Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 15.07.98 ж. N 324 (V980542) бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бұйрық 7 қазан 1998 ж. N 464. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 15 қазан N 619 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2000 жылғы 25 тамыздағы N 195 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 шілдедегі N 697 қаулысына  сәйкес, отандық мұнай өнімдері нарығында тең бәсекелестік жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 15 шілдедегі N 324 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      Аталған бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасына әкелінетін және өндірілетін бензиннен және дизель отынынан алынатын алымды Жол қорына есептеудің және төлеудің тәртібі мен шарты туралы" Нұсқаулық:
      Мынадай мазмұндағы он тоғызыншы азатжолмен толықтырылсын:
      "Алыс-беріс шикізатынан өндірілген бензинді және дизель отынын алғашқы сату кезінде бензиннен және дизель отынынан алынатын алымның сомасы шот фактурасында жеке жолмен көрсетіледі және ҚҚС есептелген кезде есепке алынбайды."
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.    

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады