Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 шілдедегі N 697
қаулысына
сәйкес, отандық мұнай өнімдері нарығында тең бәсекелестік жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 15 шілдедегі N 324 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасына әкелінетін және өндірілетін бензиннен және дизель отынынан алынатын алымды Жол қорына есептеудің және төлеудің тәртібі мен шарты туралы" Нұсқаулық:
Мынадай мазмұндағы он тоғызыншы азатжолмен толықтырылсын:
"Алыс-беріс шикізатынан өндірілген бензинді және дизель отынын алғашқы сату кезінде бензиннен және дизель отынынан алынатын алымның сомасы шот фактурасында жеке жолмен көрсетіледі және ҚҚС есептелген кезде есепке алынбайды."
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.
Министр