"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
48-бабы 1-тармағын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы қаулы етеді:
1. Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияларға және
зейнетақы жинақтау қорларына комиссиялық сыйақылар төлеу үшін инвестициялық табыс сомаларын есептеу тәртібі бекітілсін (қоса берілді).
2. Осы Тәртіп оның Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.
3. Осы Тәртіптің орындалысына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасына жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасы Еңбек және Қазақстан Республикасының
тұрғындарды әлеуметтік қорғау Бағалы қағаздар жөніндегі
министрлігінің Ұлттық зейнетақы ұлттық комиссиясының
агенттігімен 1998 жылғы 10 сәуірдегі
1998 жылғы 7 сәуірде N 4 қаулысымен бекітілді
келісілді
Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компанияларға
және зейнетақы жинақтау қорларына комиссиялық сыйақылар
төлеу үшін инвестициялық кіріс сомаларын есептеудің
ТӘРТІБІ
1. Басқаруға қабылданған зейнетақы активтері бойынша кірістер мен шығыстарды салыстыру (айырмалар) жолымен есептеу әдісі бойынша айқындалатын таза табыстың сомасы белгілі бір кезеңдегі зейнетақы жиналымдары бойынша инвестициялық кіріс болып танылады.
2. Басқаруға қабылданған зейнетақы активтері бойынша кірістерге мыналар кіреді:
- бағалы қағаздарды сатудан түскен кірістер;
- акциялар бойынша дивидендтер түріндегі кірістер;
- сыйақылар (қызығушылық) түріндегі кірістер;
- белгіленген табысы бар бағалы қағаздарды олардың бастапқы құнынан төмен баға бойынша сатып алудан түскен кірістер;
- валюталық бағамның өзгеруі нәтижесінде туындайтын оң бағамдық айырма;
- бағалы қағаздардың ағымдағы құнының өзгеруінен түскен кірістер.
3. Басқаруға қабылданған зейнетақы активтері бойынша шығыстарға мыналар кіреді:
- бағалы қағаздарды сатудан келген шығыстар;
- белгіленген табысы бар бағалы қағаздардың сатып алу құнының бастапқы құнынан асып кетуінен келген залалдар;
- валюталық бағамның өзгеруі нәтижесінде туындайтын кері бағамдық айырма;
- бағалы қағаздардың ағымдағы құнының өзгеруінен келтірілген залалдар.
4. Комиссиялық сыйақылар осы Тәртіптің 1-тармағына сәйкес есептелген инвестициялық кірістің сомасынан ұсталып қалады.