждений    
             компаний по управлению пенсионными активами
                 и накопительных пенсионных фондов

     1. Инвестиционным доходом по пенсионным активам за определенный период признается сумма чистого дохода, определяемая по методу начисления путем сопоставления (разницы) доходов и расходов по принятым в управление пенсионным активам.
     2. Доходы по принятым в управление пенсионным активам включают:
     - доходы от реализации ценных бумаг;
     - доходы в виде дивидендов по акциям;
     - доходы в виде вознаграждения (интереса);
     - доходы от приобретения ценных бумаг с фиксированным доходом по цене, ниже их номинальной стоимости;
     - положительную курсовую разницу, возникающую в результате изменения валютного курса;          
     - доходы от изменения текущей стоимости ценных бумаг.
     3. Расходы по принятым в управление пенсионным активам включают:
     - расходы от реализации ценных бумаг;
     - убыток от превышения покупной стоимости ценных бумаг с фиксированным доходом над номинальной;
     - отрицательную курсовую разницу, возникшую в результате изменения валютного курса;        
     - убыток от изменения текущей стоимости ценных бумаг.
     4. Комиссионное вознаграждение удерживается от суммы инвестиционного дохода, исчисленного в соответствии с пунктом 1 настоящего Порядка.