Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсiбiндегi қаржы-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 24 шiлдедегi N 697

      Қазақстан Республикасының экономикасындағы қаржы-экономикалық жағдайды тұрақтандыру, кәсiпорындардың жаппай төлем қабiлетсiздiгiне жол бермеу, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң iшкi рыногын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы, "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компаниясы, мұнай өндiру және қайта өңдеу жөнiндегi кәсiпорындар (келiсiм бойынша) өнiмдердiң, қайта өңдеуге арналған қызмет көрсетулердiң өзiндiк құнын, мұнайды тасымалдауға арналған тарифтердi төмендету жөнiнде шаралар әзiрлесiн және оларды жүзеге асырсын.
      2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бiрлесiп, мұнай-газ кешенi кәсiпорындарының қатысуымен бiр айлық мерзiм iшiнде мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң iшкi рыногында бағаның қалыптастырылуына талдау жүргiзсiн, оларды өндiруге арналған шығыстарды төмендету және отандық мұнай өнiмдерiнiң iшкi рыноктағы бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын.
      3. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы (келiсiм бойынша) 1998 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн мерзiмде делдалдық құрылымдарды жою және кәсiпорындардың бөлiнген қаражаттарын сөзсiз қайтару мақсатында еншiлес және аффилирлендiрiлген кәсiпорындарды басқаруды оңтайландыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1998 жылдың 15 тамызына дейiн мерзiмде сала кәсiпорындарының мемлекеттiң алдындағы директивалық берулердiң салдарынан өткен жылдары пайда болған кредиторлық берешектерiне талдау жүргiзсiн, оларды қайта құрылымдау және есептен шығару жөнiнде ұсыныс енгiзсiн:
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шiлдедегi N 255-1 Заңында Z980255_ көзделген (70-бап, 5-тармақ) қосылған құнға салықты есептеудiң тәртiбi туралы нұсқаулықты әзiрлеудi жеделдетсiн;
      сала кәсiпорындарының жалақы бойынша берешектерiн жою мақсатында ақшаның 60 процентiн жалақыға, ал қалған 40 процентiн - мiндеттi төлемдерге бағыттауды көздейтiн аталған кәсiпорындардың банктiк шоттарына түсетiн қаражатты пайдаланудың тәртiбiн белгiлесiн. Аталған тәртiп осы тармақтың бiрiншi азатжолында белгiленген шаралар iске асырылғанға дейiн қолданылады деп белгiленсiн;
      ҚҚС "алатын елі" принципі бойынша алынатын, ТМД-ға қатысушы мемлекеттерден тысқары жерлерге, сонымен қатар ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге экспортқа мұнай тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетулер - халықаралық тасымалдауға байланысты 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін нөлдік ставка бойынша ҚҚС салынған және Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС-тан босатылған қызмет көрсетулер болып табылады деп белгіленсін, бұл ретте мыналардың болуы тиіс:
      мұнай тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын ұйымдарда - мұнай тасымалдауға келісім шарт, мұнай тасымалдауға келісім шарттар бойынша есеп айырысулар жүргізілгенін растайтын есеп-фактуралар және/немесе төлем құжаттары;
      мұнай экспорттайтын мұнай-газ өндіретін ұйымдарда:
      труба құбырлары көлігімен қызмет көрсетілген сәттен бастап 30 күн мерзім ішінде - Қазақстан Республикасының толық кеден жүгі декларациясы және Қазақстан Республикасының шекарасындағы қабылдап алу-өткізу пунктінде мұнайды қабылдау-өткізу актісі;
       Қазақстан Республикасының теңіз портында мұнайды танкерге құю жөніндегі қызмет көрсетілген сәттен бастап 60 күн мерзім ішінде - Қазақстан Республикасының толық кеден жүгі декларациясы мен коносаменті;
      мұнайды темір жол цистерналарына құю жөнінде қызмет көрсетілген сәттен бастап 60 күн мерзім ішінде - Қазақстан Республикасының толық кеден жүгі декларациясы мен темір жол құжаттары. <*>
      15 тамызға дейiн мерзiмде мұнай өнiмдерiне акциздер есептеу кезiнде мұнайға акциздi есепке алуды көздейтiн Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.

     ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың 5 абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нің 1998.11.17.
              N 1173 қаулысымен.  

P981173_

 
     5. Қаржы министрлiгiнiң Кеден комитетi "Қазақойл" ұлттық
мұнай-газ компаниясының қатысуымен мұнай өнiмдерiнiң импортына
бақылау жасауды күшейту, оларды контрабандалық жолмен әкетуге жол
бермеу жөнiнде түпкiлiктi шаралар қабылдасын, он күн сайын Қазақстан
Республикасының Үкiметiне жағдайдың жай-күйi туралы баяндап отырсын.
     6.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 6-тармақ күшін жойды - ҚРҮ-нің 1998.12.31. N 1381 қаулысымен.
               

P981381_

 
     7.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 7-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.28. N 137
              қаулысымен.  

P000137_

  

     8. Осы қаулының орындалуын үйлестiру және оған бақылау жасау
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары
О.Жандосовқа жүктелсiн.


     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады